Все новости за 3 ақпан 2026
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
Ақпан 2026
| Дү |
Се |
Сә |
Бе |
Жұ |
Сен |
Же |
|
26
|
27
|
28
|
29
|
30
|
31
|
1
|
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
|
23
|
24
|
25
|
26
|
27
|
28
|
1
|
-
-
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан шорт-тректен екі медаль алды
АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-тректен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкенттегі өзенде балықтар жаппай қырылып қалды
Шымкенттегі Бадам өзенінің жағалауынан жүздеген өлі балық табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті
Актер, режиссер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылордада 23 әскери қызметкері бар көлік апатқа ұшырады
Қызылордада жол апатынан 20 жастағы жігіт қаза тапты. Оқиға 2026 жылғы 2 ақпанда сағат 13:45 шамасында Сырдария ауданының Шаған ауылы тұсындағы Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент тас жолында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аида Балаева: Конституциялық реформалар – ел болашағын айқындайтын түбегейлі бетбұрыс
Астанада Мемлекет басшысының бастамасымен тағайындалған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық пен "Айбоз – 2025" ұлттық әдеби сыйлығы лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент депутаттары, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
4 ақпанда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 4 ақпанда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Болат Жәмішев: Алатаудың инфрақұрылымын мемлекет қамтамасыз етеді
Болат Жәмішев Алатаудың инфрақұрылымын мемлекет қамтамасыз етеді, қалғаны жеке инвесторлар еншісінде екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
160 мың теңгелік “елес-пәтер”: Жасөспірім 33 адамды алдады
Абай облысында 17 жастағы жасөспірім интернетте жалған хабарландырулар жариялап, 160 мың теңгеге жалған пәтерлерді беремін деп 33 адамды алдаған. Келтірілген жалпы шығын 665 мың теңгені құрады. Іс сотта қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа Ата заңда адам құқығы қалай күшейеді?
Елордада "Әділетті Қазақстанның Конституциясы" тақырыбындағы сарапшылық кездесу өтті. Онда Ата заң жобасының мәні жан-жақты сараланды. Басқосу барысында халықаралық жағдайдың өзгеруі, Қазақстанның геосаяси орны, мемлекеттілік тұғырлары, егемендік пен тәуелсіздікті қорғау, отбасы институты, билік транзитінің нақты бекітілуі және адам құқықтарының күшейтілуі секілді мәселелер сөз болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
WhatsApp жаңа пайдалы функцияны іске қосты
WhatsApp сканерді алмастырады. Жаңа функция құжаттарды тікелей чатта сканерлеп, PDF форматына аударуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"3 жасар қызы мен әйелін аяусыз ұрды": Баланың жағдайы белгілі болды
Дәрігерлер Талдықорғанда өз әкесі аяусыз ұрған үш жастағы қыздың жағдайы туралы хабарлады. Бала ауыр жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Эльвира Әзімова Конституциялық комиссияның алдағы жоспарын айтты
Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Әзімова Конституциялық комиссия жұмысы ары қарай мемлекеттік органдармен, азаматтық ұйымдармен жалғасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан үшін маңызды шешім: Қант, мыс, жеміс-жидек импортына баж алынбайды
Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі отырысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикасы үшін бірқатар маңызды шешім қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елнұр Бейсенбаев президент өкілеттігін шектеуге қатысты нормаларға тоқталды
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Ата заңның жаңа жобасындағы биліктің монополиялануына жол бермейтін нормаларға тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алатау қаласы халықаралық хабқа айналады — сарапшы
Алатау қаласы инвесторларға арналған бірегей құқықтық кепілдіктердің арқасында халықаралық хабқа айналады. Бұл туралы сарапшылар айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Конституция жобасында сөз бостандығына шектеулер жоқ – сарапшы
Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын талқылау медиақауымдастықтың ерекше назарын аударып отыр. Әсіресе сөз бостандығына берілетін кепілдіктер мен БАҚ жұмысына қойылуы мүмкін шектеулерге қатысты сұрақтар көп. Ең сезімтал мәселелердің бірі – адам құқықтары мен бостандықтарын іске асыру шектерін айқындайтын 23-бап. Осы нормаларға және жалпы Ата заң жобасына қатысты бағасын BAQ.KZ тілшісіне «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғаудың халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманкұлова берді.
-
Мемлекетіміз барда тіліміз ешқашан тұғырдан түспейді. Мемлекетті сақтауымыз, елдің бірлігін ойлауымыз керек – Ерлан Қарин
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық комиссияда қазақ тілі ешқашан тұғырдан түспейтінін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Исламабад әуежайында Қазақстан Президентіне құрмет көрсетілді
Мемлекет басшысын Исламабад әуежайында Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Конституция жобасында балалар құқықтары толық ескерілді – Динара Зәкиева
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева комиссия мүшелері Конституция жобасын дайындау барысында былтырғы қазаннан бастап тікелей айтылған және eOtinish-пен келген пікірлерді ескергенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Alatau City – Қазақстанның жаңа экономикалық орталығы
Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Мереке Құлкенов: Тіл мәселесін Конституциядан бұрын халықтың өзі шешуі керек
Қазіргі қоғамда ең көп талқыланып жатқан тақырыптардың бірі – жаңа Конституциялық реформа. Арнайы құрылған комиссия Ата Заңның 77-бабына өзгеріс енгізіліп, мәтіннің 84 пайызы қайта қаралғанын хабарлады. Жаңа заң жобасында «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» деген норма өзгеріссіз қалды. Алайда кейбір қоғам белсенділері жаңа жобада бұл бапқа өзгеріс енгізуді талап етіп отыр. Осыған байланысты Жазушылар одағының төрағасы әрі Конституциялық комиссияның мүшесі Мереке Құлкенов Ата Заңның жаңа жобасындағы тілге қатысты қоғамда айтылып жатқан сын-пікірлерге қатысты өз көзқарасын білдірді.
-
Ерлан Қарин қолданыстағы Ата заңның 1995 жылы қалай жазылғанын айтты
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қолданыстағы Конституцияны 12 адам жазғанын, оның үшеуі сырттан шақырылған сарапшылар болғанын айтты. Ал осы жолғы Конституциялық комиссияның құрамына 130 адам кірген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан Ұлттық банкі «Олимпиада–2026» тақырыбындағы естелік монетаны шығарады
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «Спорт» сериясынан «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» атты коллекциялық монеталарын айналысқа шығарғанын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылордада жол апатынан 20 жастағы жүргізуші қаза тапты
Оқиға 2 ақпан күні сағат 13:45 шамасында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шаған ауылының тұсындағы «Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент» тас жолында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңа Конституцияда егемендік пен тәуелсіздік ұғымдары ерекше құндылық ретінде айқындалды – Қарин
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жаңа Конституция жобасында тәуелсіздік, егемендік, мемлекеттілік, аумақтық тұтастық секілді ұғымдар мемлекеттің басты құндылығы, негізгі басымдығы ретінде айқындалып, орныққанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Еліміздің аумақтық тұтастығына ешқашан қол сұғылмайды – Қарин әлеуметтік желідегі алып-қашпа әңгімені жоққа шығарды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық комиссияда әлеуметтік желіде “елдің әкімшілік-аумақтық тұтастығы өзгереді” дегендерге жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үнзила Шапақ: Қазақстан халықаралық міндеттемелерден бас тартпайды
Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Конституциялық комиссияның кезекті отырысында ұсынылған Конституция жобасында халықаралық шарттарға қатысты үш негізгі ереже көзделгенін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Құрылтай мүшелері министрлерді отставкаға жібере алады
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Конституцияның жаңа жобасындағы өзгешелік туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа Ата заң: Депутат жер мәселесі туралы сұраққа жауап берді
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Конституцияның жаңа жобасындағы ең көп талқыланып жатқан мәселенің бірі – жер туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа Конституция жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды
Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары сараптамалық талқылаудан өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
eOtinish-ке Конституция реформасына байланысты 4 мыңнан аса ұсыныс түскен
Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов жаңа Конституцияның жобасы қоғамда кеңінен талқыланып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат: Конституциялық комиссияның ашық жұмысы – қоғам сенімінің кепілі
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ажар Сағандықова елордада өткен «Әділетті Қазақстанның Конституциясы» сарапшылық кездесуінде мәлімдеді.
-
Әскери оқу орындарына өтініштер енді толық онлайн қабылданады
2026 жылдан бастап әскери білім алуға ниетті талапкерлер үшін құжат тапсыру тәртібі түбегейлі өзгерді. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарына қабылдауды цифрлық форматқа көшіріп, өтініштерді eGov.kz порталы арқылы онлайн қабылдауды іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан Азияға астық жеткізу көлемін екі есеге арттырды
Қазақстан өңірдегі негізгі астық жеткізушілерінің бірі ретіндегі ұстанымын сақтап, экспорттық әлеуетін арттырып, жеткізу географиясын кеңейтіп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ата Заң жобасында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде айқын көрініс тапқан – Конституциялық комиссия
Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов Конституциялық комиссияның бүгінгі отырысында жаңа Конституция жобасындағы мемлекеттік тілдің мәртебесіне тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Адам ұрлау, бопсалау және өрт қою: Астана мен Алматыда қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Астана және Алматы қалаларында ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ-ге сілтеме жасап.
-
ҚР Президентінің сапары: Исламабадта Қазақстан туы мен Тоқаевтың портреттері ілінді
«Борт №1» телеграм-арнасы Исламабадта Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапарына дайындалып жатқан кездегі видеосын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Респонденттердің 78 пайызы Конституциялық реформаны қолдайды – Шаймарданов
Стратегиялық зерттеулер институтының басшысы Жандос Шаймарданов жақында Қоғамдық пікір институты Конституциялық реформаға қатысты өткізген сауалнаманың нәтижесімен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мал шаруашылығы өсім көрсетті: Өндіріс артты, экспорт ұлғайды
Өткен жылдың қорытындысы бойынша мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,8 трлн теңгеге жеткен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға артық. Қазір бұл сала елдегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 40 пайызын қалыптастырып отыр. Бұл туралы Ауылшаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Индира Рыстина: Конституциялық реформалар қоғам өміріне тікелей әсер етеді
Бұл туралы ЕҰУ проректоры Индира Рыстина Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен ҚР Конституциясының жаңа жобасын сараптамалық талқылау барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
WhatsApp пен желі арқылы мазалау: Полиция сталкинг деректерін тексеріп жатыр
Павлодар облысының полициясы сталкинг фактілері бойынша төрт қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
21-бап: Қазақстанда жеке өмірді кім қорғайды?
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасында ұсынылған 21-бап қоғам алдына бұрын-соңды дәл осылай өткір қойылмаған сұрақты шығарып отыр. Мемлекет пен азаматтың жеке өмірі арасындағы шекара қай жерде аяқталады? Бұл мәселе бүгінде тек құқықтық емес, толыққанды қоғамдық-саяси сипатқа ие. Бұл туралы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушы Мейіргүл Жетпісбаева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанның қарызын кім қайтарады? – депутат түсіндірді
Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Қазақстанның сыртқы және мемлекеттік қарызын басқару мәселесіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қарыз саясаты қазіргі экономикалық жағдайда ерекше бақылауды талап етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Арал – ұлттық жауапкершілік: Өңірдегі жұмыстар қандай нәтиже беріп жатыр?
Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Арал теңізінің тағдырын тек экологиялық емес, ұлттық қауіпсіздік пен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік мәселесі ретінде атап өткен болатын.
Президент өңірдегі экожүйені қалпына келтіру, су ресурстарын тиімді басқару және халықаралық әріптестікті күшейту қажеттігін нақты тапсырмалармен айқ
-
Атыраудағы қанды қылмыс: Күдіктінің бес баласы мемлекет қорғауына өтті
Халықаралық іздеу жарияланған күдікті Сұлтан Сәрсемалиевтің 5 баласы мемлекет қамқорлығына өтті. Бұл туралы Атырау облысының білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2 жыл ма, 8 жыл ма: Мектеп директорына қанша уақыт беру керек?
Мектеп директорын қанша жылға тағайындаған дұрыс? Осы сұрақ соңғы уақытта қоғамда қызу талқыланып жатыр. Білім саласы мамандары директор – мектептің «жүрегі» екенін алға тартып, қысқа мерзімде жиі ауыстыру нақты нәтижеге жеткізбейтінін айтады. BAQ.KZ тілшісі тәжірибелі педагогтердің пікірін саралады.
-
Тараздағы фосфор зауытындағы апат: Ауыр күйік алған жұмысшы қайтыс болды
Тараз қаласында Новожамбыл фосфор зауытының жұмысшысы өндірістік оқиғадан кейін көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ КТК-ға сілтеме жасап.
-
Қазақстанда ақылы жолдардың бірқатары тегін болады
Республикалық маңызы бар бірнеше ақылы автожол учаскелерінде қозғалыстың қауіпсіздігі мен үздіксіздігіне әсер ететін дефекттер анықталған. Осыған байланысты, Көлік министрлігі Автокөлік жолдары комитетімен бірлесе отырып, ақау тіркелген ақылы учаскелердің кейбір бөліктерінде уақытша жол ақысы алынбайтынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа алған компаниялар салықты аз төлейді
Депутат Ерлан Әбдиевтің жетекшілігімен Мәжіліс депутаттары «Инклюзивті Парламент» депутаттық тобының отырысын өткізді. Күн тәртібінде мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне қатысты салықты реттеу мәселесі қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қосшыда қалыңдық тойға дайындық кезінде 1,5 млн теңгемен “жоғалып” кетті
Қосшы қаласында жас жігіт үйленуге дайындық кезінде қалыңдыққа жұмсаған 1,5 млн теңгеден айырылған. Жігіттің болашақ қалыңдығы бірнеше ай бойы бірге тұрған соң қарым-қатынасты тоқтатып, қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермей кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қаламгерлер Конституциялық реформаны талқылады
Қазір қоғамда ең көп талқыланып жатқан тақырыптардың бірі - жаңа Конституциялық реформа. Мемлекеттің негізгі құжатына енгізілетін өзгерістер әр сала өкілдерінің қызу пікірталасына ұласып, түрлі ұсыныстар айтылуда. Осы орайда еліміздің жазушылары мен қаламгерлері де шет қалмай, Конституцияның жаңа жобасын талқылауға арналған арнайы жиын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа Ата заң: "Әділетті Қазақстан" идеясы құқықтық негізге айналады
Конституцияның жаңа жобасында "Әділетті Қазақстан" идеясы құқықтық негізге айналады. Бұл туралы Сенат депутаты Әлішер Сатвалдиев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен сараптамалық талқылау барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Абай облысында автобус аударылды: 50 адам зардап шекті
Семей – Қайнар трассасында 31 қаңтар күні таңертең 50 жұмысшы мінген автобус аударылды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді, өміріне қауіп жоқ. Полиция апат себептерін анықтап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда қылмыс әлемінің "серкесі" қолға түсті
Алматыда ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен аса ірі көлемде қорқытып, бопсалаушылық жасады деген күдікпен қылмыс әлемінің «серкесін» ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жұмысынан айырылған Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды
Қарағанды облыстық спорт басқармасының экс-басшысы Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
iPhone, ноутбук, теледидар: Сауда үйінде жалған промокодтар арқылы алаяқтық жасағандар ұсталды
Астанада сауда үйінің қызметкері бастаған алаяқтар тобы бір жыл бойы жалған промокодтар арқылы тұрмыстық техника мен электрониканы төмен бағамен сатып алып, үшінші тұлғаларға сатқан. Келтірілген залал 473,6 млн теңгені құрады.
-
«Ауыл» партиясы Конституциялық реформаны тарихи қадам деп бағалады
Бүгін елордада «Ауыл» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Әлем оны әкесі соққыға жығу үшін құтқарған жоқ": Жәбірленген 3 жасар қыз туралы жаңа деректер пайда болды
Талдықорғанда үш жасар қыздың аяусыз соққыға жығылуына қатысты оқиға жаңа мәліметтермен толықты. Қайырымдылық қорының жетекшісі Екатерина Доброва әлеуметтік желідегі жазбасында баланың бұрын ауыр дертпен күрескенін және оны әкесінің зорлық-зомбылығынан қорғау үшін атқарылған жұмыстар туралы ашық жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Баталов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Райымбек Баталов Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
«Қорғас» кеден бекеті екі аптаға жабылады
Қытайда Жаңа жыл мерекесіне байланысты Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы орталығы 14 күнге уақытша жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Конституциялық реформаның жаңа кезеңі: Қазақстан Негізгі заңды неліктен қайта қарап жатыр?
Конституцияны қайта қараудың себептері, негізгі жаңашылдықтар мен ұсынылып отырған өзгерістердің логикасы туралы BAQ.KZ тілшісіне сұхбат берген “Қазақстандық қоғамдық даму институты” КеАҚ басқарма төрайымы Жұлдызай Ысқақова айтып берді.
-
Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім мен инвестициялық белсенділік артты
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу өнеркәсібін дамыту, экономиканы әртараптандыру және инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде 2025 жылы негізгі салаларда тұрақты өсім қамтамасыз етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде сталкинг үшін айыппұл мен қамау жазасы қарастырылған – ІІМ
ІІМ азаматтардың жеке өмірі мен қауіпсіздігі заңмен қорғалатынын, ал аңду, қайта-қайта мазалау қылмыс екенін еске салады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жанжалдан кейін: Серік Сәпиев пен оның орынбасары қызметтен кетті
Қарағандыда спорт кешенінде болған жанжалдан кейін Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз өтініштерімен қызметтерінен босатылды. Полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлемде: АҚШ пен Үндістан келісімі, Венгрияның ЕО-ға шағымы және Ирандағы қауіп
АҚШ пен Үндістан сауда келісімі, Венгрияның ЕО-мен дауы, Ирандағы ықтимал наразылықтар, Ыстамбұлдағы метро апаты және ДДҰ-ның дағдарысы – BAQ.KZ тілшісі әлемдегі маңызды бес жаңалыққа шолу жасап, назарларыңызға ұсынады.
-
Қазгидромет көктемде су тасқыны қаупі жоғары өңірлерді атады
Биылғы көктемде Қазақстанның кемінде бес өңірінде су тасқыны қаупі күшеюі мүмкін. Елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында топырақтың терең қатуы, сондай-ақ қар мен ылғал қорының нормадан артық жиналуы байқалады. Мұндай жағдай қардың күрт еруіне және судың жылдам ағуына әкелуі ықтимал, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Конституциялық реформа және Халық кеңесі: Қоғам мен билік диалогының жаңа кезеңі
Қазақстанда Конституцияның жаңа редакциясы талқыланып жатқан тұста Халық кеңесінің жұмысы қоғам мен билік арасындағы ашық диалогты күшейтті. Реформа бизнеске, инвестициялық ахуалға және құқықтық тұрақтылыққа қалай әсер етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Туған-туысқа үлестірілген миллиардтар": Депутат МӘМС жүйесін сынады
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) жұмысына қатысты өткір сын айтып, Қордың сыбайлас жемқорлық пен бюджет қаражатын жымқыруға жағдай жасап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шетелге заңсыз темір рудасын сатқандар анықталды
Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Уолл-стрит қайта жанданды: АҚШ-та акциялар күрт қымбаттады
Ақпан айы Уолл-стритте акциялардың өсімімен басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мен Вьетнам сауда байланысын арттырады
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Вьетнам Социалистік Республикасы Премьер-министрінің тұрақты орынбасары Нгуен Хоа Бинмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шаққалиев Конституция жобасының бизнеске әсерін түсіндірді
Елімізде Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясы жобасын талқылау аясында маңызды әрі мазмұнды қоғамдық диалог жүріп жатыр. Бұл – формалды үдеріс емес, мемлекеттің қоғаммен бірге ел болашағы жөнінде жүргізіп отырған ашық әрі жауапты пікір алмасуы. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мүгедектікті белгілеу: биыл 9,1 мың өтінім сырттай қаралды
2026 жылдың басынан бері Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) аясында мүгедектікті белгілеуге қатысты 9,1 мың өтінім сырттай форматта қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Клинтондар Эпштейн ісі бойынша куәлік беруге келісті
АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон мен оның әйелі Хиллари Клинтон, бұрынғы Мемлекеттік хатшы, Джеффри Эпштейнге қатысты тергеу аясында Конгресске куәлік беруге келісім жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа ластанады
Бүгін, 3 ақпанда Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Қостанай облысында такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі адам сотталды
Қостанай облысының аудандық соты автокөлік ұрлау және такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасау дерегі бойынша екі тұрғынға үкім шығарды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ДДҰ басшысы 2025 жылды ұйым тарихындағы ең қиын кезеңдердің бірі деп атады
2025 жыл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) үшін ең ауыр кезеңдердің бірі болды. Бұл туралы ұйымның бас директоры Тедрос Адан Гебрейюс мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Әуеден барлау: өрт сөндірушілерге жол беріле ме?
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі «Заң және тәртіп» қағидаты аясында шұғыл қызметтерге басым әрі кедергісіз жол беруді насихаттайтын «Жол бер!» республикалық профилактикалық акциясын жалғастырып жатыр. Аталған акция Алматы мен Шымкент қалаларында да өткізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ыстамбұлда метро пойызы рельстен шығып кетті
Ыстамбұлдың Эсенлер ауданында метро пойызы рельстен шығып кетті. Бұл туралы 2 ақпанда AHaber телеарнасы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ шабуылы Ирандағы наразылықтарды қайта тұтатуы ықтимал – Reuters
Иран басшылығы АҚШ тарапынан жасалуы мүмкін соққы ел ішінде жаңа жаппай наразылықтар туғызып, биліктің тұрақтылығына қауіп төндіруі ықтимал деп алаңдайды. Бұл туралы Reuters агенттігі қазіргі және бұрынғы алты ирандық шенеунікке сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ресей газына тыйым: Венгрия ЕО сотына жүгінді
Венгрия билігі Ресей Федерациясынан энергия ресурстарын импорттауға тыйым салатын REPowerEU ережесінің күшін жоюды талап етіп, Люксембургтегі Еуропалық Одақ сотына арыз берді.
-
Жеке балабақшада бес бала көміртегі тотығымен уланған
Дағыстанның Параул ауылындағы жеке балабақшада бес бала көміртегі тотығымен уланған. Алдын ала мәліметке сәйкес, бір баланың жағдайы ауыр болды. Барлық балалар ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
АҚШ пен Үндістан сауда келісіміне қол жеткізді – Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен телефон арқылы сөйлескеннен кейін екі ел арасында сауда келісіміне қол жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-е сілтеме жасап.
-
Үш жасар бала дене жарақатымен ауруханаға түсті: әкесі қамауға алынды
Жетісу облысында үш жасар балаға қатысты зорлық фактісі тіркелді. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх