Бектенов жабайы базарларды қадағалау мәселесін көтерді

30 Шілде 2019, 17:44
1858
Бөлісу:
Бектенов жабайы базарларды қадағалау мәселесін көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов жабайы базарларда ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерін сату кезінде санитарлық нормалардың бұзушылықтары анықталатынын айтты. 

«Жабайы базарларда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімдерін сату кезінде санитарлық нормалардың бұзушылықтары анықталды. Бұл мәселе әкімдіктерге қатысты. Ыстық күнде ет, сүт өнімдерін сатып жатқанын көріп отырыздар. Санитарлық жағдайға келсек, лас және т.б. Мұндай фактілер соңғы уақытта көбінесе Алматы қаласында, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында анықталды. Бұл апатты базарлармен қалай жұмыс істеп жатырсыздар? Қалай бақылайсыздар? Бұл дегеніміз адамдардың қауіпсіздігі емес пе?» - деп сұрады Бектенов. 

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова жабайы базарларға қатысты бізде тұрақты түрде полициямен бірге тарату жұмыстары жүргізілетінін айтты. «Мына жарияланған фотосуреттер бізде төрт ауданда демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерде түсірілген сияқты. Расында, жоғары ауа температурасына қарамастан ет өнімдерін тоңазытпай сату фактілерін байқадық. Барлық фактімен жұмыс жасаймыз», - деді Әбдіжаббарова.

Ол соңғы кезеңде жұмыс күшейіп, барлық саудагерге ескерту беріліп, сауда орындарымен келісімшарттары бұзылғанын айтты. 

«Рейд нәтижесінде 20 кәсіпкерге ескерту берілді, 12 кәсіпкермен келісімшарт бұзылды. Төрт жәрмеңке-базардың бірі толығымен тоңазыту жабдықтарымен жабдықталы. Екі базарда кеше ғана жазғы уақытта ет өнімдерін сатуға тыйым салу туралы шешім қабылданды. Қалған ет, сүт өнімдері толығымен тоңазытқыштарда сақталып, сатылады. Сұраныстың және кәсіпкерлерде тоңазыту қондырғылары болмауынан бір жәрмеңкенің жазғы уақытта жұмысы тоқтатылды. Бұл мәселеге әр апта сайын мониторинг жүргіземіз. Сенбі-жексенбіде де жұмыс тобы Алматы облысында тіркелген ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен жұмыс істейді. Біз олармен бірлесе жұмыс істеп, жағдайды бақылауда ұстаймыз», - деді Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары.


Өзгелердің жаңалығы