Биыл Павлодар облысында 500 адам кәсіпкерлік негіздерін үйренеді

30 Шілде 2019, 17:58
1732
Бөлісу:
Биыл Павлодар облысында 500 адам кәсіпкерлік негіздерін үйренеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда өңірлік бизнес пен инвестицияларды қорғау форумы өтуде. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.

Облыс әкімінің орынбасары Асхат Оралов ақпарат жеткізгендей, іс-шара аясында кәсіпкерлік саласына қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, өңір басшысының орынбасары Жастар жылына орай әзірленген «Жастар – ел тірегі» бағдарламасы туралы баяндап берді.

«Жастар – ел тірегі» бағдарламасы «Жас маман» және «Жас кәсіпкер» дейтін екі бөліммен толықтырылды. Екінші бағыт бойынша жастарды оқыту үшін республикалық бюджеттен 10 мың грантқа шақталған қаражат бөлінді. Облыс бойынша 500-ден аса грант бөлінді», - дейді дейді Асхат Оралов.

Асхат Оралов атап өткендей, бағдарламаға 29 жасқа дейінгі кез келген өңір тұрғыны қатыса алады. Бір гранттың құны 505 мың теңге. Үш жыл ішінде ел көлемінде жас кәсіпкерлерді әзірлеуге 30 мың грант бөлінетін болады.

Айта кетейік, аталған жобаға қатысқан тұрақты табысы жоқ 18-29 жас аралығындағы жігіттер мен қыздар іскерлік бойынша жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп, нәтижесінде жеке кәсіп аша алады. Жобаға қатысқан жастар бизнес ашуға алғашқы капитал ретінде грант немесе жеңілдікпен қаржыландыруға мүмкіндік алады.

Оқу барысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірлеген материалдар, тәжірибелік жаттығулар, кейстер, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде белгілі бір түсініктер мен біліктіліктерді жүйелеуге арналған іскерлік ойындарды қолдану арқылы жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы