Алтай Көлгінов LRT жобасы бойынша қанша қаржы үнемделетінін айтты

30 Шілде 2019, 10:59
1863
Бөлісу:
Алтай Көлгінов LRT жобасы бойынша қанша қаржы үнемделетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов LRT жобасы жайлы айтып берді.


"LRT жобасы бойынша келесі жұмыстар атқарылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жобаны оңтайландыру жұмыстары жүргізілді. Жолаушылардың қазіргі таңдағы санын ескере отырып, жоба аясында жылжымалы құрамды немесе пойызды 19-дан 12 бірлікке дейін қысқарту мүмкіндігі қарастырылды. Бұл 40 млн АҚШ долларын немесе 15 млрд теңгеден астам қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді. Яғни, пойыздардың жүру интервалы қазіргі уақытта 3 минуттан 10 минутқа дейін өзгертілді. Егер алдағы уақытта халық саны көбейетін болса, бұны қайтадан қалпына келтіруге болады" - деді Алтай Көлгінов Үкімет отырысында.

Әкімнің айтуынша, сонымен бірге, осы кезеңде 7 аялдама станциясын қысқарту қарастырылды. Қазіргі уақытта 18 станция болса, соны 11-ге дейін қысқарту көзделді. Осының нәтижесінде жерасты жаяу жүргіншілер жолы да қысқарады. Бұл 110 млн АҚШ долларын немесе 42 млрд теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. 

"Аталған шаралар жобаның шығындарын 350 млн АҚШ долларына немесе 135 млрд теңгеге дейін оңтайландыруға септігін тигізеді. Бұған қоса, қабылданған шаралар нәтижесінде, бастапқы есеппен салыстырғанда займға қызмет көрсету бойынша 1,2 млрд АҚШ доллары немесе 800 млн теңге бюджет қаржысы үнемделеді. Осы мәселелерді ескере отырып, жобаны жалғастыру мүмкіндігі бар деп есептейміз", - деді Алтай Көлгінов.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов есеп беру кездесуінен кейін брифингте Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысы 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталатынын айтты


Өзгелердің жаңалығы