Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Пышақты Қаржаубай абайсызда салуы мүмкін – адвокат

2 Маусым 2025, 18:07
9173
Бөлісу:
 видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Шерзат Болат ісі бойынша сотта Абзал Шынасылдың адвокаты Жұмат Әбенов кезекті мәлімдеме жасап, іске тіркелген пышақ пен нақты оқиға арасындағы сәйкессіздікке назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Адвокаттың айтуынша, оқиға барысы толық зерттелмеген, ал пышақ жарақаты кездейсоқ болуы мүмкін.

Адамның басына ой келеді. Сол пышақ бәлкім Қаржаубайдың қолында жүргенде, баласымен бірге бір-біріне кедергі жасағанда, әкесін сүйреп жүрген сәтте абайсызда тиіп кетуі мүмкін, – деді ол.

Оның айтуынша, бұл нұсқа да тергеуде қаралуы тиіс еді.

Неге осыған сараптама жасалмады? Неге бұл нұсқаны жан-жақты зерттемейміз? Неге нақты жауап алынбады? Бұл сұрақтар ашық күйінде қалып отыр. Меніңше, мұның артында бір жасырын гәп бар, – дейді адвокат.

Бұған дейін белгілі болғандай, мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай марқұм Шерзат Болатты тірі болуға лайық еді деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол Шерзат ісі бойынша қоғамда үрей бар екенін айтты.

Прокурорлар сотталушыларға 23 жылға дейін жаза беруді сұраған болатын. Сондай-ақ прокурор айыпталушыларға қандай жаза тағайындайтынын мәлімдеген еді. Соның ішінде кәмелетке толмаған Думан Ысқаққа ҚК 434-бабы (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев жарыссөз кезінде маңызды мәлімдеме жасады. Айтуынша, Шерзаттың туыстары кәмелет жасқа толмаған сотталушы Думан Ысқақты кешіруге дайын.

Сондай-ақ, бүгінгі сот отырысында сотталушының адвокаты Шерзат пен оның туыстарына қылмыстық іс қозғауды сұрады. Жарыссөз кезінде сотталушылардың бірінің адвокаты Нұрлан Келебаев кінәсіздік презумпциясының бұзылғаны мен іске қоғамдық қысымның әсер еткенін мәлімдеді.

Дархан Әскентайдың адвокаты оның кінәсін дәлелдеуге негіздер жеткіліксіз деген мәлімдеме жасап, оны ақтауды сұрады. Сондай-ақ айыпталушы Абзал Шынасылдың адвокаты Жұмат Әбенов мәлімдеме жасап, соттағы куәлік пен сараптамалық қорытынды арасында айтарлықтай қайшылықтар бар екенін алға тартты.

Өзгелердің жаңалығы