Рұқсат етілмеген жерлерде суға шомылған алматылықтарға айыппұл салынды

30 Шілде 2019, 23:26
1509
Бөлісу:
Рұқсат етілмеген жерлерде суға шомылған алматылықтарға айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рұқсат етілмеген орындарда суға шомылған 20 алматылыққа айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми сайтында хабарланды.

Ведомствоның мәліметінше, тұрақты түрде жасалып отырған ескертулер мен рейдтерге қарамастан, азаматтар күнделікті судағы қауіпсіздік ережелерін бұзуды жалғастыруда. Суға шомылу маусымы басталғаннан бері ТЖ Департаментінің, Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен Алматы қаласының су айдындарында 172 рейд жүргізіліп, 4000-нан астам жадынама таратылды. Рұқсат етілмеген орындарда суға шомылған 20 алматылыққа айыппұл салынды.

Биыл су айдындарында құтқарушылармен бес адам құтқарылды, оның біреуі бала.

«Спирттік ішімдік ішіп, арнайы рұқсат етілмеген жерлерде суға шомылғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексі бойынша 5 АЕК (12625 тг) көлемінде айыппұл салынатынын естеріңізге саламыз»,- делінген хабарламада.

Осыған байланысты Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау туралы ескертеді, атап айтқанда:

- кішкентай балалар суға шомылғанда міндетті түрде ересектердің бақылауында болулары керек;

- жабдықталған жағажайларда, суға шомылу үшін арнайы рұқсат берілген және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыз;

- жүзу білмесеңіз, белден жоғары суға түспеңіз;

- жүзу кезінде бір-біріңізден алыстамаңыздар;

- қайықтардан, көпірлерден және айлақтардан секірмеңіз;

- суға тым ұзақ түспеңіз, суықтап қалуыңыз және шаршауыңыз мүмкін;

- түнгі уақытта және мас күйінде суға шомылуға болмайды.

 

 

Өзгелердің жаңалығы