Археологтар Шет ауданында ежелгі қаланың орнын тапты

30 Шілде 2019, 04:35
3902
Бөлісу:
Археологтар Шет ауданында ежелгі қаланың орнын тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының Шет ауданында археологтар ежелгі қаланың орнын тапты. Ауқымды ғылыми зерттеулер Ақкезен қонысы орналасқан аумақта жүргізілуде. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады. 

Ақкезен Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің ең ірі қоныстарының бірі болып табылады. Бұл жерде 80 құрылыс тастан қаланған ғимараттар мен тұрғын үй қалдықтары түріндегі үйінділер табылған. Қоныстың ауданы 10 гектарды құрайды. Аккезеннің көлемі және оның кейбір құрылыстарының ерекшеліктері осы археология ескерткішінің протоурбанистік сипаты туралы гипотезаны ұсынуға мүмкіндік берді.

Ақкезен қорымын зерттеу барысында 306 шаршы метр аумақта қазба жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде көлемі 13*12 м ауқымды құрылыс зерттелді. Бұл құрылыстың іргетасы салмағы жарты тоннаға дейін жететін тас плиталармен жабылған. Мамандар бұл ғимарат қоғамдық орын болғанына сенімді. Ол жергілікті тұрғындардың жиналатын, діни рәсімдер өткізетін жері болған. Дәл осындай қоғамдық құрылыс нысандары қалаларды ауылдық мекендерден ерекшелеген. 

00647400015643850212907201941_800x600.jpeg

"Бұл орын мекендеу үшін қолайлы болған. Сондықтан дәл осы жерде адамдар өз қоныстарын салды. Ол басқа үлкен аумақтан және көптеген құрылыстардан ерекшеленеді", - дейді қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан «Археологиялық зерттеулер» ЖШС Бас директоры Ерлан Әміров.

Археологтар Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын және Бада қорымында орналасқан кесенені зерттеді.
Кесенелер - қоғамның атақты мүшелерінің қабірінің басына тұрғызылған монументті жерлеу құрылыстары. Кейінгі қола ғасырда қоғамның жоғары өкілдері өздерінің мәртебесін сән-салтанатты түрде жерлеу рәсімі арқылы ерекшелеген. 

06607400015643850212907201941_800x600.jpeg

"Қазылған кесене көлемі 8,5*8,5 м болатын. Қазба жұмыстары барысында бізге тұтас квестті шешуге тура келді. Тастардың астында біз кесененің «қоныстанудың» жүйелі 3 кезеңін анықтадық. Кейінгі қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ережелеріне сәйкес келетін дәлме-дәл жерлеу рәсімдері өткізілген. Бірнеше ғасырдан кейін кесененің солтүстік-шығыс бөлігінде ежелгі көшпенділер жерленген қорған салынған. Оның құрылысына кесененің сыртқы қабырғасының іргетасы болған тастарды пайдаланған. Тағы бір мың жыл өткеннен кейін Орталық жерлеу қираған. Оның орнында ортағасырлық жерлеу жасалды. Соңғы жерлеу орны оңтүстік-батысқа қарай (Мекке жағына) жолдама құрал-саймандарсыз салынған, бұл мұсылмандық жерлеу ережелеріне сәйкес келеді", - деді Ерлан Әміров.

Ақкезен қонысы Орталық Қазақстанның Беғазы-Дәндібай мәдениетінің жарқын ескерткіші болып табылады. Бұл қола дәуірінің соңғы мәдениеті (біздің дәуірге дейін XIII-IX ғғ.) - Қазақстан тарихындағы жарқын мәдени феномен. Осы уақытта қоғамды элитаға және қарапайым халыққа топтастыру басталған, біздің еліміздің аумағында алғашқы мемлекеттік құрылымдарды қалыптастыру басталды. Осы мәдениеттің экономикалық базисі кешенді мал шаруашылық, егін шаруашылығы және түсті металлургия болды. Жоғары дамыған тау-кен ісі мен металлургия осыдан 3,5 мың жыл бұрын Орталық Қазақстандағы әл-ауқаттың негізі болды.


Өзгелердің жаңалығы