18 000 астам ақмолалықтар «Адал жол - Честный путь» марафонына қатысты

30 Шілде 2019, 22:11
1694
Бөлісу:
18 000 астам ақмолалықтар «Адал жол - Честный путь» марафонына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол - Честный путь» марафоны Ақмола облысында осымен бесінші жыл өтуде. Ағымдағы жылы марафон 1 наурызда Көкшетау қаласынан басталды.

Бүгінгі күні марафон Көкшетау және Степногорск қалаларында, Еңбекшілдер, Бурабай, Бұланды, Ақкөл, Шортанды, Ерейментау, Аршалы, Целиноград, Қоргалжын, Біржан сал аудандарында өтіп, оған он сегіз мыңнан астам ақмолалықтар қатысты. Бүгін марафонның эстафетасы Астрахан ауданына жіберілді.

Марафон шеңберінде түрлі форматта 268 іс-шара өткізілді. Олардың ішінде брейн-рингтер, event-кездесулер, суреттер мен бейнероликтер байқаулары, дебаттар, флешмобтар, автошерулер, тренингтер, кездесулер, дәрістер мен семинарлар ұйымдастырылды.

Марафонның басты мақсаты – жемқорлыққа қарсы қозғалысқа барша ақмолалықтарды тарту, жемқорлыққа қарсы істе қоғам мен мемлекеттің күшін біріктіру, жемқорлыққа қарсы мәдениетті және оған төзбеушілік ұстанымын қалыптастыру.

Бүгінгі таңда марафон республика бойынша барлық облыстарда өткізілуде, бірақ бастапқыда ол Ақмола облысында 2015 жылы бастау алғанын атап өткен жөн. Жергілікті халықтың көрсеткен қолдауы оның еліміздің басқа өңірлерінде жалғасуына өз септігін тигізді.

Марафонның жұмысы желтоқсан айында Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылатын форуммен аяқталады. Форумда марафонның жеңімпаздары мен белсенді қатысушылары марапатталады.

Өзгелердің жаңалығы