Алматыда жол ережесін бұзған той кортежі жазаланды

30 Шілде 2019, 10:30
1874
Бөлісу:
Алматыда жол ережесін бұзған той кортежі жазаланды
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы әл-Фараби көшесінде артымен жүрген той кортежі мүшелерін ұстады, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Олар жол ережесін бұзатынын біліп алдын ала  көліктерінің нөмірін шешіп тастаған. Mercedes жүргізушісі 1995 жылы туған Б. есімді азамат тіптен жалған нөмір тағып алған. Ал, BMW маркалы көліктің жүргізушісі артпен жүріп, жол бойында апатты жағдай тудырған. Инспекторлар бұларға қатысты тағы басқа әкімшілік бұзушылықтарды анықтаған»,- дейді патрулді полиция басқармасының мамандандырылған батальон командирі Серікжан Әбжанов.

Сонымен қатар, ол жол ережесін бұзғандарға түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты. 

Той кортежінің жол ережесін бұзған сәті бейнеге түсіріліп, желіде тараған болатын. Жол ережесін бұзғандардың көліктерінің барлығы айыппұл тұрағына жеткізілген.
Сондай-ақ, Mercedes жүргізушісіне қатысты іс сотқа жіберілген, ол тағы да жол ережесін бұзатын болса көлік жүргізу куәлігінен айырылуы мүмкін.


Өзгелердің жаңалығы