Все новости за 10 желтоқсан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Жетісу облысында полиция 150 жүк көлігіне боранда жол бастап берді
Жетісу облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты полицейлер 150 жүк көлігін ілесіп жүріп, қауіпсіз орынға жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Синоптиктер ертең Алматы мен 17 облыста дауылды ескерту жариялады
Ертең, 11 желтоқсанда Алматы мен 17 облыста қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
-
Ақмола облысында хирургты балағаттаған науқас қамауға алынды
Ақмола облысында аудандық аурухана дәлізінде дәрігерге балағат сөздер айтқан ер адам сот шешімімен бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ өңірлік соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Жамбыл облысында 450-ге жуық жүк көлігі жолда кептеліп қалды
Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда жүздеген ауыр жүк көлігі тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін Астанадан 20 мың текше метрге жуық қар шығарылды
Астанада қар күреу жұмыстары тәулік бойы жалғасуда. Қалалық коммуналдық қызметтердің мәліметінше, күн сайын елордадан ондаған мың текше метр қар шығарылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
-
"Рельс ауыстырып жатқан": Қарағанды облысында 4 жұмысшыны пойыз қағып кетті
2025 жылғы 10 желтоқсанда сағат 17:15-те Мойынты – Шығанақ учаскесіндегі Шешенқара-Қаражанғыл аралығында жүк пойызының жүрісі кезінде машинист шұғыл тежеу қолданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада 11 желтоқсанда 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды
2025 жылғы 11 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан-Иран кездесуінен не күтуге болады?
Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкианның 10-11 желтоқсанда Астанаға жасайтын ресми сапары қарсаңында қазақ-иран диалогының нақты мазмұнына деген қызығушылық қайта арта түсті. Иран төңірегіндегі күрделі сыртқы саяси жағдайға байланысты Қазақстан прагматикалық жобалар мен халықаралық ахуалға қатысты тәуекелдер арасында теңгерімді сақтай отырып, барынша сақ қимылдауға тырысады. Осы орайда көлік-транзит және экономикалық күн тәртібі екі ел үшін де басты бағыттардың бірі болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Пән мұғалімдеріне арнайы гранттар беріледі
Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен білім беру жүйесі үшін кадрлар даярлау мәселесіне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістанда құқықтық мәдениет мәселелері талқылады
Түркістанда өткен «Ұлы Дала философиясы және құқықтық мәдениет» халықаралық симпозиум 300-ден астам қатысушыны біріктірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тәуелсіздік күні: Нұрлан Қоянбаевтың флешмобы әлеуметтік желіде тарады
Threads тек жазбалар платформасы болудан қалып, ортақ эмоция білдіретін кеңістікке айналды. Мұнда әрбір хабарлама адамдарды біріктіріп, патриот болуға үндей алады. Бірнеше апта бұрын қазақстандық продюсер, тележүргізуші және актер Нұрлан Қоянбаев флешмоб бастады: әр сәрсенбі посттарды Қазақстанға арнау, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Рекорд жаңартты: Disney мен Pixar фильмдері қазақ тілінде дубляждалды
Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жылдық қорытынды құрылтайы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Адам құқықтары: Қазақстан БҰҰ ұсынымдарының 88 пайызын қолдады
Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Астанада өткен халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде 2025 жылдың аяқталып келе жатқан кезеңі Қазақстан үшін халықаралық аренада адам құқықтарын қорғау саласында маңызды жыл болғанын атап өтті.
-
Астана көшелерін енді жасанды интеллектпен тазалайды
Астанада коммуналдық саланы енді жасанды интеллектіге негізделген жүйелер басқарады. «Астана Тазалық» кәсіпорны жұмыс процесіне бір емес, бірнеше цифрландырылған жүйелерді енгізіп, қала тазалығын мақсатты түрде қамтамасыз етіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтөбе-Алматы рейсінде жолаушы көз жұмды
Әлеуметтік желіде Scat авиакомпаниясының Алматыға ұшып бара жатқан ұшағында жолаушының қайтыс болғаны ақпарат тарады.
-
"Табиғи және құрғақ". Депутат сүт өнімдеріне қатысты дабыл қақты
Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден Премьер-министрі Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, сүт өнімдеріндегі ашық емес таңбалар мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Павлодарда оқушылар баланы соққыға жығып, тілін қайшымен кеспек болды
Павлодарда екі оқушы кіші балаға зорлық көрсетіп, тілін қайшымен жаралаған. Бала ауруханада жатыр, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңа жылда баспана бағасы қалай өзгереді?
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевтың айтуынша, 2026 жылдың басында тұрғын үй бағасы күрт 20 пайызға қымбаттайды деген сөз шындыққа жанаспайды.
-
Қазақстан адам құқықтарын қорғаудың орнықты жүйесін қалыптастырып келеді – Еуропа кеңесі
Астанада өткен халықаралық конференцияда Еуропа кеңесінің Адам құқықтары және құқықтың үстемдігі жөніндегі бас директораттың кооперациялық бағдарламалар дивизиясының басшысы Джиованни Баттиста Челиенто сөз алып, адамның қадір-қасиетін қорғау, соның ішінде жабық мекемелерде отырған адамдардың құқықтарын сақтау – демократиялық қоғамдардың басты өлшемдерінің бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда сотталғандарды 45 мыңнан астам камера бақылап отыр
Елімізде ҚАЖ мекемелерінің барлығына 45 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары – "Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің" төрағасы Абай Қайырбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Түрме мектептерінің атауы аттестаттардан алынып тасталады
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Астанада өткен халықаралық конференцияда Қазақстан мектеп және колледж аттестаттарынан қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі оқу орындары туралы мәліметті алып тастауды ұсынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сотталғандарды шартты босату жүйесі өзгеруі мүмкін
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина Астанада өткен халықаралық конференцияда шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны жеңіл түрлерге ауыстыру тетіктеріне жаңа көзқарас қажет екенін айтты, деп хаабрлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ресейдің Каспий мұнай-газ консорциумынан кетуі: Қазақстанға әсері қандай?
Каспий аймағында энергетикалық күш балансы қайта қалыптасып жатыр. Ресейге қарсы санкциялар тереңдеп, Мәскеу халықаралық мұнай-газ консорциумдарынан біртіндеп шегінуі мүмкін деген болжамдар күшейді. Бұл өзгеріс Қазақстан, Әзербайжан және жалпы өңір үшін жаңа мүмкіндіктер мен бірқатар қауіп-қатерді қатар алып келеді. BAQ.KZ тілшісі Ресейдің ықтимал шығуы аймақтық энергетика картасын қалай өзгертетінін зерделеп көрді.
-
2026 жылдан бастап ажырасу, паспорт пен жүргізуші куәлігін жасату қымбаттайды
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар үшін бірқатар ресми құжатты рәсімдеу қымбаттайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Түрме курорт емес, бірақ азаптау орны да болмауы тиіс – сарапшы
Астанада өткен халықаралық конференцияда ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов сөз сөйлеп, адам құқықтарын қорғау кез келген заманауи Конституцияның негізгі қағидаты екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан трансшекаралық су қауіпсіздігін күшейтеді: Президент заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «1992 жылғы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңа жылдан бастап таксистер мен курьерлер үшін не өзгереді
Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған жеңілдетілген салық режимінің маңыздылығын атап өтіп, жаңа тәртіп табыстан небәрі 4 пайыз ғана төлеуді көздейтінін және бұл механизм жүз мыңдаған азаматқа ыңғайлы шарттар жасайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2026 жылғы мерекелер: қазақстандықтар қанша күн демалады?
2026 жылы қазақстандықтар қалай демалатын болды? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мерекелік және ауыстырылған демалыс күндері көрсетілген өндірістік күнтізбені жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Адам құқықтары күні: Қазақстан түрме жүйесін қайта қарайды
10 желтоқсанда әлемде Адам құқықтары күні аталып өтеді. Бұл дата БҰҰ Бас ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдаған күніне орай белгіленген.
-
Тоқаев 11-12 желтоқсанда Ашхабад қаласына барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 желтоқсан күндері Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, сондай-ақ Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көлік жүргізушілеріне құлаққағыс: 2026 жылы айыппұлдар өседі?
Бұрын көлікте белдік тақпау және ұялы телефон пайдаланғаныңыз үшін 5 АЕК немесе 19 660 теңге төлейтін болсаңыз, 2026 жылы ол үшін - 21625 теңге төлейсіз. BAQ.KZ тілшісі басқа да әкімшілік айыппұлдар бағасының өзгерісін зерттеп көрді.
-
Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Хайп қуып, адамдардың арын таптайтын блогерлерді соттау керек – депутат
Мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиев Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдаған депутаттық сауалында мүгедектігі бар адамдарға қатысты мәселені қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат: Ұшақ билеттері бір ай бұрын брондасаң да қымбат
Мәжіліс кулуарында депутат Мұрат Әбенов авиация саласындағы мәселелер мен мемлекеттік бақылау органдарының жұмысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Германиядағы қазақстандық судьяның жұмбақ өлімі: ІІМ күйеуі мен енесін іздеп жатыр
Германияда мәйіті табылған судья Айгүл Сайлыбаеваның жұбайы мен енесіне Қазақстанның Ішкі істер министрлігі іздеу жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
1 қаңтардан бастап өзгереді: Тоқаев маңызды құжатқа қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы цифрландырудың кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық зауыт Каспий құбыр консорциумына жабдықтар шығаратын болды
Үкімет үйінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен «Өскемен арматура зауыты» АҚ («ӨАЗ» АҚ) мен «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ («КҚК-Қ» АҚ) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Миллиондар қайда кетіп жатыр? Депутат шетел гранттарының ашықтығын талап етті
Мәжіліс отырысында депутат Магеррам Магеррамов Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңбыр, қар және боран: Қазақстанда алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 11, 12 және 13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері қар, жаңбыр, боран, көктайғақ және қатты жел күтіледі. Ауа температурасы төмендейді, тұман сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
БҰҰ бастамасы – қазақстандық жастар үшін үлкен мүмкіндік
БҰҰ-ның тегін онлайн-курстары жастардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан педагог еңбегі жоғары бағаланатын әлемдік тізімде екінші орында – министр
ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Академиялық адалдық лигасының «Адал білім – адал ұрпақ» республикалық форумының аясында білім беру жүйесінде академиялық адалдықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелерін талқылауға қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аймағамбетов оқушылар мен мұғалімдерге ұнайтын өзгеріс туралы айтты
Мәжілістің кулуарында депутат Асхат Аймағамбетов педагогтер мен оқушыларға берілетін бірреттік төлемдер мен қосымша мүмкіндіктер туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Qarmet өндірісін жаңғырту: Екі жылда болат шығару 22 пайызға өсті
Мемлекет басшысы «Qarmet» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады, деп хабарлайды BAQ,KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Мектеп пәндерін біріктіру керек пе? – Аймағамбетов пікірін айтты
Мәжілістің пленарлық отырысынан кейін кулуарда депутат Асхат Аймағамбетов мектептерде пәндерді біріктіру мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда 4 миллион бала сапалы түскі ассыз қалу қаупі бар ма?
Мәжілісінің депутаты Екатерина Смолякова Премьер-министрге депутаттық сауал жолдап, мектеп тамағына қойылған жаңа талаптар мен бөлінетін қаржы көлемінің сәйкес келмейтінін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан өз чипін қашан жасайды? Мәжілісте маңызды сауал көтерілді
Мәжіліс депутаты Әбутәліп Мүтәліні Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке ұлттық чип-дизайнды дамытуға қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда әлеуметтік осал отбасылардың үйіне тегін газ жүргізіліп жатыр
Алматыда әлеуметтік осал санаттағы тұрғын үйлерді газдандыру бойынша ауқымды жобаны іске асуда. Бұл бастаманың мақсаты – өз күшімен газға қосыла алмайтын отбасыларға қауіпсіз, экологияға зияны аз және үнемді жылу ұсыну, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Депутат мұғалімдерді аттестациялауға қатысты ұсыныс жасады
Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атына депутаттық сауал жолдап, мектептердегі білім сапасына қатысты өзекті мәселелерді атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Жапониядағы табиғат апаты, Таиланд-Камбоджа қақтығысы, АҚШ-Латын Америка текетіресі
Әлемде соңғы тәулікте Жапонияда күшті жер сілкінісі, Таиланд пен Камбоджа шекарасында қақтығыс, АҚШ пен Украинадағы саяси мәлімдемелер және экологиялық дағдарыс талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда қару иелерін бақылау күшейеді
Мәжіліс жекеменшік күзет ұйымдары мен қару иелеріне қатысты мемлекеттік бақылауды күшейтетін күзет қызметі туралы заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабардайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Orda.kz және ҚазТАГ істері: Балаева министрлік ашық әрі әділ сотты талап ететінін айтты
Қазақстандағы бірқатар ақпарат құралдарына қатысты сот процестері қоғам назарын аударуда. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл жағдайларды, соның ішінде Orda.kz пен ҚазТАГ агенттігіне қатысты істерді ерекше бақылап отырғанын хабарлады. Бұл туралы министр Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2026 жылы зейнетақыны шешіп алу сомасы өзгереді
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін жариялады
-
Қандастардың зейнетақысы қалай есептеледі?
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұргүл Тау Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Виктория Шегайға Моңғолиядан Қазақстанға көшіп келген азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы есептеу тәртібіне қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Коммуналдық энергия өндірушілерге бөлінетін субсидияға салық салу тоқтатылмақ
Мәжілістің пленарлы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин коммуналдық энергетика саласындағы фискалдық және экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақмыс компаниясы акционер ауысатынын ресми түрде хабарлады
«Қазақмыс» корпорациясы жаңа акционерге «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ға бақылау жүргізу құқығын өткізуді көздейтін келісімнің негіздемелік шартына қол қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақша талап етіп, 19 жастағы хоккейшіні өлтірген спортшы 3 жылға қамалды
Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Андрей Лагуновқа қатысты Үржар–Семей аймақаралық сотының бұрынғы үкіміне өзгеріс енгізді. 19 жастағы хоккейшінің өліміне себеп болған спортшыға 3 жыл түрме жазасы кесілді. Жәбірленушілерге 20 млн теңге өтемақы өндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ит-роботтар көшеге шықты: Полиция жаңа бақылау жүйесін таныстырды
Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалауда цифрлық технологиялар негізгі құралға айналып келеді.
-
Кәсіпкер өлімі: Ресейде ұсталған қаскүнем Қазақстанға жеткізілді
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлері павлодарлық кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматын Ресейден экстрадициялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жұмыссыздарға арналған ваучердің шарттары мен мүмкіндіктері қандай?
Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасы Career Enbek кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен тегін өтуге мүмкіндік беретін бір реттік ваучер алуға жағдай жасайды. Биыл 442 ваучер беріліп, 220 адам біліктілікті тану рәсімін толық тәмамдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Өнеркәсіпте индустриялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылады
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясындағы Үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі – экономиканы әртараптандыру және қайта өңдеуді дамыту. Негізгі мақсат – тек шикізат экспортына бағдарланудан аулақ болып, қосымша құнды, тұрақты жұмыс орындарын, тұрақты экспорттық әлеуетті қамтамасыз ететін жаңа өндірістерді құру, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зеленский Украина президенті қызметінен кете ме?
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптың президент сайлауын өткізу туралы үндеуіне жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ RBC-Ukraine сайтына сілтеме жасап.
-
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ Латын Америкасындағы есірткі желілеріне соққы жасайды
АҚШ Латын Америкасындағы есірткі желілеріне қарсы қысымды күшейтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қашаған мұнайы Қытайға жеткізіле бастады: Жаңа дәліз Қазақстан экономикасын қалай өзгертеді?
Шетелдік БАҚ Қашаған мұнайы алғаш рет Қытайға тікелей жөнелтілетіні туралы ақпарат таратты. Желтоқсан айында 50 мың тонна мұнайды Атасу–Алашанкоу құбыры арқылы экспорттау жоспарланған. Reuters дереккөздерінің мәліметінше, көлемнің 30 мың тоннасын CNPC, 20 мың тоннасын Inpex жеткізбек. Бұл шешім Украина дроны Қара теңіздегі КТК терминалын зақымдағаннан кейін қабылданған.
-
Әлемде алғаш рет балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды
Австралия балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына әлемдегі алғашқы тыйымды енгізді. Бүгін жергілікті уақыт бойынша түн ортасынан бастап елдегі 16 жасқа толмаған балаларға TikTok, Instagram, Facebook және басқа да платформаларға кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ The Guardian басылымына сілтеме жасап.
-
Трамп Зеленскийге бейбіт келіссөздер бойынша ультиматум қойды
АҚШ Украина президенті Владимир Зеленскийге бейбіт келісім бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін бірнеше күн уақыт берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлем бойынша әуе компанияларында 5300-ден астам ұшақ тапшылығы тіркеліп отыр
(IATA) Global Media Day шарасында әуе-ғарыш техникаларын жеткізу тізбегіндегі мәселелерге тоқталып, қолжетімді әуе кемелерінің тапшылығы саланың дамуын тежейтін негізгі факторлардың біріне айналып отырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздар жүреді
Қазақстанда Жаңа жыл мерекесі қарсаңында және мереке күндері қосымша пойыздар іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Оралда жол ережесін 44 рет бұзған жүргізуші ұсталды
Оралда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
10 желтоқсанға арналған валюта бағамы жарияланды
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қытайда 156 млн доллар пара алған компания басшысы өлім жазасына кесілді
Қытайда China Huarong International Holdings инвестициялық компаниясының бұрынғы бас директоры Бай Тяньхуэйге қатысты өлім жазасы орындалды. Ол 156 млн доллардан асатын көлемде пара алғаны үшін жазаланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шекарадағы шиеленіс: Таиланд пен Камбоджада қақтығыс қайта күшейді
Таиланд пен Камбоджа арасындағы даулы шекара аймағында жағдай шиеленісе түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх