АҚШ Мемлекеттік департаменті Иранның ядролық бағдарламасына қатысты құнды ақпарат берген адамға 20 миллион долларға дейін сыйақы ұсынды. Сондай-ақ ақпарат берушінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қажет болған жағдайда оны басқа жерге көшіруге дайын екенін мәлімдеді.
«Әділдік үшін сыйақы» бағдарламасы аясындағы ұсыныс Иранның ядролық бағдарламасына қатысы бар құрылымдар, жабдықтар мен қызметкерлер туралы мәліметтерді қамтиды.
АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл бастаманы Иранның Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік алдындағы міндеттемелерін толық орындамауымен байланыстырады. Ведомствоның мәліметінше, осының салдарынан агенттік Ирандағы уран байытуға қажетті центрифугалардың өндірісі мен қоры туралы бақылау мүмкіндігін жоғалтқан.
Сонымен қатар АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы Иранның қару-жарақ пен санкция салынған тауарларды тасымалдауын шектеуге бағытталған «Темір қақпа» жедел тобын құратынын хабарлады. Оның штаб-пәтері Флорида штатындағы Тампа қаласында орналасады.
Ал Иран билігі ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатты көздейтінін және ядролық қару жасау ниеті жоқ екенін мәлімдеп келеді.