Жамбыл облысының оқушылары 21 түрлі үйірмеге тегін қатысады 

5 Тамыз 2019, 22:51
1616
Бөлісу:
Жамбыл облысының оқушылары 21 түрлі үйірмеге тегін қатысады  

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс оқушылары білім басқармасының мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықта шығармашылық қабілетін дамытып, 21 түрлі үйірмелерге тегін қатыса алады, деп хабарлады "ZhambylNews".

Жасөспірімдер орталығында оқушылар қобыз, жетіген, домбыра сынды аспаптарда ойнауға, эстрадалық вокалмен айналысуға дағдыланады.

"Сондай-ақ, орталықта жас тілшілерге арналған үйірме де бар. Онда 5-9 сынып оқушылары сауатты жазуға, оқуға дағдыланып, ойды көркем жеткізуге үйренеді. «Нұр Отан» партиясының «Балаларға арналған ақысыз ІТ-сынып ашу» бастамашыл жобасы аясында орталықта ІТ сынып ашылды. Сыныпта 10 оқушы бағдарламалау мен робототехниканың қыр-сырын үйренеді", - делінген таратылған ақпаратта.

Сонымен қатар жасөспірімдер орталығында таэквондо, каратэ, театр студиясы сынды үйірмелерде оқушылар бос уақыттарын пайдалы өткізіп, болашақ мамандықтарын бүгіннен игере алады.

Бүгінде орталықтың үйірмелеріне қатысушы 1000-нан аса бала халықаралық, республикалық және облыстық байқаулардан жүлделі орындарды иеленген.

Өзгелердің жаңалығы