Павлодарлық оқушы химия пәнінен халықаралық олимпиадада күміс жүлдеге ие болды

30 Шілде 2019, 05:21
1943
Бөлісу:
Павлодарлық оқушы химия пәнінен халықаралық олимпиадада күміс жүлдеге ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының 10 сынып оқушысы Владислав Черданцев Франция астанасында химия пәнінен өткен халықаралық олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы облыстық Білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Facebook-тегі парақшасында жазды. 

«Көк тудың желбірегені - жаныма қуат береді... Әсіресе, балаларымыз білім сайысында оза шауып, бәйге алып, туған ауыл, қала, облыстың ғана емес, күллі Қазақстанның абыройын асқақтатып, КӨК туды желбіретіп жатса... Облысымыздың 8-ші мектептің 10-шы класс оқушысы Черданцев Владислав Парижде өткен химиядан халықаралық олимпиаданың (IChO) КҮМІС жүлдегері атанды! Ұстазы Молокова Ирина Николаевна. Құтты болсын!» - делінген жазбада. 
Өзгелердің жаңалығы