Шерзаттың туыстары кәмелетке толмаған сотталушыны кешіруге дайын – адвокат

2 Маусым 2025, 15:36
779
Бөлісу:
 видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев жарыссөз кезінде маңызды мәлімдеме жасады. Айтуынша, Шерзаттың туыстары кәмелет жасқа толмаған сотталушы Думан Ысқақты кешіруге дайын.

Осы орайда, құрметті сот, Қаржаубайдың атынан сотталушы Ысқаққа кешірім беруді мәлімдегіміз келеді. Қаржаубайдың өз атынан ол жігітке кешірім берілді, - деді адвокат Мейірман Шекеев.

Бұған дейін белгілі болғандай, мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай марқұм Шерзат Болатты тірі болуға лайық еді деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол Шерзат ісі бойынша қоғамда үрей бар екенін айтты.

Прокурорлар сотталушыларға 23 жылға дейін жаза беруді сұраған болатын. Сондай-ақ прокурор айыпталушыларға қандай жаза тағайындайтынын мәлімдеген еді. Соның ішінде кәмелетке толмаған Думан Ысқаққа ҚК 434-бабы (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді.

Өзгелердің жаңалығы