Алматыда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары іске асуда

5 Тамыз 2019, 20:38
1747
Бөлісу:
Алматыда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары іске асуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда «Vision Zero Almaty» концепциясы аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары іске асуда, деп хабарланды қала әкімдігінің ресми сайтында.

"Қала әкімінің тапсырмасы бойынша мегаполисте жыл аяғына дейін "Сергек" фото-видеобақылауының тағы 707 нүктесі қосымша орнатылады. Олардың 400 қиылыстарға, ал 307 жол жиегіндегі желі учаскелеріне. Бұл жүйе жылдамдықтың артуын, қызыл жарықтан өтіп кетуді, тұру-тоқтау желісін ескермеуді және автобус жолағымен жүруді бірден суретке түсіреді. Бұдан өзге, жаңа технологияны пайдалану қылмыстың ізін суытпай, "жедел ашуға" ықпал етеді", - деп хабарлады қала әкімдігінде.

ПД өкілдерінің пікірінше, мұндай посттардың көп болуы көлік жүргізушілерді тәртіпке шақырады. Айыппұл төлеу кезінде адам факторы жойылады. Тәртіп бұзушылық автоматты түрде бірден мәліметтер базасына түседі және көлік иесіне жіберіледі.

Бұл жүйе ағымдағы жылдың наурыз айына дейін 8 ай бойына "тестілік" режимде жұмыс жасаған. Осы кезең ішінде қаланың барынша қауіпті аймақтары анықталды, енді "Сергек" сол жерлерге орнатылады.

"Айта кетерлігі, Нұр-Сұлтанда "Сергекті" қолдану оның тиімді екенін көрсетті. Астаналық автожүргізушілер мен қала қонақтарының жүргізушілік мәдениетінің арқасында 2017 жылмен салыстырғанда жолдағы өлім екі есе төмендеді. Мұнда 2017 жылмен салыстырғанда жолдардағы өлім екі есеге төмендеген. Астана жолдарында егер 2017 жылы ЖКО 60 адам көз жұмса, 2018 жылы 34 адам қайтыс болған", - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы