Все новости за 10 қыркүйек 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Әлем чемпионаты: Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікеева жартылай финалға өтті
Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық қос боксшы жартылай финалға шығып, кемінде қола жүлдені қоржынға салды.
-
Бұршақ, тұман: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 11 қыркүйек күні Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
-
Семейде екі жұмысшы кәріз құдығында есінен танып қалған
Семейде полицейлер дер кезінде әрекет етіп, кәріз құдығында есінен танып қалған екі жұмысшыны аман алып шықты.
-
Атыраулықтар жолдың бір айдан бері жабық тұрғанына шағымданды
Атырау облысында Томарлы – Жұлдыз тас жолының бір айдан бері жабық тұруы жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды.
-
Елімізде балаларға арналған сурдлимпиялық спорт секциялары көбейеді
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде есту қабілеті бұзылған балаларға арналған спорт секцияларының санын арттыру тапсырылды.
-
Медицина қызметкерлері тоқсан сайын 1,7 млн теңге алуы мүмкін
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (МСАК) медицина қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентінің жаңартылған жүйесін ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндік: eGov Business қосымшасы жаңартылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда бизнестің мемлекетпен өзара іс-қимылын жеңілдетіп, оның қызметінің барлық кезеңінде цифрлық шешім енгізуге арналған кешенді цифрлық экожүйе қалыптастырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тілін шығарған судьяға қатысты шешім қабылданды
Шымкентте Судья әдебі жөніндегі комиссия қылмыстық соттың төрағасы Әбінұр Қарабаевқа қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ӘЧ: Нұрбек Оралбай мен Сағындық Тоғамбай жарысты аяқтады
Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын медальсіз аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Солтүстік Аралдағы су көлемі жоспардан бұрын артты
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Арал теңізіндегі судың көлемін арттыру жұмысын жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Таза орман": Бурабайдағы Бөлектау тауында жаңа экожол ашылды
2025 жылғы 4 қыркүйекте Бурабай ұлттық паркінде «Таза орман» экологиялық акциясы өтті. Іс-шара Орталық Азияның Тұрақты Даму Қоры Creative Innovation Institute бастамасымен, Бөлектау тауына жаңа экотропаның таныстырылымы қарсаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан жаһандық таланттар рейтингінде 34-орынға ие болды
2025 жылғы 9 қыркүйекте IMD Халықаралық менеджментті дамыту институтының Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы IMD World Talent Ranking 2025 нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлем чемпионаты: Төрехан Сабырхан жартылай финалға шықты
Ливерпульде өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында Төрехан Сабырхан жартылай финалға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Kazinform ақпарат агенттігіне – 105 жыл
Бүгін Президент орталығында «Kazinform»Халықарылық ақпарат агенттігінің 105 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ермұрат Бәпи Жолдауды "жаңа саяси кезеңнің бастауы" деп атады
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауын қоғам үшін маңызды бетбұрыс ретінде бағалап, бұл құжатта айтылған парламенттік реформа бастамасын кеңінен қолдайтынын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат Алатау қаласының дамуын жеделдетуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында Алматы агломерациясындағы жаңа Алатау қаласының инфрақұрылымын дамыту мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Несие алсаң – жәрдемсіз қаласың: Министр жаңа құжатты түсіндірді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова несие алған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек (АСП) көрсетуге қатысты бастаманы түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Экологтар ескертті: Сорбұлақ суы ауылдарды шайып кетуі мүмкін
Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов Үкімет басшысы Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында Сорбұлақ кәріз суы қоймасындағы экологиялық қауіпке ерекше назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
БЖЗҚ: Адам қайтыс болса, ақшаны кім алады?
Зейнетақы қорында жиналған қаржы – әрбір азаматтың жеке меншігі. Ал иесі қайтыс болған жағдайда бұл жинақ қалай беріледі, кім мұрагер бола алады – көпшілікті алаңдататын өзекті мәселе. Осы сұрақ төңірегінде BAQ.KZ редакциясы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) ресми сауал жолдаған болатын.
-
Халықаралық сарапшы: Үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі жоқ емес
Қатар – өз аймағындағы ең беделді делдал елдердің бірі. Соңғы жылдары ол тек аймақтық емес, жаһандық деңгейдегі даулы мәселелерді шешуге араласып жүр. Дегенмен Израильдің Газаға жасаған шабуылынан кейін халықаралық құқықтың беделі мен әлемдік қауіпсіздік жүйесінің әлсіреуі күн тәртібіне қайта шықты. Саясаттанушы, халықаралық қатынастар бойынша сарапшы Риззат Тасым оқиғаға қатысты BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында айтты.
-
Мектеп формасының орнына хиджаб: Министрлік желіде тараған видеоны түсіндірді
Оқу-ағарту министрлігі әлеуметтік желілерде тараған бейнероликке қатысты жағдайды ресми түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жәрдемақы мәселесі халықтың жағдайын ескере отырып шешіледі – депутат
Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Президент Жолдауына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жасанды интеллект әскерде кеңінен енгізбек
Астанада авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың басшылығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерге сәйкес қорғаныс ведомствосының даму басымдықтары айқындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жезқазғанда той кортежінде жол ережесін бұзғандар көліктерінен айырылды
Жезқазғанда полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы жол ережесін өрескел бұзған той кортежін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жұмысшы мамандықтар жылы: ШҚО-да болашақ инженерлер қалай даярланып жатыр
Өскемен жоғары политехникалық колледжі Қазақстанда жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы-2025 шеңберінде баспасөз турын өткізудің басты алаңдарының біріне айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Министрден кеңес: 85 мың теңгеден көп табыс табу үшін не істеу керек?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова аз жалақымен шектелмей, қалай табысты көбейтуге болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қоғамды шулатқан блогер ісі: Министрлік ресми мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желілер мен бірқатар бұқаралық ақпарат құралында аутизм спектрі бар балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа үндейтін мәлімдеме тарап, қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Аутист балаларды өлтіру керек": Блогер неге өрескел пікір жазғанын түсіндірді
Әлеуметтік желіде "аутист балаларды өлтіру керек" деген өрескел пікір айтқан блогер Райхан Жұмамұратова кешірім сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда ақша айырбастау пунктінде бейтаныс адам қала тұрғынының 13 млн теңгесін ұрлап кетті
Алматыда ақша айырбастау пунктінің жанында әлдекім қала тұрғынынан 13 млн теңге көлеміндегі ақшасын ашық түрде тартып алған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Аутист балаларды өлтіруге шақырған блогер қандай жазаға тартылады?
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан әлеуметтік желіде аутист балаларға қатысты өрескел мәлімдеме жасаған блогердің іс-әрекетіне заң аясында баға берілуі тиіс екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат Мәжілісте анасын туған күнімен құттықтады
Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Мәжілістің пленарлы отырысында анасын 70 жас мерейтойымен құттықтап, сәлем жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Кейбір қазақстандықтар зейнетақыларын қайтаруға міндеттеледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елімізде заңсыз зейнетақы алып келген қос азаматтығы бар қазақстандықтар қаражатты бюджетке қайтаруға міндетті болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде 7 әуе кемесі ұшу құқығынан айырылды
25 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның алдын ала қорытындысы көлік вице-министрі Талғат Ластаев өткізген кеңесте айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Қазатомөнеркәсіп" компаниясындағы қаржы ұрлығына нүкте қойылды
ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрылымындағы негізгі кәсіпорын – геологиялық жұмыстар мен технологиялық бұрғылауға жауапты «Волковгеология» АҚ-ның бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Аутист балаларды өлтіру керек": Аймағамбетов өрескел пікір айтқан блогерге қатысты ұстанымын айтты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде "аутист балаларды өлтіру керек" деген өрескел пікір айтқан блогерге қатысты өз ұстанымын білдіріп, бұл жағдайға қоғам мен заңның қатаң реакциясы болуы қажет екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада Қазақстан мен Конго арасындағы тарихи келіссөздер өтті
Ақордада Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасының президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Кімнің жәрдемақысы қысқармайтын болды? – министр жауап берді
Мәжіліс кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова кімнің жәрдемақысы қысқармайтынын түсіндірді деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астана әкімдігі тротуар сапасына қатысты шағымдарға жауап берді
Елорда көшелерін абаттандыру мәселесі тұрғындар арасында әлі де талқыланып келеді.
-
Ардақ Назаров әскерге шақыру жүйесін жетілдіруді ұсынды
Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа жолдаған депутаттық сауалында мерзімді әскери қызметтің маңыздылығын атап өтіп, оны заманауи талаптарға бейімдеу қажеттігін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы жаңа авиациялық алтын көпірге айналуда
2025 жылғы 10-11 қыркүйек күндері Алматы қаласында Third CANSO Euro-Asia ANSP’s CEO Summit – CANSO Еуроазиялық өңірінің аэронавигациялық қызмет көрсету провайдерлері бас директорларының қатысуымен халықаралық өңірлік кеңес өтуде. Оған Еуропа және Азияның аэронавигациялық провайдерлерінің басшылары, сондай-ақ ғаламдық авиациялық институттардың өкілдері қатысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жантүршігерлік апат: Бағанға соғылып, аударылып қалған көліктегі жолаушы қаза тапты
Орал қаласында көлік бағанға соғылып, аударылып қалған. Салдарынан жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан ең төменгі жалақыны белгілеу тәсілдерін халықаралық деңгейде бекітеді
Мәжіліс ең төменгі жалақыны белгілеу жөніндегі №131 конвенцияны ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда қызға тиіскен 14 жастағы оқушы ұсталды
Алматыда 14 жастағы оқушы көшеде қызға әдепсіз әрекет жасап, полицияға ұсталды. Жасөспірім ішкі есепке алынып, ата-анасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жасанды интеллект министрлігін кім басқарады?
Соңғы Жолдауында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект ел үшін басымдыққа айналып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік басқарудың барлық негізгі саласына ЖИ-ді енгізуге жауап беретін жеке министрлік құруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Катарда жұмыс істейтін қазақстандықтардың еңбек құқығы қорғалады
Мәжіліс Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы еңбек миграциясына қатысты келісімді мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жарты жылда Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда 12 млрд доллар болды
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Чернышенкомен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Конго табиғи ресурстар саласында серіктестікті күшейтпек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди келіссөз жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Катарға жасалған соққы: Аймақтағы жаңа қақтығыстың бастауы ма?
Израиль Катар астанасына бірнеше әуе соққысын жасады. Бұл соққылардың басты нысанасы ХАМАС қозғалысының жетекшілері болды. Катар билігі мұны халықаралық құқықты өрескел бұзу деп бағалап, аймақтағы тұрақсыздықты одан әрі ушықтырады деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізге мемлекеттік сапармен Конго президенті келді
Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Конго Демократиялық Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
"Салықтан жалтарады": 329 мың адамның айлығы 85 мың теңгеден аспайды
Қазақстанда қанша азамат ең төменгі жалақыдан аз табыс табатынын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы облысында ыстық суға баратын жолдың құрылысы қашан аяқталады?
Алматы облысының Ұйғыр ауданында Көкпек ауылынан аудан орталығы Шонжыдағы ыстық суға дейінгі 85 шақырымдық автокөлік жолы қайта жаңартылып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Лимузиндегі жанжал: Клиенттің заттарын дәретханаға тастаған жүргізуші жазаланды
Қарағандыда 26 жастағы қала тұрғыны полицияға арыз түсірді. Ол лимузин жүргізушісі көліктің салонында қалдырған жеке заттарын әдейі әжетханаға тастағанын айтқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қошанов: Белсенді азаматтар Парламентке келіп, елдің тағдырына араласа алады
Бүгін Мәжілістің пленарлы отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты пікір білдіріп, оның негізгі бағытын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Биылғы Жолдаудың салмағы да, ауқымы да бөлек болды – Қошанов
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жалпы отырыста Президенттің Жолдауына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Израильдің Дохаға жасаған соққылары: Катарда 1,5 мың қазақстандық бар
Қазіргі уақытта Катарда шамамен 1,5 мың Қазақстан азаматы бар. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Пәкістанда су тасқынынан 122 мың адам эвакуацияланды
Пәкістанның шығысындағы Пенджаб провинциясында толассыз жауған жаңбыр мен соның кесірінен болған су тасқыны салдарынан соңғы тәулікте 122 мыңнан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа iPhone 17-нің бағасы қанша теңге?
Apple компаниясы iPhone 17 телефонының төрт жаңа үлгісін таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Непалдағы төңкеріс, Израильдің Қатарға жасаған соққысы
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
-
"Қашып құтыламын": Жол ережесін өрескел бұзған мотоцикл жүргізушісі қамауға алынды
Астанада жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған мотоцикл жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы әуежайына кіріп-шығу ішінара шектеледі
Алматы халықаралық әуежайы 2025 жылғы 10 қыркүйектен бастап өртке қарсы су құбырын ауыстыруға байланысты “Ақсұңқар” қонақүйі алдындағы әуежай аумағына кіру және шығу уақытша шектеледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
ІІМ "Қаңтар оқиғасы" кезінде ұрланған қаруларды тәркіледі
Ішкі істер министрлігі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан тәркілеу бойынша жұмысты жүйелі негізде жүргізеді. Бұл жұмыс жедел-профилактикалық іс-шаралардың аясында да жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Энергетикадағы киберқауіпсіздік: Қазақстан жаңа орталық құрады
Қазақстанда жылу-электр орталықтарын хакерлік шабуылдардан қорғау үшін Киберқауіпсіздік орталығы құрылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ливерпульдегі әлем чемпионаты: бүгін Қазақстаннан 13 боксшы шаршы алаңға шығады
Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жетінші жарыс күнінде қазақстандық боксшылардан кімдер шаршы алаңға шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Дрондар мен робот-жыландар: Қазақстанда электр және жылу желілерін диагностикалауда ЖИ қолданылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде Энергетика министрлігі электр және жылу желілерінің жай-күйін диагностикалауға арналған заманауи технологияларды енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үндістан Непалмен шекарасындағы қауіпсіздікті күшейтті
Үндістан елдегі жаппай наразылықтар мен толқуларға байланысты Непалмен шекарасын жоғары деңгейге қойды. Бұл туралы Үндістан полициясы хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Денсаулық сақтау: 30-дан астам түрлі ақпараттық жүйе бірыңғай платформаға біріктіріледі
Мемлекет басшысының Қазақстандағы Жолдауын жүзеге асыру аясында елімізде денсаулық сақтау жүйесіндегі 30-дан астам ақпараттық жүйе ңтайландырылып, бірыңғай цифрлық платформаға біріктіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Цифрлық штаб Президент Жолдауын орындау үшін бірқатар шешім қабылдады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Цифрлық штабтың отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттерге назар аударылды.
-
"Жайлы мектептің" жайы: Құлсарыдағы құрылыста мектеп шатыры опырылып түсті
Атырау облысының Құлсары қаласында салынып жатқан мектептің шатыры жартылай опырылып түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 10 қыркүйекте Қазақстанның көптеген қаласында ауа райы қолайлы болады. "Қазгидромет" мәліметінше, Орал мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
IPО: ҚТЖ мен QazaqGaz акцияларын халық қалай иеленеді?
Соңғы жылдары қоғамда ұлттық компаниялардың IPO-сына деген қызығушылық күрт артып отыр. Әсіресе "Қазақстан темір жолы" мен "QazaqGaz" акцияларының қашан және қандай тәртіппен сатылымға шығатыны – көпшілікті толғандыратын басты сұрақтардың бірі. Осыны анықтау үшін BAQ.KZ тілшісі "Самұрық-Қазына" АҚ мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне ресми сауал жолдады.
-
Алғашқы медаль: Наталья Богданова әлем чемпионатында түркиялық боксшыны жеңді
Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Наталья Богданова Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Макрон Францияның жаңа премьер-министрін тағайындады
Франция президенті Эммануэль Макрон елдің жаңа премьер-министрі етіп бұрынғы қорғаныс министрі Себастьян Лекорнюді тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп Израильдің Дохаға жасаған соққысына қатысты пікір білдірді
АҚШ президенті Дональд Трамп Қатар билігін Дохаға мұндай соққы қайталанбайды деп сендірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісу облысында қараусыз қалған үйге жасырынған қылмыстық топ ұсталды
Жетісу облысында ұзақ уақыт бойы ірі қара мал ұрлығымен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Атырау облысында қос өзен мен Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Құрманғазыда су тапшылығы салдарынан төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялау туралы тиісті шешімді аудан әкімдігі қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысында 20 жастағы жігіттің денесі табылды
Алматы облысындағы Бесағаш ауылында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары жас жігіттің денесін тауып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада Сарайшық көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты
Бүгін Астанада Есіл ауданындағы Сарайшық көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенінің 15-қабатында өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх