Все новости за 12 қыркүйек 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Маңғыстауда 320 жұмысшының құқығы қорғалды: еңбек инспекциясы 240 млн теңге өндірді
2025 жылдың басынан бері Маңғыстау облысында мемлекеттік еңбек инспекциясы өңірдегі 19 кәсіпорында еңбекақы төлемеудің деректерін анықтады.
-
Аяз, тұман: 17 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 13 қыркүйекте Қазақстанның 17 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.
-
Семейлік адвокат лицензиясынан айырылмайтын болды
Семейлік адвокат полиция қызметкерімен туыстық қарым-қатынасына байланысты лицензиясынан айырылмайтын болды.
-
ТЖМ тікұшағы науқасты шұғыл түрде Өскеменге жеткізді
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» авиация бөлімшесінің экипажы Өскеменге шұғыл медициналық эвакуация жасады.
-
Қазақстанда газ өндіру 7 айда 9,2%-ға артты
ҚР Энергетика министрлігі елімізде табиғи газ өндіру көлемінің өскенін мәлімдеді.
-
Грантпен оқыған ҚазҰУ түлегі 2,5 млн теңгені мемлекетке қайтаруға міндеттелді
ҚазҰУ түлегіне мемлекеттік грантпен оқығаны үшін 2,5 млн теңге қарызды қайтару міндеттелді. Ол оқу бітірген соң белгіленген жерде жұмыс істемеген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қай елде шетелдік фильм мен бағдарлама көргендер ату жазасына кесіледі?
Бұл елде шетелдік фильмдер мен телесериалдарды көрген азаматтар жиі өлім жазасына кесіледі. Есеп елдегі қатаң бақылау, аштық және мәжбүрлі еңбек туралы деректерді қамтыды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Қазақстанда кімдер iPhone 17-ні бір айлық жалақысымен сатып ала алады
Қазақстанда жаңа iPhone 17 бағасы 429 мың теңгеден басталады. Сарапшылардың есебінше, қазақстандықтарға оны сатып алу үшін 37 жұмыс күні немесе 1,7 айлық жалақы қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Finprom-ға сілтеме жасап.
-
Судың "көлеңкелі" нарығына қарсы республикалық деңгейде күрес басталды
Су ресурстары және ирригация министрлігі Бас прокуратура және ІІМ-мен бірлесіп, судың "көлеңкелі" нарығын жоюға бағытталған жұмыс тобын құрады. Бұл туралы ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов аппарат кеңесінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтау прокуроры қызметінен уақытша шеттетілді
Ақтаулық прокурор Ерболат Әбдіров қызметінен уақытша шеттетілді. Оған қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр. Маңғыстау облыстық соты істің апелляциясын қарайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Америкалық саясаткер Чарли Кирктің қазасы: күдіктіні өз отбасы ұстап берген
АҚШ-та Чарли Киркті өлтірді деген күдікті Тайлер Робинсон ұсталды. Оны отбасы мүшесі әшкерелеген. ФБР оқиға орнынан қару мен жазуы бар гильзаларды тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Көкшетауда ер адам шатырдан үйіне түспек болып, құлап кете жаздады
Көкшетау қалалық полиция басқармасына түскен дабылға дер кезінде жеткен тәртіп сақшысы ер адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Пәкістан мен Израиль арасында сөз таласы өршіді
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Израиль мен Пәкістан өкілдері арасында өткір сөз таласы болды. Израиль өкілі Пәкістанды террористерге пана берді деп айыптаса, Пәкістан мұны "абсурд" деп атап, Израильді агрессор және оккупант деп сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Anadolu Ajansi-ге сілтеме жасап.
-
Сот үкім шығарды: Оралда майор мас күйінде қызметтік көлікпен полициядан қашқан
Оралда полиция майоры мас күйінде қызметтік көлікпен қашуға тырысқан. Сот оны кінәлі деп танып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды және 157 280 теңге айыппұл салды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қиын жағдайға тап болған кезде көмекті қайдан алуға болады?
Қазақстанда соңғы жылдары суицид мәселесі жиі көтеріліп жүр. Өкінішке қарай, мұндай қадамға көбіне жастар мен жасөспірімдер барады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, суицид – 15-29 жас аралығындағы адамдар арасындағы өлімнің негізгі себептерінің бірі. Бұл көрсеткіш біздің ел үшін де өзекті. Адам қиын жағдайға тап болған кезде қайдан көмек ала алады? Алматыдағы BAQ.KZ тілшісінің мақаласында оқып танысыңыз.
-
Таразда 22 жастағы ұлы өз анасын зорлаған
Таразда 41 жастағы әйел өзінің ұлына қатысты полицияға арыз түсіріп, зорлады деп айыптаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қай жерде жүрсең де, ата-анаға құрметті ұмытпау керек – Ардақ Назаров
Депутат Ардақ Назаров Мәжіліс отырысында анасын мерейтойымен құттықтаған сәтіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Нарынқол шекара отрядының әскери қызметшілері жаңа баспанаға ие болды
Райымбек ауданында шекара қызметі қызметкерлеріне арналған жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Салтанатты түрде пәтер кілттері Нарынқол шекара отрядында табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан тарихының екінші томы баспаға дайын
Бүгін Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етуімен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық басылымды әзірлеуге қатысты редакция алқасының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ
-
Семей мен Өскеменде жаңа ЖЭО-ны кім салатыны белгілі болды
"Самұрық-Энерго" компаниясы Семей және Өскемен қалаларында жылу электр орталықтарын (ЖЭО) салумен айналысады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Қайрат" – "Реал" матчы: Алматыға қанша мадридтік жанкүйер келеді
30 қыркүйек күні Алматыда өтетін Чемпиондар лигасының “Қайрат” – “Реал Мадрид” матчына мыңнан астам испан жанкүйері келеді деп күтілуде. Олар өз командаларын қолдау үшін 6500 шақырымнан астам жолды еңсереді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Ауылға барған дәрігерге 8,5 миллион теңге беріледі
Қазақстанда ауылдық жерлерге жұмысқа баратын медицина мамандарына әлеуметтік қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бронетехникадан оқ-дәрілерге дейін: Қазақстанның қорғаныс индустриясы жайлы не білеміз?
Қазақстанда қорғаныс өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Соңғы жылдары елде тек бронетехника емес, сонымен қатар жауынгерлік модульдер, радиолокациялық жүйелер, дрондар, жол-құрылыс техникасы мен оқ-дәрілерді толық циклде өндіру жобалары жүзеге асырылып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Қазақстанда жасалған": Отандық өндіріс шетел өнімінің орнын басуға дайын
Қазақстанда қасбеттік материалдар шығаратын алғашқы кәсіпорын – “Metal Former” зауыты да “Келешек мектептері” ұлттық жобасына қатысып отыр. 2023 жылы Мемлекет басшысының қатысуымен ашылған өндіріс орны бүгінде алюминий профильдері мен қасбеттік шешімдерді шығарып, импортты алмастыруға үлес қосып келеді.
-
Президент Бас прокурорды қабылдап, заң үстемдігі мен активтерді қайтару жайын талқылады
Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады. Президентке елдегі заң үстемдігінің жай-күйі мен прокуратура қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыс нәтижелері баяндалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Астана рекордтық көлемде инвестиция тартты
Астана қаласы еліміздің мәдени және әкімшілік орталығы ғана емес, сонымен бірге ірі бизнес орталыққа айналып келеді. Қаланың инвестициялық тартымдылығы жылдан жылға артып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы облысында оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады: екі адам қаза тапты
Алматы облысында оқушыларды алып келе жатқан автобус жеңіл автокөлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлттық жоба: Коммуналдық сектор цифрландырылып, Smart Turmys платформасы құрылады
Вице-премьер Қанат Бозымбаев "Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту" (ЭКСЖ) жөніндегі ұлттық жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қостанай облысында Telegram арқылы діни алауыздықты қоздырған тұрғын ұсталды
Қостанай облысында әлеуметтік желіде радикалды мазмұндағы материалдар таратқан 42 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Маңғыстаудағы жол апаты: Дәрігерлер тірі қалғандардың жағдайын айтты
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, апаттан кейін үш жолаушы жарақаттарымен Жаңаөзен қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада тұмауға қарсы тегін вакцинация басталады
Астанада 15 қыркүйектен бастап иммундау науқаны ресми түрде басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Кезекте кім": Еліміздегі футбол клубтары жекешелендіруге дайындалып жатыр
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында футбол клубтарын жекешелендіру жұмысын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы белгілі кәсіпкерлер Қазақстанның 4 футбол клубының иесі атанғанын хабарлады. Қазақстанда футбол клубтарын жекешелендіру бойынша қандай жұмыстар жүріп жатқанын BAQ.KZ тілшісі анықтады.
-
Алматы әуежайындағы жанжал ісі: Ақтау прокуроры Ерболат Әбдіров сотта ақталып шықты
Алматы әуежайындағы оқиғаға байланысты "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша айыпталған Ақтау прокуроры Ерболат Әбдіров сотта кінәсіз деп танылды. Сот ісі тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жол апаты: Қаза тапқандардың туыстарын Маңғыстау облысына жеткізу үшін борт жіберілді
ІІМ Ұлттық ұлан борты жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарын Маңғыстау облысына жеткізу үшін жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда жалған полицейлер тұрғындардан ақша бопсалаған
Алматыда өзін полицейлер ретінде таныстырып, тұрғындардан ақша бопсалаған адамдар тобы ұсталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда 10 мыңнан астам адам мәйіттік донор болуға келісім берген
Қазақстанда 5 мыңға жуық адам ағза ауыстыруға мұқтаж, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
LIVE: Бір палаталы Парламент партиялардың күшеюіне серпін береді – Әлихан Байменов
8 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Жолдауда айтылған саяси реформалардың ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің қос палаталы жүйеден бір палаталы жүйеге ауысуы кеңінен талқыланып жатыр. Осы орайда BAQ.KZ студиясына Мемлекеттік басқару саласында тәжірибесі мол сарапшы, Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқару комитетінің төрағасы Әлихан Байменовті шақырдық.
-
Шымкентте 5-қабаттан құлаған ер адамға 5 рет ота жасалды
Шымкентте ер адам 5-қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Дженнифер Лопеске сыйлық": Қазақстанда жасалған парфюмнің иісі әлемге тарап жатыр
Елордада Орталық Азиядағы толық цикл бойынша парфюмерия өндіретін жалғыз фабрика жұмыс істейді. Оның өндірістік қуаты – жылына 5 млн флаконға дейін. Шамамен 90% өнім ТМД елдеріне және Таяу Шығысқа экспортталады.
-
Әлемде: Польшадағы дрон дағдарысы, АҚШ-тағы саяси қастандық және Непалдағы қанды наразылықтар
Соңғы тәулікте әлемде бірқатар ірі оқиғалар орын алды: Польша аумағына ресейлік дрондардың енуі, АҚШ-та Чарли Керктің қастандықпен өлтірілуі, Израильдің Дохадағы әуе шабуылы, Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісі және Непалда жастар көтерілісінен кейін премьер-министрдің отставкаға кетуі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандағы тұрғын үй бағасы
2025 жылдың тамыз айында Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттауды жалғастырды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жаңа салынған үйлердің құны бір жылда 11,3%-ға артқан. Ал екінші нарықтағы пәтерлер 8,8%-ға көтерілген
-
Әр секунд қымбат: Таразда полицейлер тынысы тарылып жатқан балаға көмектесті
Таразда полицейлер жедел әрекет етіп, тынысы тарылып жатқан баланы жедел ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бекет-Атаға бара жатқан: 10 адам қаза тапқан қайғылы апат жайлы жаңа деректер шықты
Маңғыстау облысында Бекет-Атаға зияратқа бара жатқан 10 адам қаза тапқан жол апатының жаңа деректері белгілі болды. ІІМ тергеуді бақылауға алып, жедел штаб құрды. Жүргізушінің әрекеті мен көліктің техникалық жағдайы тексерілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әкесін өлімші етіп ұрған ер адамның әйелінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Түркістан облысында әкесін өлімші етіп ұрған ер адамның әйелінің үстінен де қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ресей Үкіметі салық көбейтуді ойластырып жатыр
Әскери шығындардан ұлғайып кеткен бюджет тапшылығын азайту үшін Ресей Үкіметі қосылған құн салығын (ҚҚС) көтеру мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ The Bell басылымына сілтеме жасап.
-
"Еңбек жолы" байқауы: үздік тәлімгерлер 1,2 мыңнан астам жас маманды дайындады
«Еңбек жолы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары 1,2 мыңнан астам жас маманды дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қоян безгегі: Павлодар облысында екі бала дертке шалдықты
Павлодар облысына қоян безгегін жұқтырған екі бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
70 жастағы Бразилияның бұрынғы президенті мемлекеттік төңкеріс жасағаны үшін 27 жылға сотталды
Бразилияның Жоғарғы соты бұрынғы президент Жаир Болсонароға мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деген айып тағып, 27 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы бразилиялық G1 порталы хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қайтарылған актив: 5,6 млрд теңге Абай облысында медициналық нысандардың құрылысына жұмсалуда
Қазақстанда заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен әлеуметтік нысандар салу жұмыстары жалғасып жатыр. Арнаулы мемлекеттік қордан Абай облысына денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асыруға 5,6 млрд теңге бөлінді. Қаражат өңірдегі инфрақұрылымды жақсартуға және медицина сапасын арттыруға бағытталған.
-
Непалда Hilton қонақ үйі өртенді
Катмандуда наразылық білдірушілер Hilton қонақ үйін өртеп жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әкесін ұрған асаба: Агрессия психологиясы мен қарттардың әлеуметтік осалдығы
Түркістан облысындағы әкесін аяусыз ұрып, балағаттаған ер адамның видеосы желіде таралып, көпшіліктің наразылығын тудырды. Артынша бейнежазбадағы ер кісінің ауылдағы мәдениет үйінде қызмет атқаратыны, асаба болып тойларға шығатыны белгілі болды. Халықтың ықыласына бөленіп жүрген жанның өз әкесіне деген осыншалықты қатыгездігіне психологиялық тұрғыдан не себеп болуы мүмкін? Жалпы Қазақстанда қарттар қаншалықты қорғалған? BAQ.KZ тілшісі бұл сауалдарға әлеуметтанушы және психолог маманмен бірге жауап іздеп көрді.
-
Күн бетінен кір іздемей, нұр іздеген жан – сұхбат
Біз бүгін қазақ журналистикасы тарихында өзіндік қолтаңбасы бар, бірнеше шәкірт тәрбиелеп, аудандық басылым беделін биіктетуге зор үлес қосып, құрметті еңбек демалысына шыққан журналист, жазушы, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Сансызбай Бертайұлы Махамбетқұловпен әңгіме өрбіттік. BAQ.KZ тілшісінің жалпы ауыл-аймақтардағы газет-журналдардың шығуы, таралуы, оқырман жинауы төңірегінде қойған бірнеше сауалына аудандық газеттің бұрынғы басшысы бүкпесіз жауап берді.
-
Азия кубогі: Қазақстан семсерлесуден алтын медаль жеңіп алды
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Ташкенттегі кадеттер арасындағы Азия кубогінің екінші күнінде бірқатар жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Мен шегінбеймін". Путин Украинаға, Еуропаға және Трампқа жолдауын жеткізді – NYT
Ресей президенті Владимир Путин Украинаға қарсы соғысты тоқтатудың шарттарын өзі белгілейтінін батыл түрде көрсетіп жатыр. Бұл туралы америкалық The New York Times (NYT) басылымындағы мақалада айтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ "Gordon" басылымына сілтеме жасап.
-
Мұғалім, әкім… енді "Атырау" футбол клубының директоры
"Атырау" футбол клубына Қуандық Жакиялиев директор болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ-та жасөспірім мектепте оқ жаудырып, өз-өзіне қол жұмсады
АҚШ-тың Денвер қаласының маңында қайғылы оқиға болды: Evergreen High School мектебінің 16 жасар оқушысы қатарластарына оқ жаудырып, кейін өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жемқор емес ЖИ: Албания әлемде бірінші болып министр лауазымына жасанды интеллект тағайындады
Албанияның премьер-министрі Эди Рама ЖИ роботы басқаратын виртуалды министрлік құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астана әкімі жол жөндеуге қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жөндеуден өтетін көшелер жайлы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жамбылда баланы зорлаған ер адам 22 жылға сотталды
Жамбыл облысында балаға зорлық жасаған ер адам 22 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх