Премьер-лига: «Тобыл» қайтадан топ басына көтерілді

5 Тамыз 2019, 12:05
1807
Бөлісу:
Премьер-лига: «Тобыл» қайтадан топ басына көтерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 21-туры аяқталды. Көшбасындағы «Астана» ұпай жоғалтып, бірінші орынға «Тобыл» көтерілді.

Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне қатысқан үш команданың арасында тек «Қайрат» жеңіске жетті. Алексей Шпилевский шәкірттері Павлодарда «Ертісті» ұтты. Тіпті, ойынның 25-минутында Небойча Косович алаңннан қуылғанына қарамастан Алматыдан келген команда үш ұпай еншіледі. Сөйтіп, турнир кестесінде «Астананы» қуып жетті.

Ал «Астана» мен «Ордабасы» сырт алаңда «Шахтер» мен «Тараздан» жеңілді. Қарағандының «Шахтері» биылғы маусымда осымен екінші рет бес дүркін чемпионнан басым түсіп отыр.

Қызылорданың «Қайсары» жөндеуден өткен жаңа стадионда жеңіске жете алмай жүр. Бұл жолы өз алаңында «Оқжетпеске» есе жіберді. Матчтағы жалғыз голды бір кездері осы команда сапында ойнаған Жасұлан Молдақараев соқты.

Сол секілді «Ақтөбеде» Талдықорғаннан келген «Жетісуға», «Атырау» Қостанайдан келген «Тобыл» үш ұпай сыйлады. Нұрбол Жұмасқалиевтің командасы турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. 

«Ақтөбе» - «Жетісу»  - 1:2 

Голдар: Степанюк, 10 (0:1). Тошев, 53 (0:2). Айымбетов, 90+3 (1:2)

«Қайсар» - «Оқжетпес» -  0:1 

Гол: Молдақараев, 40 (0:1)

«Ертіс» - «Қайрат» - 0:2 

Голдар: Астанов, 20 (0:1). Әбікен, 68 (0:2)

Алаңнан қуылды: Косович, 25

«Тараз» - «Ордабасы» - 1:0 

Гол: Ньюадзи, 7 (1:0).

Алаңнан қуылды: Диакате, 42

«Шахтер» - «Астана» - 1:0 

Гол: Пешич, 39 (1:0)

«Атырау» — «Тобол» 0:1 (0:1)

Гол: Себаи 38 (0:1)

Өзгелердің жаңалығы