Елімізде ТВ мен радио уақытша жұмысын тоқтатады

30 Шілде 2019, 10:01
1767
Бөлісу:
Елімізде ТВ мен радио уақытша жұмысын тоқтатады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 шілде күні елімізде теле және радио хабар тарату уақытша өз жұмысын тоқтатады. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы хабар тарату саласындағы ұлттық оператор хабарлады.

Ұлттық оператордың мәліметінше, бұл күні еліміз бойынша жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

«31 шілде күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша), эфирлік цифрлық, аналогты телехабар тарату және радиохабар тарату желісінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстары және жабдықтарды бақылау өлшемдері жүргізілетін болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы