Алакөлдің ортасында қалып қойған адамдар құтқарылды

5 Тамыз 2019, 13:38
2012
Бөлісу:
Алакөлдің ортасында қалып қойған адамдар құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моторлы қайықпен серуенге шыққандардың ішінде балалар да болған екен, деп хабарлайды Алтайньюс.

Алакөлде дауыл тұрып, қайықпен серуендеп жүрген он шақты адам көлдің ортасында қалып қойды. Құтқарушыларға сағат 21.00 кезінде қоңырау келіп түскен.

"Адамдар таңғы сағат 5-ке таман жағалаудан 18 шақырым жерде орналасқан Аралтөбе аралынан табылды. Барлығы аман-есен. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж емес", - деді ШҚО ТЖД жедел құтқару жасағының басшысы Нұржан Бажақов.


Өзгелердің жаңалығы