Нұр-Сұлтандағы Highvill-ден ер адам секіріп кетіп, қаза тапты

5 Тамыз 2019, 16:36
2772
Бөлісу:
Нұр-Сұлтандағы Highvill-ден ер адам секіріп кетіп, қаза тапты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ер адам Highvill тұрғын үй кешенінің 33-қабатынан құлап кетіп, қаза болды, деп хабарлады BNews.kz 

Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

«Қошқарбаев көшесінің бойындағы үйдің ауласынан мәйіттің табылуына байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде. Істің мән-жайы анықталып жатыр», - деді полиция департаментіндегілер.

Марқұммен бір қабатта тұратын қыз аталған іс бойынша куәгер болды. Ол қайғылы оқиға болған пәтерге кірген кезде не көргенін айтты. 

«Маған полицейлер келіп, куәгер болуымды сұрады. Олар менің көзімше оның пәтерін ашып көріп, суретке түсірді. Мен қол қойдым да, шығып кеттім. Не болғаны және не себепті болғаны белгісіз. Менің ойымша, ол бұл пәтерді жалдап тұрды. Оның барлық заты: ұялы телефоны, әмияны орнында. Теледидар қосылулы болды. Пәтерге кірген кезде орындық терезеге тіреліп тұрды. Жаңа ғана шеккен шылымы да жатты. Бұл G блок. Ол үйінде өзі жалғыз болған сияқты», - деді марқұм болған жігіттің көршісі. 

940c676d_b952_46fd_ab28_7a42478a6756_mfhwemKqRJV.jpg

Айта, кетейік, елорданың Highvill элиталық үйлерінің бірінде қайғылы оқиға болды. Редакцияға қайғылы оқиға туралы хабарлаған үй тұрғынының Instagram-stories-іне салған суреттерінің скриншоттары келіп түсті. Скриншотта «Бір қорап темекіні тартты, орындықты қойды, секіріп кетті, 34 жаста», - деп жазды ол өзінің әлеуметтік парақшасында.  

009244da_0932_4d8f_846f_43cde397de32_6N1nn0gc8Xj4.jpg

Бұған дейін Павлодарда 4 жасар бала көпқабатты үйден құлап, қаза болғанын хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы