Все новости за 21 тамыз 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қарағанды облысында "Кітап оқитын ұлт" жобасы басталды
Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың III отырысында айтылған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда және Қазақстанды әлемдегі ең көп оқитын он елдің қатарына шығаруды мақсат етеді.
-
АҚШ пен Еуропа Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктерін әзірлеуді аяқтады
АҚШ пен бірқатар еуропалық мемлекеттердің әскери ведомстволары Украинаға арналған қауіпсіздік кепілдіктерінің бірнеше нұсқасын әзірлеуді аяқтады.
-
"Мектепке жол" акциясы: елордада 8,5 мыңнан астам балаға көмек көрсетіледі
Биыл акция аясында елорданың 8 500-ден астам оқушысы мектеп сөмкелері мен кеңсе тауарларымен қамтамасыз етіледі.
-
Бішкекте ІІІ қазақ-қырғыз өнерлі жастар форумы өтті
Бүгін, 21 тамызда Бішкек қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында ІІІ қазақ-қырғыз өнерлі жастар форумы ұйымдастырылды.
-
Ақтөбе облысындағы "Келешек мектептері": қолжетімді және қауіпсіз білім
Ақтөбе облысында "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында 22 800 орынға арналған 14 мектептің құрылысы жүргізілуде.
-
Мәжіліс депутаты Қарағанды облысында салынып жатқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына барды
Мәжіліс депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Никита Шаталов Абай қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылыс жұмысы барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үржардағы трагедия: Денсаулық сақтау министрі зардап шеккен балаларға барды
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Абай облысының Үржар ауданында жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен балаларға барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Жүргізуші ауыр халде": Ақтөбеде көлікте отырған жүргізушіге шабуыл жасалды
Ақтөбеде көпқабатты үйдің ауласында қанды оқиға болды. Түнде бетперде киген белгісіз адам автокөліктің әйнегін сындырып, жүргізушіні сыртқа сүйреп шығарып, бейсбол таяғымен ұрып тастаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Энергетика министрі: Президент тапсырмалары отын-энергетика кешенін жаңғыртуға бағытталған
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаһандық жобалармен қатар іргелес салаларды негізгі ресурстармен қамтамасыз ету бойынша ағымдағы міндеттер де шешілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жылыту маусымы жақындап қалды: Үкімет өңірлердегі дайындықты тексеруде
Үкіметтік жұмыс топтары Қостанай және Атырау облыстарындағы жылыту маусымына дайындық барысын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент тапсырмасы: Энергетика саласында ЖИ технологиялары қолданылуда
Жаңғыртудың ең маңызды бағыты – заманауи цифрлық шешімдерді енгізу. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында салада жасанды интеллект технологиялары белсенді түрде қолданылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Жар іздеймін". Психолог интернетте жар іздейтіндерге неге мән беру керегін айтты
Соңғы кездері жастар арасында ерекше “жар іздеу” тренді пайда болды. Психолог Серікгүл Сәли әлеуметтік желіні танысу алаңына айналдыру дұрыс үрдіс деп есептейді. Психолог жастар болашақ жұбымен интернет арқылы сөйлескенде сөз саптауына қарап, ішкі дүниесін көре алатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президенттің тапсырмаларын орындау аясында жаңа кен орындары пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында атап өткендей, газ саласында қуаттылықты кеңейту және газ тасымалдау бағыттарын әртараптандыру қажет. Үкіметтің басты міндеттерінің бірі — халық пен экономиканы газбен қамтамасыз ету, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев пен Жапаров Жоғары мемлекетаралық кеңес отырысына қатысады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Қаздан қашқан бала: Америкалық рэпер 3 жасар қазақ баласының видеосын жариялады
Ақтөбелік балақайдың қаздан қорқып, жүгіріп бара жатқан видеосы әлемге тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Цифрландыру, ЖИ және жауапты бизнес – экономиканы көтеретін жаңа тетіктер
Қазақстан экономикасының болашағы инвестиция тарту саясатының тиімділігіне тікелей байланысты. Соңғы жылдары шетелдік капитал ағымының төмендеуі мен ішкі инвестиция құрылымындағы теңгерімсіздік елге жаңа тәсілдер қажет екенін көрсетті. Осы ретте Қазақстан инвесторлар қауымдастығы экономикалық реформаларды тереңдетіп, бизнестің сенімді серіктесі ретінде жаңа инвестициялық саясат ұсынуда. Бұл туралы "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында Кеңес Төрағасы Болат Ақшолақов айтты.
-
Президент Жолдауын орындау: 9 жылу электр орталығы қызыл аймақтан сарыға көшті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында бірінші кезектегі инфрақұрылымдық мәселелерді шешу қажеттігіне назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда автобуста екі ер адам төбелесті
Алматыда екі ер адам қоғамдық көлікте төбелес шығарды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Тегін дәрі-дәрмекті қалай алуға болады?
Созылмалы және әлеуметтік маңызды ауруларға шалдыққан азаматтар кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) аясында тегін дәрі-дәрмек алуға құқылы. Дегенмен елімізде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін көбі білмейді. Бұл туралы толығырақ Қордың басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Тәжібаева айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент Жолдауы: Елімізде 1,3 ГВт жаңа электр қуат көзі пайдалануға берілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет отын-энергетика кешенін жүйелі түрде жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда жанармай тапшылығы болмайды – Үкімет
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепехи, Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижановтың, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі өкілдерінің қатысуымен отандық ЖЖМ нарығындағы ағымдағы жағдай бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауа райының қолайсыздығынан кофе бағасы қымбаттады
Бразилияда ауа райының суытуы трейдерлер арасында биылғы және келесі жылғы кофе өнімділігіне қатысты алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақмола облысындағы жол апаты: Зардап шеккендер арасында жасөспірім бар
20 тамызда Ақмола облыстық маңызы бар "Азат – Степногорск" автожолының 33-шақырымында жол апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Мәскеуде кездесу мүмкін емес". Зеленский Путинмен кездесуге қолайлы елдерді атады
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен Еуропада бейбіт реттеу мәселесі бойынша кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі DW-ға сілтеме жасап.
-
Қазақстанда алғаш рет радиациялық апат салдарын жоюға арналған жаттығу өтті
27943 әскери бөлімінің «Ахмирово» оқу полигонында алғаш рет радиациялық қауіпті нысандағы апаттың салдарын жоюға бағытталған бірлескен оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Шара республикалық «Қалқан-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда ер адам жұбайын өлтіріп, артынша өзіне қол салды
Алматыда ер адам отбасылық жанжал кезінде жұбайын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Баспана мәселесі: Қазақстанда қосымша қарыз алушы болуға келіскендер нені білуі керек
Қосымша қарыз алушы (созаемщик) несие рәсімдеу кезінде негізгі қарыз алушымен бірдей жауапкершілікке ие.
-
Қазақстанда ұшқыштарды лазермен соқыр еткендерге қатаң жаза енгізілді
Қазақстанда ұшқыштарға лазермен кедергі келтіргендерге 10 жылға дейін жаза қарастырылды.
-
Алматыда бұрын сотталған ер адамдар бір отбасыны тонап кетті
21 тамызға қараған түні алматылық бір отбасы ауыр сәтті бастан өткерді. Олардың пәтеріне екі ер адам кіріп, үй иесін ұрып-соғып, барлық жинақ ақшасы мен алтын әшекейлерін алып кеткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
"Жанында анам болған": Үржарда балаларды қағып кеткен жүргізушінің ұлы кешірім сұрады
Жол-көлік оқиғасы кезінде көліктің ішінде жүргізушінің жары да отырған.
-
Қазақстанда барыс пен арқар мекендейтін жаңа табиғи парк пайда болды
Жамбыл облысында жаңа өңірлік мемлекеттік табиғи парк – «Мерке» құрылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандықтар пәтер жөндету кезінде қалай алданып жатыр?
2025 жылдың алғашқы алты айында Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетіне азаматтардан 37 мыңнан астам өтініш түскен.
-
Риддерде полицей қызметтік көлікпен мотоцикл айдаушыны қағып кетті
Риддер қаласында полицей қызметтік көлікпен мотоцикл айдаушыны қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2084 жылы әлемде өлім-жітім көбейеді: Қазақстанды не күтіп тұр?
Өлім-жітім мәселесі – кез келген қоғам үшін аса күрделі әрі әртүрлі пікір тудыратын тақырып.
-
Бериллийден галлийге дейін: Қазақстан сирек металдар өндірісін күшейтпек
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ-пен сауда соғысы: Қытай мен Үндістан ортақ мүдде іздеуге көшті
Дели мен Бейжің АҚШ тарапынан күшейген сауда қысымының салдарынан өзара ұстанымдарын жақындатуға кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Өзі кетсе де, жүрегі соғып тұр": Донордың ағзасы екі жанға өмір сыйлады
Павлодарлық донор екі пациентке жаңа өмір сыйлады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент Жолдауы: Биыл 127 мектеп қайта жаңғыртылды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің білім беру саласында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың мақсаты – әрбір балаға заманауи әрі қауіпсіз білім алу үшін қолайлы жағдай жасау, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлемде: Израиль резервтегілерді шақырды, Конгода 140 адам қаза тапты, АҚШ ICC-ке санкция салды
BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын назарларыңызға ұсынады.
-
Ақтөбеде әйелін ұрып өлтірген ер адам 8 жылға сотталды
Ақтөбе тұрғыны күйеуі бірнеше рет басынан ұрғанынан кейін жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Петропавлда кішкентай лифтте егде жастағы әйел мен тағы 6 адам қысылып қалған
Петропавл қаласында ТЖМ құтқарушылары лифтте тұрып қалған 7 адамға көмекке келіп, оларды босатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үржардағы жол апаты: Екі баланың жағдайы әлі де ауыр
Абай облысы Үржар ауданында көлік қағып кеткен екі баланың жағдайы әлі де ауыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы орталығында түнгі уақытта шабыс ұйымдастырған салт аттылар жазаланды
Танымал қазақстандық әнші желіде Алматы орталығындағы түнгі салт аттылар шабысы туралы шағымданды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Ата-анасы жаңа туған қызына ChatGPT деген есім қойды
Колумбияның Кордова департаментіндегі Серете қаласында бір отбасы жаңа туған нәрестесіне Чат Йипити Бастидас Герра деп ат қойып, көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Байқоңырдан тышқандар мен шыбындар ғарышқа ұшты
Тышқандар мен шыбындары бар спутник орбитаға шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "РИА Новости"-ге сілтеме жасап.
-
Жолдауды жүзеге асыру: 2025 жылы 300 мыңнан астам адам газға қосылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи энергетикалық жүйе еліміздің тұрақты экономикалық өсімі мен әрбір азаматтың әл-ауқатын жақсартудың берік іргетасқа айналады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"NATO-lite": Мелони Украинаға жедел көмек көрсету жоспарын ұсынады
Италия премьер-министрі Джорджия Мелони Украинаға көмек көрсетудің жаңа механизмін ұсынды, ол Ресей агрессиясы қайталанған жағдайда бір күн ішінде әскери және экономикалық қолдау көрсетуді көздейді. Еуропалық көшбасшылар одақтастарды 24 сағат ішінде жауап беруге міндеттейтін жаңа қауіпсіздік кепілдіктерін енгізу мүмкіндігін қазірдің өзінде талқылап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
-
Өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қалай?
Үкіметтік жұмыс топтары өңірлердің жылыту маусымына дайындығын тексеруде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда квадроцикл импорты күрт өсті
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ұлттық статистика бюросы мен Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанға мотоцикл үлгісіндегі орындығы бар 25,7 мың төрт доңғалақты жол-көлік құралдары әкелінген. Бұл көрсеткіш өткен онжылдықтағы көрсеткіштен асып түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Нетаньяху Газадағы операция уақытын қысқартуға бұйрық берді
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газа секторындағы «радикалдардың соңғы бекіністерін жою» және палестиналық Хамас қозғалысын талқандау мерзімін қысқартуға бұйрық берді, деп хабарлайды BAQ.KZ The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.
-
Алматыда студенттер қайда және қалай тұрып жатыр?
Жақын күндері Алматы тағы да мыңдаған өзге өңірден келген студенттерді қабылдайды. Олардың барлығы бірдей жатақханаға орналаса алмайды. Орын жетіспегендер пәтер мәселесін өздері шешуі тиіс. Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі қаладағы жалға берілетін пәтер бағасын және студенттердің қандай қиындықтарға тап болатынын анықтап көрді.
-
Жалған хабар: "АвтоЖол+"ке алданбаңыздар!
ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі әлеуметтік желідегі "АвтоЖол+" деп аталатын жеңілдетілген автонесиелердің белгілі бір жаңартылған бағдарламасының іске қосылғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ресеймен шекарада жүк көліктері кептеліп қалды
Шекара қызметі БҚО-да Ресеймен шекарада жүк көліктерінің жиналып қалуына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы 30 пайызға арзандайды
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы 30 пайызға арзандайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістан облысында мұнайды шетелге заңсыз өткізгендер сотталды
Түркістан облысының ҚІЖМА соты трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты істі қарап, үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Орман өрті: Испанияда өрт қойды деген күдікпен 37 адам ұсталды
Германиялық құтқарушылар испандық өрт сөндірушілерге көмектесу үшін келді. Испанияда 7 тамыздан бері жалғасып жатқан орман өрті әлі сөнген жоқ. Елдегі өрттен қаза тапқандар саны төрт адамға жетті. Орман өртіне қатысы бар деген күдікпен 37 адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
-
Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Ұлттық банк қазақстандықтарға онлайн-сервистер мен мобильді қосымшаларды қолданғанда жеке деректерін қорғауға шақырды. Банктің мәліметінше, қаскөйлер логин, пароль, банк картасының деректемелерін ұрлау үшін фишинг, қауіпті сілтеме, жалған сайттар мен QR-код сияқты әртүрлі әдістерге барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада өмір сүру ұзақтығы ел бойынша ең жоғары деңгейге жетті
Елордада қазіргі уақытта өмір сүру ұзақтығы ел бойынша жоспарланған деңгейден 3,5 жылға жоғары, ал 2029 жылға белгіленген мақсатты көрсеткіштен 2 жылға асып отыр. Бұл туралы қала Денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Айнұр Төлеуова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жамбыл облысында өңірлік мемлекеттік табиғи парк құрылды
Жамбыл облысында жаңа өңірлік мемлекеттік табиғи парк – "Мерке" паркі құрылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх