ҚР ҰПК қызметкерлері Азия Паралимпиада комитетіне алғаш рет мүше болды

5 Тамыз 2019, 17:15
1675
Бөлісу:
ҚР ҰПК қызметкерлері Азия Паралимпиада комитетіне алғаш рет мүше болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық Паралимпиада комитетінің мүшелері - Меруерт Тлебалды, Айжан Кайсина, Надежда Хамитова және Нұрсұлтан Еникеев Азия Паралимпиада комитетінің тұрақты мүшесі болып қабылданды.

"Меруерт Тлебалды Ойындарды және спортты дамыту комитетіне, Айжан Кайсина Заң мәселелері және этика комитеті, Надежда Хамитова "Спорттағы әйелдер" комитеті, Нұрсұлтан Еникеев Медицина және спорт ғылымы комитетіне мүше болып отыр", - делінген ҰПК баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Комитеттер Азия Паралимпиада комитеті ойындарын ұйымдастыруда қадағалау және қолдау қызметіне жауап береді.

"Біздің кандидаттарымызды тұрақты мүше ретінде  таңдау ҚР ҰПК мамандарының кәсібилігіне  берген үлкен бағасы екенін  және олар Азия аймағында Паралимпиада қозғалысы мен пара спорттың дамуына үлес қоса алатынын білдіреді", - деп жазылған ҰПК хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы