Қазақстандық десантшылар Псков қаласындағы 6-рота ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

5 Тамыз 2019, 10:21
3383
Бөлісу:
Қазақстандық десантшылар Псков қаласындағы 6-рота ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық армиялық ойындарға қатысып жатқан қазақстандық «Десанттық взвод» командасы 6-парашюттік-десантшылар ротасының құрамында мерт болған 84 жауынгердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

E98A5098.JPG

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Қазақстан Республикасында Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің күні 6 шілде күні аталатынына қарамастан, әрбір десантшы өзінің төл мерекесі деп 2 тамызды санайды. Осы күндірі, Ресейдің Псков өңірінде жүрген қазақстандық десантшылар да осы мерекеде бей-жай қалмай Череха елдімекенінде орналасқан, 76-гвардиялық әуе-десанттық дивизиясы 6-ротасының құрамында ерлікпен қаза тапқан 84 жауынгердің құрметіне қойылған «Купол» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

E98A5143.JPG

«Аталмыш 6-ротаның жеке құрамы екінші шешен науқаны барысында, 2000 жылдың 29 ақпан күні, Аргун шатқалының 776 биіктігінде сепаратистер күшімен қоршауға алынған болатын. Қарсыластың басым күшіне қарамастан, десантшылар өз позициясын тастамады. Нәтижесінде барлығы дерлік ерлікпен қаза тапты. Рота құрамында Ресей жерінде туған этникалық қазақтар қатардағы жауынгерлер Қуатбаев Ғалым Мұхамбетғалиұлы, Кенжиев Амангелді Амантайұлы мен Амбетов Николай Камитович, сонымен қоса Қазақ КСР-да туылған кіші сержант Елисеев Владимир Сергеевич, ефрейтор Гердт Александр Александрович болды», - делінген хабарламада.

E98A5124.JPG

Қазақстандық десантшылар осы жарыстың барысында Псков облысының Новосокольний ауданы, Монаково ауылында жерленген Кеңес Одағының батыры Алия Молдағұлованың жерленген жеріне баруды жоспарлаған.

Өзгелердің жаңалығы