LRT-ның бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды

30 Шілде 2019, 11:58
1928
Бөлісу:
LRT-ның бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Астана LRT» ЖШС  басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Арданға Интерполдың халықаралық желісі бойынша іздеу жарияланды. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте аталған компанияның басшысы Бекмырза Игенбердиев айтты.

«Астана LRT» ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Арданға қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаменті тергеушілерімен қылмыстық іс қозғалды. Соттың сырттай шешімі бар. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазір Интерпол бұл мәселемен айналысып жатыр», - деді Игенбердиев.

Қызметтік өкілеттілігін теріс пиғылда пайдаланды деген күдікпен Талғат Арданға қатысты тергеу жұмыстары 2018 жылы басталған болатын. Ол кезде сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушілері осыдан төрт жыл бұрын "Астана LRT-нің" бюджеттік қаражатынан мердігер мекеменің біріне 300 миллион теңгеден аса ақшаның аударылғанын анықтаған болатын. Яғни, бекітілген аудару лимитін 125 миллионға асырып жіберген. 
Талғат Ардан бұл қызметтен 2017 жылы шеттетілген.
 

Өзгелердің жаңалығы