Каир орталығында көлік жарылып, 19 адам көз жұмды

5 Тамыз 2019, 17:59
1978
Бөлісу:
Каир орталығында көлік жарылып, 19 адам көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ. Каир орталығында ірі автокөлік апатынан 19 адам қаза тауып, тағы 30-ы жарақат алды. Бұл жөнінде дүйсенбі күні Египет Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазды reuters.

Ресми мәлімдемеде жарылыстың қасақана жасалғаны туралы ақпарат жоқ.

«Ніл өзенінің жағалауындағы тас жолда көлік қарсы бетке шығып кетіп, үш автокөлікпен соқтығысқан», - делінген Ішкі істер министрлігі таратқан мәлімдемеде. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соғылған көліктер жарылған, нәтижесінде сол маңайда орналасқан Ұлттық онкология институтындағы адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмысы жүргізілген.

Египет прокуроры аталған іс бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Бұған дейін Өзбекстанда трассада болған жол апатынан 3 Қазақстан азаматы, оның ішінде екі бала қаза болғанын хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы