Шерзат ісі: Прокурорлар сотталушыларға 23 жылға дейін жаза беруді сұрады

2 Маусым 2025, 11:38
2030
Бөлісу:
 Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша ашық сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сот тараптарының жарыссөзі кезеңінде прокурорлар іс бойынша айыпталушыларға келесі мерзімге соттауды сұрады. 

Абзал Шынасыл – Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша 23 жылға бас бостандығынан айыру;

Равиль Сакиев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіру), 24-бабы 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыру;

Азамат Тоқтаубаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бап (ұрлық) бойынша қосымша саралау мүмкіндігімен 15 жыл; 

Шыңғыс Белгожаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Дархан Аскентай – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Нұрқияс Ілиясов – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 9 жыл;

Нұрбол Тоқтаубаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Дидар Қалиахмет – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Думан Ысқақ (кәмелет жасына толмаған) – Қылмыстық кодекстің 434-бабы (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы сұралды.

Бұған дейін белгілі болғандай, мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай марқұм Шерзат Болатты тірі болуға лайық еді деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол Шерзат ісі бойынша қоғамда үрей бар екенін айтты.

Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Болат ісі бойынша бүгінгі сот отырысында жәбірленуші тараптың қорғаушысы Мейірман Шекеев қосымша екі куәгерді шақыру туралы өтініш жасады.

Сондай-ақ, сотта көліктегі дыбыстық файлдар тыңдалып, көліктегі сөз сотта жария болды. Сот барысында күдікті Шыңғыс Белғожаевтың оң мінездемесі мен денсаулығына қатысты деректер жарияланды. Сот отырысында сотталушы Дархан Әскентай өз уәжін айтты. Ол оқиғадағы басты себепті атады.

Куәгер Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдінің әрекетіне байланысты жеке қаулы шығару сұралды. Олар "Жалған айғақ берді" деген күдікпен жауапқа тартылуы мүмкін. Марқұм Шерзат Болаттың әкесі әр сотталушыдан 20 млн теңге өтемақы талап етті.

Өзгелердің жаңалығы