Все новости за 6 желтоқсан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ақтөбе облысында жүк көлігі аударылып, трасса уақытша жабылды
Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар KAZ 06 автожолында жүк көлігі аударылып, жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қызылордада пәтер ішінде қалып қойған екі бала құтқарылды
Қызылорда қаласында төтенше жағдай орын алып, ТЖМ құтқарушылары пәтер ішінде құлыпталып қалған балаларды аман-есен шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Көктайғақ, боран: Астанада және 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК ертең, 7 желтоқсанда еліміздің бірқатар аймағында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астық экспортындағы жүктеме артты: Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен шешім әзірлейді
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдерінің қатысуымен Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды ұйымдастыру мәселелеріне арналған жедел кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Екі облыста ауа райына байланысты жол жабылады
Қазақстанның екі облысында қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар республикалық автожолдарда 6 желтоқсан күні сағат 22.00-ден бастап жүк және қоғамдық көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Таеквондо: Батырхан Төлеуғали U21 санатында әлем чемпионы атанды
Таеквондодан Найробиде (Кения) өткен U21 санатындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 қола жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
МӘМС: Жеке клиникада тегін қызмет алу тәртібі өзгере ме?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жеке клиникаларда да МӘМС аясында медициналық көмек алу мүмкіндігі бар. Қордың хабарлауынша, бұл мүмкіндік сақтандыру жүйесін енгізу кезеңінен бері жұмыс істейді және бүгін де қолданылып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Көкшетауда "таза көмір" технологиясымен заманауи ЖЭО бой көтереді
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Ақмола облысы мен қала басшылығымен бірге Көкшетауда салынып жатқан жаңа жылу электр орталығының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҰҰ: Газадағы халық әлі де өмір үшін күресіп жатыр
Газа секторындағы тұрғындар атысты тоқтату режиміне қарамастан, әлі де тіршілік пен белгісіздік арасындағы ауыр күйде өмір сүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркияда жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты
Түркияның оңтүстігіндегі Османия провинциясында автобус жүк көлігімен соқтығысып, алты жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ-та туған балаларға азаматтық беру құқығы қайта қаралады
АҚШ Жоғарғы соты туған жері бойынша азаматтық алуды шектеуді көздейтін Дональд Трамптың жарлығының заңдылығына қатысты шешім қабылдайды, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.
-
Алматыда кәмелетке толмаған сотталғандарға арналған заманауи мекеме ашылды
Алматы қаласында кәмелетке толмаған сотталғандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің жаңа мекемесі ресми түрде жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында тағы да қақтығыс болды
Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында тағы да қақтығыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Өрт сөндіруші, дәрігер мен полиция: Қазақстанда алғашқы әмбебап кешен ашылды
Шымкент қаласының Елтай шағын ауданында өртке қарсы қызмет, жедел медициналық жәрдем және полиция бөлімшелерін бір аумақта біріктірген Қазақстандағы алғашқы әмбебап жедел қызметтер кешенінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістанда әдеп нормаларын бұзған шенеунік қызметінен босатылуы мүмкін
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысында мемлекеттік қызметкер қатысқан резонансты оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сауда министрлігі Ақтөбедегі тұз бағасына қатысты мәлімдеме жасады
ҚР Сауда және интеграция министрлігі Ақтөбедегі тұз бағасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Париж-Астана әуе рейсі қайта іске қосылады
Париж қаласында Қазақстан–Франция іскерлік кеңесінің отырысы және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі 16-шы Үкіметаралық комиссияның мәжілісі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үкімет мүшелері Қазақстандағы машина жасау саласының болашағын талқылады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Қазақстан машина жасаушылар одағының Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысында шекарашы мен баласы қаза тапты
Алматы облысында "Нарынқол" шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шықты. Өртті ТЖД күштері жедел сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Киев пен Вашингтонның жаңа келіссөзі: Ресейге қандай талап қойылады
Украина тарапына Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің (ҰҚҚК) хатшысы Рустем Умеров пен Украина Қарулы күштері бас штабының бастығы, генерал Андрей Гнатов жетекшілік еткен делегация соңғы екі аптада алтыншы рет АҚШ өкілдері Стивен Уиткофф және Джаред Кушнермен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда талаптарды сақтамаған кәуапханаларға айыппұл салынды
Алматы қаласы Медеу ауданындағы кәуапханаларды санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан БҰҰ-да Халықаралық еріктілер жылының тұсаукесер рәсіміне қатысты
БҰҰ штаб-пәтерінде 2026 жылғы Орнықты даму жолындағы Халықаралық еріктілер жылының (Халықаралық еріктілер жылы) ресми басталуына арналған жоғары деңгейдегі рәсім өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
CITES Қазақстаннан киіктің мүйізіне нөлдік экспорттық квотаны алып тастайды
Самарқандта өткен CITES Конвенциясы тараптарының 20-шы конференциясында тек түрдің қазақстандық популяциясынан шығатын киік мүйізіне нөлдік экспорттық квотаны алып тастау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Камчаткада жер сілкінді
Сейсмологтар Камчатка аумағында магнитудасы 5 жер сілкінісін байқалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Теңге қарқыны баяулады: Қазақстандағы доллар бағамынан не күтуге болады
Соңғы айларда Қазақстанда доллардың бағамы айтарлықтай төмендеді. Алайда экономистердің бағалауынша, теңгенің күрт нығаю кезеңі аяқталуға жақын. Экономист BAQ.KZ тілшісіне ұлттық валютаның күшеюіне әсер еткен негізгі факторларды, оның реттеуші жүргізіп отырған саясатпен байланысын және алдағы апталарда валюта нарығында қандай өзгерістер күтілетінін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
-
Қостанай облысында сүт өндірісі 10%-ға артты
Қостанай облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Ибрагим Бекмұхамедов өңірде сүт өнімінің 10%-ға артқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада жаңа қоғамдық көлік бағдары іске қосылады
Астанада №75 жаңа автобус бағыты іске қосылады. Ол 6 желқсаннан бастап қатынай бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шри-Ланкадағы қолайсыз ауа райынан 607 адам қаза тапты
"Дитва" циклонына байланысты жағымсыз ауа райынан Шри-Ланкада қаза тапқандар саны 607 адамға дейін өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.
-
Мемлекет басшысы Финляндия Президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Александр Стуббқа Финляндияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Петропавлда екі жұмысшы биіктен құлап, біреуі көз жұмды
Петропавлда инженерлік жұмыстар кезінде көтергіш люлька үзіліп, соның салдарынан екі жұмысшы шамамен жеті метр биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордада монша кешені өртенді
Бүгін түнде елордада Манас көшесінде монша кешендерінің бірінің аумағында жеке тұрған монша өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
Елімізден қой мен сиыр етінің экспорты артты
Биыл жыл басынан бері елде ет өндіру көлемі 2,8 пайызға өсіп, 914 мың тоннаға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Америка Құрама Штаттары жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жариялады
АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жариялады, онда Еуропа құлдырау үстіндегі құрлық ретінде сипатталады және еуропалық елдердің миграция салдарынан "өркениет бетінен жойылып кету қаупі" бар екендігі туралы ескертіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
-
Көпірге ілініп қалған жүк көлігінің жүргізушісі құтқарылды
АҚШ-тың Батыс Вирджиния штатында көктайғақ салдарынан көпірге ілініп қалған жүк көлігінің жүргізушісі құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Германияда мектеп оқушылары әскери реформаларға наразылық білдіруде
Германия парламенті елдегі мектеп оқушыларының наразылық акциялары аясында елдің қарулы күштерін нығайтуға бағытталған жаңа әскери қызмет моделін мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астана маңындағы ауылда автобус экскаваторға соғылып, бірнеше адам жарақат алды
Бүгін Қарақаралы тас жолында, Қабанбай батыр және Қызылжар ауылдарының арасында, жолаушылар автобусы мен экскаватор соқтығсып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Перуде караоке-бар өртеніп, 10 адам қаза тапты
Перудің оңтүстік-шығысындағы барда өрт шығып, 10 адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Есірткі саудасы: Қазақстанда 3 мыңнан астам қылмыс анықталды
Қазақстанда есірткі айналымына қатысты 3 мыңнан астам қылмыс анықталды. Күдіктілер зиянды заттарды сату, сақтау және интернетте жарнамалау кезінде ұсталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тараз бен Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезді
Қазақтан сейсмологтары жер сілкінісін тіркеді; Тараз бен Шымкентте шамамен 2 баллдық дүмпу сезілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ФИФА-ның жаңа бейбітшілік сыйлығы АҚШ президенті Дональд Трампқа табысталды
Бейбітшілік сыйлығы АҚШ президенті Дональд Трампқа 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі кезінде табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
6 желтоқсанға арналған валюта бағамы жарияланды
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ЖИ және жұмыс: Жасанды интеллектінің дамуы әйелдер мен жастар арасында жұмыссыздықты арттыруы мүмкін – БҰҰ
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы әлемде жасанды интеллектінің дамуына байланысты жұмыссыздық көрсеткіші артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Міндетті талап: Грузияға баратын шетелдіктер нені білуі тиіс
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Грузияға баратын шетелдіктер үшін міндетті медициналық сақтандырудың жаңа режимі күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ РБК агенттігіне сілтеме жасап.
Наверх