Все новости за 6 ақпан 2026
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
Ақпан 2026
| Дү |
Се |
Сә |
Бе |
Жұ |
Сен |
Же |
|
26
|
27
|
28
|
29
|
30
|
31
|
1
|
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
|
23
|
24
|
25
|
26
|
27
|
28
|
1
|
-
-
ТЖМ тікұшағы жарақат алған азаматты Петропавлға шұғыл түрде жеткізді
Солтүстік Қазақстан облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» авиациясы санитарлық авиация дәрігерлерімен бірлесіп шұғыл санитарлық эвакуация жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодарда зейнеткер із-түзсіз жоғалып кетті
Павлодар қаласында 68 жастағы зейнеткер Еглам Капсаматұлы Елеужанов іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
-
Жаңаөзендегі полигон өртінен кейін ауаның ластанғаны анықталды
Жаңаөзен қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында болған өрттен кейін атмосфералық ауаның ластануы анықталды. Бұл туралы Экология департаменті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қалың қар: Астанада таңғы уақытта 45 жол апаты тіркелді
Бүгін, 6 ақпанда Астанада таңғы уақыттың өзінде 45 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полицияның мәліметінше, апаттардың көбеюіне қалың қар мен қолайсыз ауа райы себеп болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағанды облысында қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды
Бүгін Қарағанды облысы Абай ауданы Ялта ауылынан 8 шақырым жерде үш адам мінген жеңіл автокөлік қарда қалып қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауа райына байланысты бірқатар республикалық жолдарда қозғалыс шектелді
Бүгін, 6 ақпан сағат 19:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше республикалық маңызы бар автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістан облысында батыр бала дүниеге келді
Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекет басшысы Пәкістан президентіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
Жаңатаста төтенше жағдай жарияланды: Күшті жел үйлер мен электр желілерін зақымдады
Жаңатаста төтенше жағдай жарияланды. Күшті жел үйлер мен электр желілерін зақымдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Спорт қауымдастығы: Жаңа Конституция – әділеттілік пен жауапкершіліктің кепілі
Астана қаласында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған спорт қауымдастығы өкілдерінің жиыны өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бұрынғы сүйіктісінің мазасын алған жігіттердің үстінен іс қозғалды
Маңғыстауда сталкинг деректері тіркелді. Полиция бұрынғы сүйіктісінің мазасын алған жігіттердің үстінен іс қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мешітте жарылыс болып, 30-дан астам адам қаза тапты
Исламабадта мешітте жұма намазы кезінде жарылыс болып, кемінде 31 адам қаза тауып, 169-дан астам адам жараланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Конституция – дамудың іргетасы
2026 жылдың 6 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен «Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Конституция қалай жазылады?
Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы «Жаңа Конституция: Қазақстанның бүгіні мен болашағының жаңа бейнесі» тақырыбында кеңейтілген отырыс өткізді. Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ сараптамалық қоғамдастық өкілдері қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған академиялық тыңдаулар өтті. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Үнзила Шапақ, Ермұрат Бапи, Ерлан Саиров, судьялар, мемлекеттік органдардың өкілдері, академиялық қауымдастық мүшелері, жетекші заңгер-ғалымдар, сондай-ақ конституциялық құқық саласындағы тәжірибелі адвокаттар мен сарапшылар қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда инсульттен кейінгі оңалтуды жеңілдететін экзоскелет нарыққа шығады
Nazarbayev University-нің (NU) ғалымдары әзірлеген Astana Gait Exoskeleton Assisted Rehabilitation (A.GEAR) инновациялық медициналық экзоскелеті мемлекеттік тіркеудің барлық кезеңінен ресми түрде өтіп, жаппай өндіріске дайын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Нұрлан Сабуровқа қатысты шу: Қазақстан СІМ жағдайға түсініктеме берді
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазақстандық комик Нұрлан Сабуровтың айналасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент Конституциялық комиссия жетекшілерімен кеңес өткізді
Президент Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Тағы бір сала мамандарының жалақысы екі есеге өсті
Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлының әлеуметтік жұмыскерлердің мәртебесін арттыру мәселесіне қатысты депутаттық сауалына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алаяқтар WhatsApp арқылы қазақстандықтың ақшасын ұрламақ болды
Екібастұзда алаяқтардың әрекеті жедел түрде тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтауда "СТО" өртенді: Екі жұмысшы жансақтауда, көліктер толық жанып кетті
6 ақпан күні таңертең Ақтаудың 29А шағынауданында орналасқан екі қабатты, бес бокстан тұратын автокөліктерге техникалық қызмет көрсету станциясында (СТО) ірі өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
-
Жаңа Конституция: Отбасы институты қалай күшейтіледі?
Жаңа Конституция жобасында отбасы мен бала құқығын қорғау нормалары сақталып қана қоймай, айтарлықтай күшейтілгені белгілі. SARAP эксперттік клубының “Өзгерістер кезеңіндегі отбасы: әлеуметтік трансформацияға Конституция тұрғысынан жауап” атты отырысында бұл мәселе кеңінен талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан жазушылары Конституция жобасын жан-жақты талқылады
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған мазмұнды жиын өтті. Басқосуға Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов төрағалық етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда Конституцияға енгізілетін түзетулерге қолдау білдірілді
Алматы қаласында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия өкілдерінің қаланың Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Португалияда төтенше жағдай жарияланды
Испанияның оңтүстігіндегі Андалусия автономды қауымдастығында қатты жауған жаңбырдан кейін болған су тасқындарына байланысты 5 500 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Anadolu-ға сілтеме жасап.
-
Asar Baspana пирамидасы: Қазақстандықтар алаяқтарға 25 млрд теңге беріп қойған
Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті көп деңгейлі «Asar Baspana» қаржы пирамидасы қызметінің фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2026 жылы табысты қалай дұрыс декларациялау керек?
2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке табысты декларациялау тәртібі бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Мемлекет қаржылық ашықтықты арттыру мақсатында азаматтардан табыс көздерін заңды түрде көрсетуін талап етіп отыр. Бұл – тек бақылау емес, салық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған қадам, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Заңсыз көмір шахтасында 18 адам қаза тапты
Заңсыз көмір шахтасында болған жарылыс салдарынан кемінде 18 кенші қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Астанада ер адам анасын өлтіріп, қылмысын жасыру үшін жедел жәрдем шақырған
Астанада ер адам анасын өлтіріп, қылмысын жасыру үшін жедел жәрдем шақырған
-
Дәрігерге бара жатқан: Ақмола облысында жүкті әйел мен жұбайы жол апатынан қаза тапты
Ақмола облысында тас жолда болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам: көпбалалы жүкті әйел және оның жұбайы көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Атырауда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекемеде бірде-бір қамқоршы болмаған
Атырау облысы Индер ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекемеде қызмет көрсетілмегені анықталды. Прокуратура араласқаннан кейін 19 баланың құқығы қорғалып, жауапты шенеуніктер әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда балалардың онлайн-платформаларға кіруі шектелуі мүмкін
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов балалардың онлайн-платформаларға қолжетімділігін шектеу шаралары қазір талқыланып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
АҚШ пен Иран арасындағы келіссөз: Қос тарап қандай пайда көреді?
Бүгін Тегеран мен Вашингтон арасындағы шиеленістің жаңа кезеңі және АҚШ-тың өңірдегі әскери қатысуының күшеюі аясында екіжақты кездесу өтіп жатыр. Келіссөз АҚШ өкілдерінің кешігіп келуіне байланысты 1,5 сағатқа кеш басталған. Ирантанушы Жәнібек Көпжасар бұл кездесуден Иран не ұтатынының былайша болжайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Ауыл" партиясының жастары Конституциялық реформаны қолдайды
Бүгін Қостанай қаласының «IQostanay» орталығында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Цифрландыру жылы» аясында ауыл жастарының әлеуетін арттыруға бағытталған «Auyl Jastary» республикалық семинары өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ондаған мың адам зейнетақы жинағының артық бөлігін пайдалану мүмкіндігінен айырылды
Тұрғын үйге арналған зейнетақы қаражатын алу белсенділігі 2024 жылдың жазынан бергі ең төмен деңгейге түсті. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Оманда Иран мен АҚШ бойынша келіссөздер басталды
Оманда Иран мен АҚШ арасындағы ядролық бағдарлама бойынша келіссөздер басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Anadolu-ға сілтеме жасап.
-
Тоқаев Қазақстанның әскери басшылығына бірқатар міндет жүктеді
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сауалнама қазақстандықтар үшін ең басты құндылықты көрсетті
Қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы және гендерлік саясат саласындағы зерттеулер орталығының басшысы Ақнұр Иманқұл қазақстандықтар үшін басты құндылық отбасы екенін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақпанда жаңбыр жауды: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
-
«Адал азамат: Ауыл мектебінің келешегі» атты республикалық семинар-тренинг өтті
Қызылорда өңірінде ауылдық білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруді көздейтін «Адал азамат: ауыл мектебінің келешегі» атты республикалық семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ерлі-зайыптылар арасында үй міндеттерін тең бөлісу тренді байқалады – сарапшы
Қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы және гендерлік саясат саласындағы зерттеулер орталығының басшысы Ақнұр Иманқұл Қазақстанның отбасы институты дамуындағы негізгі үрдістерді атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда шетелдік әртістердің концертін ұйымдастыру тәртібі өзгереді
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов елімізде кейбір концерттерді өткізуге тыйым салу немесе оларды тоқтата тұруға қатысты нормаға түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Олжас Бектенов: Жаңа Конституция ұзақмерзімді серіктестікке жол ашады
Олжас Бектенов Жаңа Конституция жобасы мемлекет пен бизнес арасындағы сенім мен ұзақмерзімді серіктестік орта қалыптастыратынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қысқы Олимпиада-2026: Олимпиадалық ауылдан алғашқы кадрлар
Бүгін, 6 ақпанда, Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сарапшы білімді әйелдер арасында ажырасу үлесі өскенін атады
Қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы және гендерлік саясат саласындағы зерттеулер орталығының басшысы Ақнұр Иманқұл институт деректері нәтижесінде Қазақстанның отбасы институты дамуындағы негізгі үрдістерді атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Нұрлан Сабуровқа 50 жылға Ресейге кіруге тыйым салынбақ
34 жастағы қазақстандық және ресейлік комик Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынғаны туралы ақпарат тарады. Әртүрлі дереккөздердің мәліметінше, шектеулер көші-қон және салық заңнамасын бұзды деген болжаммен байланысты болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Теңге мен доллардың болашағы қандай? Экономистер болжам жасады
Теңгенің күшеюі уақытша құбылыс па, әлде жаңа тренд пе? Қаржы сарапшылары доллар бағамы мен инфляцияға әсер ететін негізгі факторларды түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жалаңаш суреттерін сатқан блогер: Министрлік тексеріс жүргізе ме?
Мәдениет және ақпарат министрлігі желіні шулатқан блогерге қатысты тексеріс жүргізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Министрлік киноөнімді заңсыз тарататындармен қалай күресетіндерін айтты
Елімізде прокат куәлігін беру бойынша жаңа тетік фильмдерді пираттықтан қорғауға, сондай-ақ кинотеатрлар мен онлайн-платформалардың шығынын азайтуға бағытталған. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Сенаттың кулуарында берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Семейде қоқыстан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды
Семей қаласында қоқыс контейнерінен жаңа туған баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақ киносы рекорд жаңартып, шетелдік фильмдерден алғаш рет озды
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мемлекет қаржысына түсірілген фильмдер көрерменге жетпейді деген кең тараған пікірді жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қыз алып қашуды насихаттайтын әндердің мәтіні тексерілмек
Бұдан былай Мәдениет және ақпарат министрлігі отандық орындаушылардың қыз алып қашу тақырыбы көрініс табатын ән мәтіндерін ерекше назарға алатын болды. Бұл туралы Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Қазақстанның Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Құлсарыда 10-сынып оқушысы сыныптастарына балтамен шабуыл жасады: Екеуі жарақат алды
5 ақпан күні «102» арнасына Құлсары қаласында 10-сынып оқушысының қатарластарымен болған жанжалдан кейін оларға шабуыл жасап, мектеп аумағынан бой тасалағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Теңіз оқиғасы өңір энергожүйесінің осал тұстарын ашты
BAQ.KZ тілшісі аталған оқиғаның қандай жүйелік әлсіздіктерді ашып көрсеткенін және оның неге Батыс Қазақстан үшін аса сезімтал болғанын талдап көрді.
-
Жамбыл облысында қатты жел үйлердің шатырын ұшырып әкетті
Жамбыл облысының Сарысу ауданына қарасты Жаңатас қаласында қатты жел үйлердің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кинотеатрда көрсетілетін фильмдер енді сараптамадан өтеді
Сенаторлар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толық
-
Конституция мемлекетке халықтың әл-ауқатын арттыру міндетін жүктейді – министр
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен ҚР Еңбек министрлігінде жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасындағы негізгі өзгерістерді талқылауға арналған кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады
Қазақстанның Азаматтық альянсы «ҰСТАНЫМ» ұлттық пікірталас клубының «Конституция: Қазақстанның тарихи таңдауының айнасы» атты отырысын өткізді. Талқылау елде жүргізіліп жатқан конституциялық өзгерістер аясында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
COVID-19 вакцинасы бедеулікке әсер ете ме? Ғалымдар нақты жауап берді
COVID-19-ға қарсы вакциналар әйелдердің жүкті болу және жүктілікті көтеру қабілетіне әсер етпейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қошанов Беларусь Парламентінің басшысымен келіссөз жүргізді
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Беларусь Республикасына ресми сапармен барды. Ол Минскіде ел Президенті Александр Лукашенкомен, Ұлттық жиналыстың Өкілдер палатасының басшысы Игорь Сергеенкомен және Республика Кеңесінің төрағасы Наталья Кочановамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ҰҚК мен ІІМ ауқымды операция жасады: Бір күнде 8 өңірде 20 адам ұсталды
2026 жылғы 4 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз қызметін тоқтатуға бағытталған арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлеуметтік зерттеу: Халықтың басым бөлігі конституциялық реформаны қолдайды
Қазақстанда жаңа Конституция жобасы талқылануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды
Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Ресей мен Украина тұтқын алмасты, АҚШ пен Ресей келіссөздерді қайта бастады
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
-
Кәсіпкерлерге жақсы жаңалық: Аренда бағасы "қатып" қалуы мүмкін
Сауда және интеграция министрлігі қазақстандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдауға бағытталған түзетулер жобасын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді
Ақтөбе облысында көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар қар қалыңдығы мен тоңның тереңдігін күн сайын бақылап, өзендердегі мұзды әлсірету үшін жарылыс жұмыстарын жоспарлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
-
2025 жылы Khorgos Gateway арқылы жүк тасымалы артты
2025 жылы «Khorgos Gateway» арнайы экономикалық аймағындағы Құрғақ портта 372 мыңнан астам жиырма футтық балама бірлік (ЖФБ) өңделді. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 2 пайызға жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК бүгін, 6 ақпанда Ақтөбе мен Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Англияда үйсіз жүрген босқындар саны бірнеше есе артты – BBC
Соңғы төрт жылда Англияда үйсіз немесе баспанасыз қалу қаупі бар босқындар саны бес есе өскен. Үкімет деректеріне сәйкес, бұл көрсеткіш 2021-2022 жылдары 3 560 болса, 2024-2025 жылдары 19 310-ға жеткен. Бұл туралы BBC арнасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сарапшы пікірі: Жаңа Салық кодексіне өзгерістер наурыздан енгізіле бастайды
“1 қаңтардан күшіне енген Салық кодексіне өзгерістер енгізіле ме?” деген заңды сұрақ туады. BAQ.KZ тілшісі осы сұрауды, Салық кодексі өзгерсе, өзгеріс қашан енгізілетінін және нені өзгерту керегін сарапшыларға жолдап көрді.
-
Трамп ядролық қарусыздану жөніндегі жаңа келісімді қолдады
АҚШ президенті Дональд Трамп стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту туралы New START (СНВ-3) шартының мерзімі аяқталғаннан кейін ядролық қаруды бақылау жөнінде жаңа келісім әзірлеуді ұсынды. Ол бұл келісімді АҚШ үшін «жаман мәміле» деп атады. Бұл туралы BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап хабарлайды.
-
Алматыда тауда ауыр жарақат алған әйел құтқарылды
Алматыда тауда ауыр жарақат алған 35 жастағы әйел құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Куба АҚШ-пен қысымсыз диалогқа дайын екенін мәлімдеді
Куба кез келген тақырып бойынша АҚШ-пен келіссөздер жүргізуге дайын, бірақ қысым болмауы керек. Бұл туралы республика президенті Мигель Диас-Канель мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Алимент төлеуден қашқан: 3 жасар қызын уламақ болған әкенің соты басталды
Ол бірнеше апта бойы интернеттен уланудың адам ағзасына әсерін зерттеген.
-
Абу-Дабидегі келіссөз: Ресей мен Украина тұтқындарды алмастырды
АҚШ-тың делдалдығымен Абу-Дабиде өткен екі күндік бейбіт келіссөздерден кейін Украина мен Ресей сирек әскери тұтқындар мен бейбіт тұрғындарды алмастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Бір пәтер бірнеше адамға сатылған: Ақтауда үлескерлер мәселесі қайта көтерілді
Ақтауда «Жақсылық» тұрғын үй кешенінің үлескерлері құрылысты аяқтауды, пәтер кілттерін табыстауды немесе салынған қаражатты қайтаруды талап етіп, жауапты органдарға қайта жүгінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
-
Иран Парсы шығанағында екі танкерді ұстады
Иранның Ислам революциясы Сақшылар корпусының Әскери-теңіз күштері Парсы шығанағында контрабандалық отыны бар екі кемені ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Mehr агенттігіне сілтеме жасап.
-
АҚШ пен Ресей әскери келіссөздерді қайта бастады
АҚШ әскери ведомствосы Вашингтон мен Мәскеу жоғары деңгейдегі әскери диалогты қайта орнатуға келіскенін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
Наверх