Все новости за 30 шілде 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Рұқсат етілмеген жерлерде суға шомылған алматылықтарға айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рұқсат етілмеген орындарда суға шомылған 20 алматылыққа айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми сайтында хабарланды.
-
Түркістан: Жетісайда заманауи диагностикалық орталық салынып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қызылордада «Жасырын сатып алушы» тәсілі өз нәтижесін беруде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі әкімшілік кедергілерді анықтап, сапасын бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттерімен «Жасырын сатып алушы» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл туралы kyzylorda-news.kz сайтында хабарланды.
-
Павлодар облысында атмосфераны ластаған кәсіпорындарға айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл бірінші жартыжылдықта инспекциялық қызметпен 32 тексеріс өткізілген. Оның 12-сі – жоспарлы болса, 20-сы – жоспардан тыс. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.
-
ШҚО-да 15 дәріханаға айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да медициналық препараттарды рецептсіз сатқан 15 дәріханаға айыппұл салынды. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.
-
18 000 астам ақмолалықтар «Адал жол - Честный путь» марафонына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол - Честный путь» марафоны Ақмола облысында осымен бесінші жыл өтуде. Ағымдағы жылы марафон 1 наурызда Көкшетау қаласынан басталды.
-
Тоғыз өңірде дала өртінің тұтану қаупі бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің 9 өңірінде дала өртінің тұтану қаупі бар. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитң баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Мөлдір Нарынова дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдошы Мөлдір Нарынова жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарды. Бұл туралы Olympic.kz. сайты хабарлады.
-
Алматы облысының полицейлері 1500-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында тәртіп сақшылары «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күні 1438 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 213 тұлға қоғамдық орында масаң күйде жүргені немесе ішімдік ішкені үшін жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Түркістанда суға шомылу қауіпсіздігін сақтау бағытында рейдттер өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Шомылу маусымындағы судағы қауіпсіздік шаралары», «Орман мен дала өрттерінің алдын алу және дайындық жұмыстары» тақырыптарында брифинг өтті, деп хабарлады Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Өскеменде мектеп асханалары жаңғыртылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында 35 мектептің асханасы биылғы оқу жылының басына дейін қайта жаңғыртылып, заманауи талаптарға сай болады. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.
-
Нұр-Сұлтанда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 шілдеде «Жастар» сарайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы ашық жалпықалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді. Бұл туралы elorda.info хабарлады.
-
№001 медалі: Елбасыға жаңа медаль тапсырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Кәсіподақтар федерациясы Кәсіподақ қозғалысының дамуына, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің бастауыш кәсіподақ ұйымын құруға және сақтауға, мемлекеттік қызметшілердің салалық кәсіподағын нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты марапаттау туралы шешім қабылдапты.
-
Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұрлан Оралбекұлы Борамбаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің маспасөз қызметі хабарлады.
-
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Талғат Жеңісұлы Жанжүменов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Үлескерлер: Тұрғын үйіміздің жобасында жоқ қабаттардағы пәтерлер сатылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов қаланы аралау кезінде Орынбор көшесінде орналасқан «Тұран Сығанақ» тұрғын үй кешенінің үлестік құрылыс объектісіне барды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елорданың кей көшелерінде қозғалыс уақытша шектеледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрғиса Тілендиев даңғылы уақытша жабылады, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.
-
200 мың теңге пара алған шенеунік 6 млн теңге айыппұл төлейді
Алматы, BAQ.KZ. «Ордабасы ауданы мал дәрігер бөлімі» МБ-ның басшысының үстінен пара алды деген күдікпен іс қозғалған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Назарбаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы elbasy.kz сайты жазды.
-
Бектенов мал қорымдарын күтіп-ұстау мәселесін қадағалауды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министрлігі алаңында өткен кеңесте мал қорымдарын күтіп-ұстау мәселесін көтерді.
-
ҚТЖ мен Францияның Alstom компаниясы меморандумға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Францияның экономика және қаржы министрі Брюно Ле Мэрдің Қазақстанға сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Alstom цифрлық технологиялар саласын дамытудағы ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
-
Биыл Павлодар облысында 500 адам кәсіпкерлік негіздерін үйренеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда өңірлік бизнес пен инвестицияларды қорғау форумы өтуде. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.
-
Бектенов жабайы базарларды қадағалау мәселесін көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов жабайы базарларда ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерін сату кезінде санитарлық нормалардың бұзушылықтары анықталатынын айтты.
-
Мәулен Әшімбаев ҚР президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мәулен Әшімбаев ҚР президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Дәрігер тұзды шамадан тыс тұтынудың зияны туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен аптада Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Оның негізгі бағыты – дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру және жастардың денсаулығын нығайту мақсатында нан/нан-тоқаш өнімдерінде тұзды кезең-кезеңмен азайту.
-
Маңғыстауда арнайы операция: 17 адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше ай көлемінде ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, Маңғыстау облысының криминогендік ахуалына елеулі әсері бар ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты жедел тексеру іс-шараларын жүзеге асырды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қарағандылықтар орталық саябақтағы таңғы жаттығуларға қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таңғы жаттығулар 2-ші тамыздан бастап Орталық саябақтың басты сахнасының жанында аптасына үш рет өткізілетін болады, деп хабарлады облыстық әкімдіктің сайты.
-
«Қайрат» ұлттық құраманың екі ойыншысымен толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Футзалдан Алматының «Қайрат» командасының қатарына екі ойыншы қосылды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
-
«Ақтөбе» клубы украиналық футболшыға 500 мың доллар жалақы ұсынған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Футболдан Украина құрамасының экс-шабуылшысы Артем Милевский бір кездері Қазақстанның «Ақтөбе» клубымен жасасқан келісімшарты туралы айтты.
-
Шымкентке жаңа әкім тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Жарлығымен Шымкент қаласының әкімі болып Ерлан Айтаханов тағайындалды, деп хабаралады Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Галбадрах IJF рейтингінде төрт орынға жоғарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг жаңартылған IJF рейтингінде төрт сатыға жоғарылады. Бұл туралы Olympic.kz. хабарлады.
-
Мамин Францияның экономика және қаржы министрімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Францияның экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэрмен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
-
16 жастағы семейлік шахматшы Ресей Гран-приінің жеңімпазы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рапидтен (жылдам шахмат) ұйымдастырылған Ресей Гран-приінің кезеңінде біздің елдің намысын жалғыз шахматшы, шығысқазақстандық Арыстан Исанжолов қорғаған болатын. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.
-
Гарвард түлегі СДУ ректоры болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сүлейман Демирел университетінің президенті Мейірбек Мажитов еңбек ұжымына оқу орнының жаңа ректоры Қуаныш Ерғалиевті таныстырды.
-
Еліміздің екі облысында дабылды ескерту жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Қазгидромет еліміздің екі облысында 31 шілде күні ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялады.
-
Арыс қаласының оқушылары Қарқаралыда демалып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарқаралыдағы демалыс орнына Түркістан облысының Арыс қаласынан 30 бала келді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
-
Қордай көшесін жөндеуге байланысты екі бағдардың қозғалысы өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. №100 және 107 бағдарлардың А-98 көшесін айналып өту сызбалары өзгертілді. Бұл туралы elorda.info сайты хабарлады.
-
Өскеменде су шашатын трамвай пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Өскемен қаласының көлік компаниясы» ЖШС су шашып, жолдың шаңын басатын трамвайды шығарды. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.
-
«7-20-25» аясында 9 442 өтінім мақұлданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге арналған 9 442 өтінім мақұлданды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Тоқаев Францияның қаржы министрін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэрді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Прокуратура талдау нәтижесі бойынша аудандық мекемеге айыппұл салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңақорған аудандық прокуратурасы су және газбен жабдықтау, сондай-ақ телекоммуникация саласындағы қызметтерге тарифтерді қалыптастыру заңдылықтарына талдау жасады, деп хабарлады Бас прокуратураның ресми сайты.
-
Қазақстандық компания 80 мың тоннадан астам құс етін өндіруді көздейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Aitas АҚ вице-президентінің міндетін атқарушы Рабиға Тоқсейітова Қазақстанда мал шаруашылығының артықшылықтары туралы айтты.
-
Қазақстанда шошқа майы бар деп танылған шұжықтар аталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Сапа» тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық қоғамы тамақ өнімдеріне тәуелсіз сараптама жүргізеді. Ет және шұжық өнімдерін тексерген сайын шошқаның ДНҚ іздері табылады. Бүл туралы елордада өткен аймақтағы халал индустриясын дамыту жөніндегі кеңес отырысында айтылды.
-
Екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Несие 6% мерзімі 7 жылға дейін берілетін болады. Төмен пайыздық мөлшерлеме "Даму" КДҚ " АҚ субсидиялау арқылы сыйақының бір бөлігі өтелетіндігіне байланысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Мамин: Тұрғын үй мен инфрақұрылым құжаттарын уақытында дайындау керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында осындай мәлімдеме жасады.
-
Астанаға Францияның экономика және қаржы министрі келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордаға Францияның экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэр келді. Бұл оның министр лауазымына тағайындалғаннан бергі Орта Азияға жасап отырған алғашқы ресми іс-сапары.
-
Димаш Игорь Крутойдың мерейтойында ата-анасымен бірге қонақ болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Ресейдің халық әртісі, композитор Игорь Крутойдың туған күніне ата-анасымен бірге қатысты.
-
Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемі төмен деңгейде – Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында осылай деді.
-
Арыста 400-ге жуық кәсіпкерлік нысан жөнделіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша кәсіпкерлік нысандардың да жөндеу және құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
-
LRT-ның бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Астана LRT» ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Арданға Интерполдың халықаралық желісі бойынша іздеу жарияланды. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте аталған компанияның басшысы Бекмырза Игенбердиев айтты.
-
Алматыда Ауғанстанның түрлі өнімдері ұсынылатын көрме өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Аталған көрме 3-4 тамыз күндері Мемлекеттік орталық музейде өтеді.
-
Мамин LRT жайлы: Жоба елорданың қоғамдық көлігін дамытуға үлес қосатынына сенеміз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин LRT жобасы елорданың қоғамдық көлігін дамытуға үлес қосатынына сенім білдірді.
-
Арыстық балалар Атырауда өлке тарихымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауға Арыс қаласынан 88 бала келді, деп хабарлады Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Көпбалалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салуға 50 млрд теңге қарастырылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін сатып алмай жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға 32,8 млрд теңге көзделген.
-
Алтай Көлгінов LRT жобасы бойынша қанша қаржы үнемделетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов LRT жобасы жайлы айтып берді.
-
Елорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі – қала әкімдігінің баспасөз хатшысы қызметіне Ақмарал Олжабаева тағайындалды. Бұл туралы ол өзінің Фейсбук желісіндегі парақшасына жазды.
-
Өңірлер 2020 жылға қаржыландыру жобалары бойынша толық жұмыс жүргізбей жатыр – Скляр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тұрғын үйді іске қосу үшін инженерлік коммуникация жүргізуге 81,7 млрд теңге көзделген. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Үкімет отырысында айтты.
-
Бибігүл Төлегенова Абай өлеңін оқып, эстафетаны Нұрлан Нығматулинге жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абайдың 175 жылдығына арналған челленджді халықтың сүйіктісі, аты аңызға айналған опера әншісі, өзінің керемет дауысы үшін «қазақтың бұлбұлы» атанған Бибігүл Төлегенова қолдады.
-
Тұрғын үй құрылысына 605,7 млрд теңге инвестиция тартылды – Скляр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылы 6 ай ішінде тұрғын үй құрылысына 605,7 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл 2018 жылғы деңгейден 15,5% жоғары. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Үкімет отырысында айтты.
-
Алматыда жол ережесін бұзған той кортежі жазаланды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы әл-Фараби көшесінде артымен жүрген той кортежі мүшелерін ұстады, деп хабарлады ПД-нің баспасөз қызметі.
-
Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
ҚазАгро мал шаруашылығын дамытуға 134 млрд теңге жұмсамақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "ҚазАгро" холдингі" АҚ Басқарма төрағасы Ербол Қарашөкеев айтты.
-
Елімізде ТВ мен радио уақытша жұмысын тоқтатады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 шілде күні елімізде теле және радио хабар тарату уақытша өз жұмысын тоқтатады. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы хабар тарату саласындағы ұлттық оператор хабарлады.
-
Мал шаруашылығының жалпы өнімі 10,5% ұлғайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров осылай деді.
-
Алтай Көлгінов үлестік құрылыс нысандарын аралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала басшысы Алтай Көлгінов қаланы аралау барысында үлестік құрылыс нысандарына барды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Пәкістанда ұшақ құлап, 19 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери ұшақ Пәкістанның солтүстік-шығысында апатқа ұшырап, 19 адам қаза тапты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
-
Бразилияда әуежайдан 700 келі алтын ұрлағандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилия полицейлері Сан-Паулу әуежайынан 700 келі алтын ұрлағандарды ұстады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
-
Елімізде тегін берілетін дәрілер тізімі толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы тегін қамтамасыз ету үшін сатып алынатын дәрі-дәрмек тізімі 2018 жылмен салыстырғанда 108 атауға артты. Бұл туралы "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Республикалық автожарысқа қатысушылар Ақмола облысында жиналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған республикалық автожарысқа қатысушылар Ақмола облысында болды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарлады.
-
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 шілдеде еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
-
Өскеменде Абайдың 175 жылдығына орай байқау жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана Абайдың 175 жылдығына орай байқау жариялады. Бұл туралы қалалық кітапхана vk-дағы парақшасында жазды.
-
Елімізде ауыл шаруашылығы өнімі 7% қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың маусым айында ауыл шаруашылығы өнімі 7% қымбаттады. Бұл туралы Статистика комитетінен хабарлады.
-
Павлодарлық оқушы химия пәнінен халықаралық олимпиадада күміс жүлдеге ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының 10 сынып оқушысы Владислав Черданцев Парижде өткен химия пәнінен халықаралық олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы облыстық Білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Археологтар Шет ауданында ежелгі қаланың орнын тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының Шет ауданында археологтар ежелгі қаланың орнын тапты. Ауқымды ғылыми зерттеулер Ақкезен қонысы орналасқан аумақта жүргізілуде. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Жетісайда асфальт зауыты іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының Жетісай ауданында асфальт зауыты іске қосылды.
-
Аргентинада жер сілкінісі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аргентинада күші 4 жарым балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
-
Кувейттің сыртқы істер министрі Астана процесіне жоғары баға берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстанның Кувейт мемлекетіндегі елшісі Дәулет Ембердиевтің Кувейт мемлекеті премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі Шейх Әл Халед Аль Хамад Әл Сабахпен кездесуінде белгілі болды.
-
Қырғызстанда "Қобыз күні" белгіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков "Қобыз күнін" белгілеу жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Қырғызстан Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Қарағанды облысында археологтар қола дәуіріне жататын алтын бұйымдар тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының Шет ауданында Қызылтау қорымын зерттеу кезінде археологтар қола дәуіріне жататын алтын бұйымдар тапты. Бұл туралы аймақ басшысының ресми сайты хабарлады.
Наверх