Үлескерлер: Тұрғын үйіміздің жобасында жоқ қабаттардағы пәтерлер сатылған

30 Шілде 2019, 19:34
1561
Бөлісу:
Үлескерлер: Тұрғын үйіміздің жобасында жоқ қабаттардағы пәтерлер сатылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов қаланы аралау кезінде Орынбор көшесінде орналасқан «Тұран Сығанақ» тұрғын үй кешенінің үлестік құрылыс объектісіне барды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Үлескерлердің жалпы саны - 190 адам. Олардың айтуынша, жоба бойынша үй 9 қабатты, алайда 10-11 қабаттардан пәтер сатып алған адамдар бар.

«Қаржы 2014 жылы салынған. Біздің үйіміздің жобасында жоқ 9-10 қабаттардағы пәтерлер сатылып кеткен. Бірақ жобалық-сметалық құжаттамамаға қосымша 5 қабатты қосу мүмкіндігі болады. Тұрғындардың ешқайсысы сырт қалмауы үшін жобалық жоспарға өзгерістер енгізуге болады», - деді тұрғын үй кешеннің үлескерлері.

Әкім проблемалық нысанның аумағы инвесторлар үшін тартымды екенін атап өтті. Әкімдік егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзететін болады.

«Қазір басты міндет - тұрғындар өз пәтерлеріне кірулері үшін үйдің құрылысын аяқтау қажет. Жобалық-сметалық құжаттар және тағы басқа мәселелерді басқаруға аламыз. Жалғыздың шаңы шықпас, бірге жұмыс істейтін боламыз", - деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Нұр-Сұлтан қаласында құрылысы аяқталмаған 51 нысан бар. 
Өзгелердің жаңалығы