Елімізде 236 адам суға батып кеткен

5 Тамыз 2019, 18:07
1704
Бөлісу:
Елімізде 236 адам суға батып кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Суға шомылу маусымы басталғаннан бері еліміздің су қоймаларында 236 адам суға батып кеткен. Олардың 81-і – балалар.

Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, тек өткен аптада 24 адам суға батып кеткен, олардың алтауы – балалар. Мамандардың айтуынша, адамдардың қаза болуының негізгі себептері – рұқсат етілмеген орындарда суға түсу, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру және мас күйінде шомылу.

«Бұндай оқыс оқиғалар адамның өз кінәсінен, өз-өзіне деген артық сенімінен, өз күші мен мүмкіндіктерін дұрыс бағаламауынан, судағы қарапайым ережелерді ұстанбауынан болады», - деді ведомствоның ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Сол себептен құтқарушылар азаматтарды су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін сақтауға, алкоголь немесе есірткіден масайған күйде суда шомылмауға шақырды. Бұған қоса, мамандар қайық, катер, айлақ пен басқа да арнайы жабдықталмаған құрылғылардан суға секірмеуге кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы