Все новости за 27 қараша 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Туған жерге туын тіккен еңбек адамы
BAQ.KZ тілшісі туған жерге туын тігіп, тірлігін тіктеген қарапайым еңбек адамымен жүздесті. Кәсіптің көзін тауып, жетістікке жете бастағаннан-ақ ауылын көркейтуді мақсат тұтқан азаматтың өмір салты көз қуантарлық, кісі қызығарлық.
-
Қырғыз делегациясы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін аралады
Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Эдил Байсалов пен ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенкулов бастаған Қырғыз Республикасының делегациясы Сәтбаев университетіне келіп, қазақстандық жоғары оқу орындары базасында ашылған шетелдік филиалдардың жұмысы, инфрақұрылымы, ғылымы және Қазақстанның алғашқы техникалық университетінің ғылыми жобаларымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алаяқтық ісі: "Қазақтың Робин Гуды" 6 жылға сотталуы мүмкін
Алматыдағы Алмалы аудандық сотында "қазақтың Робин Гуды" деген лақап атпен танымал блогер Ілияс Сариевке қатысты істің жарыссөзі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Полиция Ақмола облысында жасырын алтын өндіретін цехты әшкереледі
Ақмола облысының Степногорск қаласында алтын мен бағалы металдарды заңсыз өндірді деген күдікпен екі жасырын цех анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Белгілі спорт журналисі дүниеден озды
Отандық журналистика өкілі және спорт жаңалықтарының тележүргізушісі Диля Ибрагимова өмірден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Гонконгтегі өрт әлі толық сөнбеді, қаза тапқандар саны 65-ке жетті
Гонконгте қызыл жалын әлі толық сөнген жоқ. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен арпалысып жатқанына бір тәуліктен асты, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
-
"Қазгидромет" 28 қарашада 13 өңірде дауылды ескерту жариялады
28 қарашада 13 облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
-
Астанада "Цифрлық қауіпсіздік сабақтары" форумы өтті
Елордада «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы мен ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» акциясы мен «Jargyn Bolashaq» жобасы аясында «Цифрлық қауіпсіздік сабақтары» атты ауқымды форум өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылордада оқушылар арасында алғаш рет кәсіби шеберлік конкурсы өтті
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қызылорда облысында республкиалық «JuniorSkills-2025» жасөспірімдерге арналған кәсіби шеберлік сайысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Бәйтерек" инвестхолдинг функциясына қалай ауысады?
Экономист Айбар Олжай Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің инфляцияны түсіру, экономиканы сапалы өсіру бойынша бірлескен жоспары аясында “Бәйтерек” холдингінің жұмысы қалай өзгеретінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қорғаныс саласында омбудсмен институтын құру ұсынылды
Астанада әскери қызметшілердің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету, армияның әлеуетін нығайту және әскери қызметтің беделін көтеру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Айбар Олжай: Енді инфляцияны түсіру мен экономиканы өсіру – үш органға ортақ жұмыс
BAQ.KZ ақпарат агенттігінің “15 минуттық экономика” жобасының жаңа саны көрерменге жол тартты. Бұл жолы экономист Айбар Олжай Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі инфляцияны түсіру, экономиканы сапалы өсіру мен халықтың жағдайын жақсарту үшін қандай жұмыстар атқаратынын жеке-жеке түсіндірді.
-
Головкиннің World Boxing ұйымын басқаруы Қазақстанға не береді?
Геннадий Головкин халықаралық World Boxing федерациясының президенті болып сайланды және әлемдік спорт ұйымын басқарған алғашқы қазақстандық атанды. Танымал боксшыға бұл жаңа лауазым не үшін қажет, ол қандай мәселелерді қадағалайды және жалпы World Boxing деген қандай ұйым? Толығырақ BAQ.KZ материалында.
-
Мәжіліс спикері Аустрия Парламентінің төменгі палатасы төрағасының орынбасарын қабылдады
Астанаға жұмыс сапарымен келген Аустрия Республикасы Федералды Жиналысының Ұлттық кеңесі төрағасының орынбасары Петер Хаубнер Мәжіліскекелді. Палата спикері Ерлан Қошановпен кездесуде тараптар парламентаралық байланысты нығайту жолдарын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үкіметте 2,7 трлн теңгені қамтитын жобалар талқыланды
Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен (МҚҰ) ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Уколдан" кейінгі өлім: Таразда екі адамға сот үкімі шықты
Таразда «Цефтриаксон» препаратын еккеннен кейін абайсызда адамның өліміне әкеп соққан жағдайға қатысты медбикеге сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әскери қызметші ант қабылдау кезінде екі көзінен айырыла жаздады
Қорғаныс министрінің орынбасары Серік Боранбаев әскери ант қабылдау кезінде жарақат алған қызметкерге қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады
Желіде Алматыда автобус жүргізушісіне жасалған шабуылдың видеосы тарады. Оқиғаға қала полициясы түсінік берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Дәрігерлердің ауыр халдегі науқастардың құқықтарын бұзу фактілері анықталды
Павлодар прокуратурасы онкологиялық науқастардың құқықтарының бұзылуын тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Интеллектуалды әдебиет деген не?
Шығармадағы жалаң баяндау емес экзистенциялық сұрақтарға жауап іздеу – бұл интеллектуалды әдебиет. «Әдебиет порталының» «Ұлт оқитын 100 кітап» YouTube жобасының кезекті шығарылымына қонақ болған белгілі әдебиеттанушы Баян Керімбекова осындай анықтама берді.
-
Туған жеріне оралған кардиохирург: Қазақстанда 20 баланың жүрегіне жаңа өмір сыйлады
Әлемдегі балалар кардиохирургтарының үздік бестігіне кіретін, Мельбурн университетінің профессоры, phD Игорь Константинов тарихи Отаны – Қазақстанға келіп, жергілікті дәрігерлермен бірге бір ай ішінде 20-дан астам балаға күрделі жүрек операциясын жасады. Бұл туралы белгілі кәсіпкер Айдын Рақымбаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елдегі 41 әскери кафедрадағы дайындықтан 12 мың студент өтеді
Қазақстандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында бүгінде 41 әскери кафедра жұмыс істейді. Бұл туралы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Серік Борамбаев Мәжілісте өткен отырыста мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
“Ортақ тіл таптық”: Даулы “Алтын Орда” базарының қазіргі жай-күйі қандай?
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев “Алтын Орда” базарындағы қазіргі жағдайға тоқталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Тағы бір сала оқытушылары 140 мың теңге ғана табады: Министрлік мәселені шешуді ұсынды
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова Мәжілісте өткен отырыста әскери кафедралардағы мемлекеттік білім беру тапсырысының құны төмен болып отырғанын айтып, мәселені шешу жолдарын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Университеттердегі әскери кафедралар факультетке айналуы мүмкін
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова еліміздегі жоғары оқу орындарының әскери даярлық жүйесінде бірқатар өзгеріс енгізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"4" алып жүрген жалғыз сен бе?": Әкесі мен қызының әңгімесі жүректі елжіретті
Әлеуметтік желіде әкесі мен мектептен келген қызының сөйлескен сәтінің видеосы тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда әскерден келген 700 азамат ҰБТ тапсырмай грантқа түсті
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова Мәжілісте өткен жиында мерзімді әскери қызметін өтеген азаматтарға арналған жеңілдіктер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдеріне қойылатын талаптар күшейтілмек
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова Мәжілісте өткен отырыста “Алғашқы әскери дайындық” пәні мұғалімдерін даярлау және олардың жұмысын реттеу бойынша жаңа талаптар енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматылық жастар орталығы Қырғызстан өкілдерінің қызығушылығын тудырды
Бүгін, 27 қарашада, Алматыда Қырғыз Республикасының делегациясы, Әуезов ауданының комьюнити-орталығын аралады. Қонақтарды Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Искаков қарсы алды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда 250 мыңнан астам оқушы қашықтан оқып жатыр
Қазақстанның 13 өңірінде 11,8 мыңнан астам сынып қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сенат маңызды заңдар топтамасын соңғы талқылауға әзірлеп жатыр
Биыл Сенат бірқатар аса маңызды заңнамалық бастамаларды қарауды аяқтау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Пойыз бір топ жұмысшыны қағып кетіп, 11 адам қаза тапты
Теміржол бойындағы жабдықты сынақтан өткізіп жатқан кезде қайғылы жағдай болды. Пойыз 11 адамды қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.
-
Алматы әуежайына ірі көлемде есірткі алып келген шетел азаматы сотталды
Алматы халықаралық әуежайында ірі көлемде есірткі контрабандасының жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бірнеше өңірде ауа райы күрт бұзылады
«ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі қарашаның 27-сі күні республикалық маңызы бар жолдарда ауа райының күрт нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанның бірыңғай QR-коды шетелде де қолжетімді болады
Еліміздің бірыңғай банкаралық QR-кодын енді шетелде де қолдану мүмкіндігі пайда болады. Бұл туралы «National Payment Corporation» АҚ төлем жүйелерін дамыту департаментінің директоры Райымбек Шаймерденов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметіне Таалатбек Масадықов тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ .
-
Қазақстан мен Қырғызстан бірлескен мәдени жобаларды іске қоспақ
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Алматыда Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұловпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үйлену тойындағы дау: Келін сәлем салудан бас тартты
Келіннің сәлем салудан бас тартуы сотпен аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2026 жылы айыппұл өседі: Кім қанша төлейді?
Елімізде 2026 жылы 1 қаңтардан бастап 1 АЕК 4 325 теңге болады. Яғни бұл АЕК-пен есептелетін кез келген төлем, оның ішінде айыппұл, әлеуметтік төлемдер және т.б. көлемі де артады дегенді білдіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы облысы өңдеу өнеркәсібінің орталығына айналып келеді
Өңірде өнеркәсіп өндірісі 2,1 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Парламент реформасы: Неліктен талқылауға 2 жыл уақыт керек?
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Парламент реформасына және елдің бір палаталы құрылымға көшу ықтималдығына байланысты алдағы конституциялық өзгерістерді түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Жетісайдағы өрт: Зардап шеккен баланың жағдайы өте ауыр
Түркістан облысындағы өрттен аман қалған баланың жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Сенат кулуарында мәлімдеді.Айта кетейік, 18 қараша күні өңірдегі Алғабас ауылында болған өрт салдарынан 12 адам қаза тауып, үшеуі жара
-
Алматы облысының экономикасы 10-нан 5-орынға көтерілді
Алматы облысының экономикалық өсімі күшейіп, өңір республика бойынша 10-орыннан 5-орынға көтерілді. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бұрынғы әкім 500 мың теңге үшін 3 жарым жылға сотталды
Абай облысында ауылдық округтің бұрынғы әкімі бюджет қаражатын жымқыру фактісі үшін 3 жарым жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қазақстанда жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысы өседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ДСМ Астанадағы фельдшердің өліміне қатысты пікір білдірді
Астана қаласында болған жедел жәрдем фельдшерінің қазасына қатысты Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ластаған адам өзі өтейді: Сенат су сапасына қатысты хаттаманы қабылдады
Сенат трансшекаралық өзен-көлдерді қорғау және тиімді пайдалану жөніндегі 1992 жылғы Конвенцияға кіретін Су және денсаулық мәселелеріне арналған хаттаманы ратификациялауды мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Баспана, мектеп және аурухана: Депутат өзекті мәселе көтерді
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың атына шекара маңындағы ауылдардың әлеуметтік жағдайына қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда қайырымдылық қорының басшысы жасөспірімге базарда ақша жинатқан
Қайырымдылық қорының басшысы 15 жастағы жасөспірімді базар аумағында тұрғындардан қаражат жинауға заңсыз тартқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекет басшысын «Ынтымак Ордо» резиденциясында Садыр Жапаров күтіп алды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісу облысында үздік әкелер марапатталды
Жетісу облысында «Ер болмысы-ел болашағы» тақырыбында әкелер форумы өткізіліп, үздік әкелер марапатталды. Шараға 8 аудан мен 2 қаладан 100-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Министр ұшақта жолаушыны құтқарып қалды
Астана–Алматы бағытындағы КС 622 таңғы рейсі бір жолаушы үшін қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады. Жолаушыға сол ұшақта отырған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова көмектескен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Ақ үй жанындағы атыс, Гонконгтағы өрт, Батыс Африкадағы төңкеріс
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.
-
Жүктілікке байланысты төлемдерге өтініш беру енді банк қосымшалары арқылы рәсімделеді
Елімізде әйелдерге жүктілік пен босануға байланысты кірісінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем алуға өтініш беру бұрынғыдай қағазбастылықты талап етпейді. Үкімет бұл процесті екінші деңгейлі банктердің цифрлық сервистері арқылы жүзеге асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Жалақысы 200 мың теңге ғана": Депутаттар педагогтердің еңбекақысын қайта қарауды ұсынды
Қазақстан Халық партиясы фракциясының мүшесі Ислам Сұңқар Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаевтың атына техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) саласындағы кадр тапшылығына қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жібек жолы: Қазақстан мен Өзбекстан жаңа авиамаршруттар ашты
Қазақстан мен Өзбекстан жаңа авиамаршруттар мен Жібек жолы бойынша бірлескен турлар ашады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
545 мың теңгеге дейінгі арнайы жәрдемақыны кімдер рәсімдей алады?
Қазақстанда шамамен 208 мың адам арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады. Бұл ел алдында айрықша еңбегі сіңген немесе төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға көрсетілетін қолдау. Ай сайын мұндай төлемдерге республикалық бюджеттен 22,3 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сурдлимпиада - 2025: ел қоржынына 25 медаль түсті
Жапония астанасы Токиода XXV жазғы Сурдлимпия ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үш жылдық бюджетке енгізілген өзгерістер өңірлерге қалай әсер етеді? – Экономист пікірі
Өткен аптада Сенат 2026–2028 жылдарға арналған трансферттер көлемі туралы заңды Мәжіліске қайтарды. Жоғарғы палатаның бұл шешімі құжатта нақтылануды және қаражатты қайта бөлуді қажет ететін даулы тұстар бар екенін көрсетті. Бюджеттің парламентке кері қайтарылуы - сирек болатын жағдай, ол үш жылдық жоспардың басымдықтары әлі толық келісілмегенін білдіреді. Қандай бағыттарға басымдық берілді, қай салалар қаржыландырусыз қалуы мүмкін деген секілді сұрақтарды экономист Бауыржан Ысқақовқа қойдық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі
-
Жамбыл облысында натрий цианидін өндіретін жаңа химия зауытының құрылысы басталды
Жамбыл облысында жылына 25 мың тонна натрий цианидін шығаратын жаңа химия зауытының құрылысы басталды. Жоба 2027 жылдың наурызында толық іске қосылады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Экономика министрлігіне сілтеме жасап.
-
Атырау облысында белгісіз індеттен мал қырылып жатыр
Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Қарабау ауылында белгісіз індеттен мал қырылып жатыр. Тамыз айынан бері 21 ірі қара өлген. Ауыл тұрғындары жағдайға тиісті органдардың салғырт қарағанын айтып, наразылық білдіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
-
Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК бүгін, 27 қарашада бірқатар қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасатынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп Си Цзиньпинмен сөйлескеннен кейін Токионы ұстамдылыққа шақырды
АҚШ президенті Дональд Трамп Жапония премьер-министрі Санаэ Такаитимен телефон арқылы сөйлесу барысында Тайвань мәселесіне қатысты Қытайдың қатаң реакциясын тудыруы мүмкін мәлімдемелерден аулақ болуға кеңес берді. Бұл туралы The Wall Street Journal дереккөздерге сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыға ЛРТ қаншалықты қажет: қаладағы кептелісті шеше ала ма?
Алматыда көліктер саны жыл сайын артып келеді, ал қала құрылысы тығыздалып жатыр. Осының нәтижесінде қаланың көлік мәселесін шешетін негізгі жобалардың бірі – жеңіл рельсті көлік (ЛРТ). Бірақ ол Алматыға шынымен қажет пе және көлік жүктемесін нақты төмендете ала ма? Мамандардан сұрап білдік.
-
Ақ үй маңындағы атыс: екі ұлттық гвардияшы жараланды
АҚШ-та Вашингтон орталығында, Ақ үйдің жанында болған атыс кезінде Ұлттық гвардияның екі қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ABC News-ке сілтеме жасап.
-
Қазақстан СІМ-де "Әл-Джазира" телеарнасының өкілімен кездесу өтті
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Айбек Смадияров «Әл-Джазира» халықаралық телекомпаниясының өкілі Хафез Әл-Ауамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ 2026 жылғы G20 саммитіне Оңтүстік Африка өкілдерін шақырмайды
Вашингтон әкімшілігі 2026 жылы АҚШ-тың Флорида штатында өтетін G20 саммитіне Оңтүстік Африка Республикасының өкілдерін шақыруға ниетті емес, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN-ге сілтеме жасап.
-
Перудің экс-президенті сыбайлас жемқорлық үшін 14 жылға сотталды
Перу соты елдің бұрынғы президенті Мартин Вискарраны сыбайлас жемқорлық үшін 14 жылға бас бостандығынан айырды. Сот оның қызметке кіріскенге дейін бірнеше жыл бұрын пара алғанын дәлелдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
-
Еуропалық ғарыш агенттігі алғаш рет қорғаныс жобаларына қатысады
Еуропалық ғарыш агенттігі (ESA) мүше елдерден алдағы үш жылға 22 миллиард еуро қаржыландыру сұрады. Бұл алдыңғы бюджеттен 36%-ға артық, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
-
Әлеуметтік желіге салынған тыйым: Аустралияда жасөспірімдер Жоғарғы сотқа шағым түсірді
Аустралиядағы балаларға әлеуметтік желіге тыйым салу заңына екі жасөспірім Жоғарғы сотқа шағым түсіріп, оның конституциялық ережеге сай емес екенін айтты. Олардың пайымынша, заң балалардың ақпарат алу және байланыс құқығын шектейді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Гонконгта өрттен қаза тапқандар саны 36 адамға жетті
Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде шыққан үлкен өрттен қаза тапқандар саны 36 адамға жетті. Бұл туралы BAQ.KZ South China Morning Post-қа сілтеме жасап хабарлайды.
-
Прокуратура Трамптың 2020 жылғы сайлауға араласуы бойынша істі тоқтатты
Джорджия штатының прокуроры Пит Скандалакис Дональд Трампқа қатысты 2020 жылғы сайлау нәтижелеріне араласу жөніндегі қылмыстық істі тоқтатты. Бұл – сол сайлауға байланысты президентке тағылған соңғы қылмыстық іс еді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Наверх