Сотталушының адвокаты Шерзат пен оның туыстарына қылмыстық іс қозғауды сұрады

2 Маусым 2025, 16:00
996
Бөлісу:
 Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жәбірленуші Нұрымов, жәбірленуші Бишімбиева, жәбірленуші Қадірова сот отырысы барысында сот тергеуі кезінде берген жауаптарына толығымен қарама-қайшы жауап берді. Сот тергеуі барысында айыптау тарабы айтып отырғандай, біртектес жауап емес, олардың әр жауаптары әртүрлі, бір-біріне ұқсамайды және әрбір сотталушы мен өткен беттестіруде де әр сотталушыға барынша айып тағуға тырысады. Сол себепті құрметті сот, жәбірленушілер ҚР Қылмыстық кодексінің 420-бабында көзделген жауапқа тартылуға тиіс және осы бойынша соттан жеке қаулы шығарып, құзырлы органға жолдауды сұраймын, - деді сотталушы Дидар Қалиахметтің қорғаушысы Гаухар Баймұханова. 

Сондай-ақ адвокат келтірілген дәлелдемелерді «тек болжам ретінде» деп атады. Видеодан Қаржаубай Нұрымовтың пышақты үш рет алып шыққаны ескерілуі қажеттігін алға тартты.  

Бейнежазбадан Қаржаубай Нұрымовтың дүкеннен пышақты үш рет алып шыққанын ескеріп, Шерзат Болатты, Нұрқанат Ғайыпбаев пен Қаржаубай Нұрымовты Қылмыстық кодекстің 293 бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құрамының болуына байланысты қылмыстық іс қозғау туралы жекеше қаулы шығаруды сұраймын.  Шығарылған қаулыны Алматы облыстық прокуратурасына процессуалдық шешім шығару үшін жолдауыңызды сұраймын, – дейді адвокат.

Бұған дейін белгілі болғандай, мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай марқұм Шерзат Болатты тірі болуға лайық еді деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол Шерзат ісі бойынша қоғамда үрей бар екенін айтты.

Прокурорлар сотталушыларға 23 жылға дейін жаза беруді сұраған болатын. Сондай-ақ прокурор айыпталушыларға қандай жаза тағайындайтынын мәлімдеген еді. Соның ішінде кәмелетке толмаған Думан Ысқаққа ҚК 434-бабы (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев жарыссөз кезінде маңызды мәлімдеме жасады. Айтуынша, Шерзаттың туыстары кәмелет жасқа толмаған сотталушы Думан Ысқақты кешіруге дайын.

Өзгелердің жаңалығы