ҚТЖ мен Францияның Alstom компаниясы меморандумға қол қойды

30 Шілде 2019, 18:13
1747
Бөлісу:
ҚТЖ мен Францияның Alstom компаниясы меморандумға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Францияның экономика және қаржы министрі Брюно Ле Мэрдің Қазақстанға сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Alstom цифрлық технологиялар саласын дамытудағы ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

Құжатқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев және Alstom компаниясы Таяу Шығыс пен Африка және Орталық Азия аймағының аға вице-президенті Дидье Пфлегер қол қойды.

«Мен Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен бірге темір жол саласын цифрлік дамыту аясында ынтымақтасып отырғанымызға аса қуаныштымын. Alstom жұмыс тәжірибесі 30 жылдан асады. Осы уақыт ішінде біздің кәсіпорын 25-тен аса елде 1500 орталықтандыру жүйесін орнатып үлгерді. Сондықтан біздің ұзақ мерзімге жалғасатын өнегелі ынтымақтастығымызды ары қарай дамыту үшін Қазақстанға ең заманауи шешімдерді ұсынып отырғанымызға қуаныштымыз», - дейді Дидье Пфлегер.

Сапар барысында мәртебелі меймандар «Электровоз құрастыру зауыты» өндірістік цехтарымен танысты, оларға №Z8А0008 локомотиві көрсетілді.

Қазақстандағы Alstom компаниясының штатының саны – 730 адам. Олар сервистік депо, сервистік орталық және де екі өндірістік нысанда: Нұр-Сұлтан қаласындағы магистральдық электровоз және тарту жабдықтарына сервистік қызмет көрсету және өндіруді жүзеге асыратын ЭҚЗ, сондай-ақ жаңа буын бағыттамалы бұрмаларын жасайтын Алматы қаласындағы «КазЭлектроПривод» (ҚЭП) зауытында жұмыс істейді.

ZHA_3070.JPG

Alstom өңірдегі теміржол индустриясының аяғынан нық тұруы мен оның экономикасы дамуының процестеріне ірі қатысушы.

Айта кетейік, Alstom компаниясы теміржол көлігіне арналған кең ауқымды жүйелер, құрал-жабдықтар мен қызметтерді дайындап, нарыққа шығарумен айналысады. Alstom компаниясы жолаушыларды тасымалдауға арналған шешімдер, жеке қызметтер дабыл жүйесі, инфрақұрылым, мобильділіктің цифрлік технологиялары сынды сан алуан кең ауқымды шешімдерді (жылдамдығы жоғары пойыздардың жылжымалы құрамдарынан бастап, метро, электроавтобустар мен трамвайларға дейін) ұсынады. Alstom бірыңғай көлік жүйелері саласындағы әлемдік көшбасшы болып саналады. . 2018-2019 жылдар аралығында Alstom компаниясының сату көлемі 8,1 млрд еуроны, тапсырыстардың көлемі 12,1 млрд еуроны құрады. Бас офисі Францияда орналасқан Alstom компаниясының әлемнің 60-тан аса елінде өкілдіктері бар және де компания құрамында 36 300 қызметкер жұмыс жасайды.

Өзгелердің жаңалығы