Все новости за 19 сәуір 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ақтөбеде су тасқыны кезінде өлген мал үшін өтемақы төлене бастады
Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне су тасқыны салдарынан өлген 165 бас мал үшін 25 миллион теңге аударылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Мәжілісте мемлекеттік деректерге қатысты заң талқыланды
Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата отырысында "Мемлекеттік статистика және деректерді басқару мәселелері" туралы заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Ақмола облысында 3 млн текше метрден астам су сорылды
Қазіргі уақытта облыс бойынша негізгі сыни кезең өткенімен, екі өңірде, Жарқайың және Есіл аудандарында су тасқыны жағдайы тұрақты-шиеленісті режимде сақталып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
-
Ақтөбеде салынатын үйлердің жобалары таныстырылды
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров су тасқыны болған Қобда ауданына барды. Өңір басшысы аудан орталығы – Қобда ауылында табиғи апаттан залал келтірілген жаңа тұрғын үйлердің жобаларымен танысып, құрылыс жүргізілетін аумақты қарап шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бозымбаев су тасқынының салдарын жоюға қатысты тапсырма берді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бейінді министрліктерге екі күн мерзімде су тасқыны салдарынан жоғалған немесе бүлінген бірінші қажеттіліктегі мүлік үшін залалды өтеу алгоритмін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Елімізде футболдан Еуропа чемпионатының монеталары шықты
Қазақстан Ұлттық Банкі 2024 жылғы 23 сәуірде «Спорт» сериясынан UEFA EURO 2024TM коллекциялық монеталарын шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сергеев су торабының төменгі бөлігінің жағалауы нығайтылды
Су тасқыны кезінде «Қазсушар» мекемесінің Солтүстік Қазақстан филиалының мамандары Сергеев су торабының төменгі сол жақ бөлігінің жағалауын нығайту жұмысын жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Балаларды ерте жастан дамыту мен отбасын зерттеу орталығы ашылды
17-18 сәуір аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Балаларды ерте жастан дамыту мен отбасы мәселелері: зерттеу және тәжірибе» тақырыбында халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде 25 жылдың ішінде "В" гепатитімен ауыру төмендеді
Мұндай деректерді Алматыда Еуропалық иммундау апталығы аясында өткен Халықаралық конференция қатысушылары келтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырау қаласының әкімі ТЖ жөніндегі жедел штабтың отырысына қатысты
Атырау қаласының әкімі ТЖ жөніндегі жедел штабтың отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Колледж өңірдегі кадр сұранысына қарай маман даярлауы керек – Дүйсенова
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өңірлердегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бейіндеу бойынша кеңестер өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада қандай көшелер жөнделеді
Астанада ауа райы қолайлы болғандықтан жол жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үш министрлікте жаңа вице-министрлер тағайындалды
Қуандық Қажкенов, Батырбек Әбдішев және Батырбек Әбдішев 19 сәуірде Қазақстанның үш министрлігінде лауазымдарға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Биыл жамбылдықтарды пәтермен қамту көрсеткіші 227,1 пайызға артады
Биылғы жылы Жамбыл облысы бойынша тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін берілетін пәтер санын өткен жылмен салыстырғанда 227,1 пайызға артттыру жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордадағы Ботаникалық бақта «Түлектер аллеясы» ашылды
Елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Құлсары қаласында 15 мың текше метр су сорылды
Зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету мақсатында мемлекеттік материалдық резервтен көшпелі сорғы станциялары броньнан шығарылды, олар секундына 500 текше метр су соруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Баспана табуына тағы 6 ай беріледі. Бағдарламаға кімдер қатыса алады
Көлікжай, қойма мен гараждардың болуы "Отау"бағдарламасына қатысуға кедергі болмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сенат төрағасы Медетқан Шеримкуловпен кездесті
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы төрағасы, Қырғыз Республикасының Батыры, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Медетқан Шеримкуловпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алдағы демалыста күн райы қандай болады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 20-22 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Астана – Минералды сулар тікелей әуе рейсі іске қосылды
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысы аясында Астана – Минералды сулар бағыты бойынша тікелей авиарейсті іске қосу жөнінде уағдаластыққа қол жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Болашақ" стипендиясы. Құжаттарды қабылдау басталады
2024 жылы алғаш рет «Болашақ» халықаралық стипендиясына және «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасына құжаттарды қабылдау үздіксіз жүргізілетін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көлік прокуратурасы 900-ден аса кәсіпкердің құқығын қорғады
Ақмола көлік прокуратурасы жүргізген талдау нәтижелері бойынша кәсіпкерлерге елдің теміржол вокзалдарында үй-жайлар мен коммерциялық алаңдарды жалға беру кезінде баға саясатында бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда жаңа базар ғимараты салынады
Ерболат Досаев «Алматы-1» базарын модернизациялау барысымен танысты. 1938 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан базар саудагерлер мен келушілерге ыңғайлы жағдай жасау үшін модернизацияланады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Баспанасынан айырылған саяжай тұрғындарына да мемлекеттік қолдау көрсетіледі
Үкімет су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды қолдау тетіктерін әзірледі, ол қазірдің өзінде су басқан өңірлерде қолданылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Бариста, мобилограф, сәнгер". Астанада қысқа мерзімде кәсіпті қалай меңгеруге болады
JOLTAP жобасының қысқа мерзімді тегін курстарының арқасында 2 мыңнан астам жұмыссыз астаналық жаңа мамандық игерді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Қазақстан ЕЭО туралы келісімге енгізілген түзетулерді ратификациялады
Президент Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде су деңгейі тағы көтеріле ме? - Сарапшылар жауап берді
Елімізде болып жатқан су тасқыны шарықтау шегіне қашан жетеді? Су қоймаларының жағдайы қалай? Келесі жылы бұл қауіптің алдын қалай аламыз? BAQ.KZ тілшісі сала мамандарынан сұрап білді.
-
Атырау облысында оқушы аудан мектептерін террористік актілермен қорқытқан
Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД АТО бөлімімен бірлесіп, облыс мектептерінің бірінің тоғызыншы сынып оқушысын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Су тасқынына ғылыми көзқарас керек – ғалым
Торайғыров университетінің ғалымдары ел өңірлеріндегі су тасқыныны салдарын жоюға атқарушы билік қана емес, ғалымдар қауымы да атсалысу керек деген пікірде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Барлық өңірдегі су қоймалары лық толы
Еліміздегі су қоймалары толып,өңірдегі жағдайлар туралы министрлік ресми өкілі баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев вейпке тыйым салатын заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендердің жағдайы қалай?
Бұл туралы Республикалық ақпарат штабының брифингінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ШҚО полициясы 94 млн теңгенің ұрлығын ашты
ШҚО полициясы 94 млн теңгенің ұрлығын ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қытай азаматы "Қалжат" бекеті арқылы шетел валютасын алып өтпек болған
2024 жылғы 16 сәуірде «Қалжат» кеден бекетінде ҚХР азаматының 30 мың АҚШ долларын құрайтын шетел валютасын заңсыз алып өту фактісі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жапаров «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық ғарыш орталығында болды
Садыр Жапаров «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық ғарыш орталығында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарин қырғыз жастарының өкілдерімен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың елімізге ресми сапары аясында өтіп жатқан қазақ-қырғыз жастар форумына қатысушылармен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістан облысының прокуратурасы «Инвест-Керуен» акциясын іске қосты
Түркістан облысының прокуратурасы «Инвест-Керуен» акциясын іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мамырда кімге қанша теңгеден төленеді
Жеңістің 79 жылдығына орай елімізде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қанша теңге көлемінде біржолғы төлем берілетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақ пен қырғыз елінің салт-дәстүрінде ұқсастық көп - сарапшы
Сарапшы қырғыз бен қазақ халқының салт-дәстүріндегі ұқсастық туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Су тасқыны. Атырау облысында "Сергек" жұмысы тоқтатылды
ТЖ кезеңінде Жылыой ауданында "Сергек" камераларының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысы ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
-
Су тасқыны. СҚО-ға гуманитарлық көмек паром өткелі арқылы жеткізілді
Әскери инженерлер СҚО паром өткелімен гуманитарлық көмекті жеткізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Полицейлер гуманитарлық көмекті тасымалдауға көмектесіп жатыр
Атырауда полицейлер гуманитарлық көмекті тасымалдауға жұмылдырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Фермерлерді қолдауға арналған бағдарлама іске қосылды
Agromash зауыты қазақстандық фермерлерді қолдауға арналған арнайы бағдарламаның іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Фоторепортаж: Алматыда бүр жарған гүлдер
Көктем келісімен Алматыдағы ағаштары гүлдеп, қызғалдақ пен бөртегүл бүр жарды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Атырау облысының тұрақтандыру қорларында қанша азық-түлік қоры бар
Атырау облысының тұрақтандыру қорларында қанша азық-түлік қоры бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қонаев қаласының әкімі тағайындалды
Алматы облысы әкімінің өкімімен Бердіханов Асхат Ермекұлы Қонаев қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су тасқыны. 8,3 мың адам қосымша рейстермен қамтылды
Атырау халықаралық әуежайы ТЖ жағдайында штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖ жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.
-
Елде IB авторизациясы бар 13 мектеп жұмыс істеп жатыр
Астана мен Алматыда IB кеңсесінің, NNEF қоғамдық қорының және «Мирас» мектептерінің ұйымдастыруымен елімізде алғашқы Халықаралық бакалавриат (IB) күндері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Күн сайын түсіндіру жұмысын жүргіземіз – СҚО бойынша штаб мүшесі
Республикалық ақпарат штабының брифингінде СҚО бойынша қоғамдық штаб мүшесі Айгүл Мұратова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақсақалов екі аудандағы су тасқынының салдарын жою жұмыстарымен танысты
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Амангелді және Жангелдин аудандарындағы су тасқынының салдарын жою жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда жаңбыры аз, ыстық жаз болуы мүмкін - Қазгидромет
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ұзақмерзімді ауа болжамы басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үш айда жеті сәби терезеден құлап кетті
Павлодар қаласында бір жарым жасар ұл бала көпқабатты үй терезесінен құлап, аман қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
Бишімбаев ісі. Белгісіз біреулер судья Айжан Құлбаеваны қорқытқан
Астана қаласының Полиция департаменті судья Айжан Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты «Достық» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа I дәрежелі «Достық» орденін табыс етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы су мәселесі қалай шешілетінін айтты
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанмен бірқатар құжатқа қол қойғаннан кейін БАҚ өкілдеріне берген мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақ-қырғыз шекарасында көлік кептелісі азаяды. 2028 жылға дейін бекеттер жаңғыртылады
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанмен бірқатар құжатқа қол қойғаннан кейін БАҚ өкілдеріне берген мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мен Қырғызстан тауар айналымын 2 млрд долларға жеткізбек
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанмен құжатқа қол қойғаннан кейін БАҚ өкілдеріне берген мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Ортақ байламға келдік". Тоқаев қазақ-қырғыз арасында түйіткілді мәселелер болмайтынын айтты
Қазақстан мен Қырғызстан мемлекеттерінің басшылары тарихи құжаттарға қол қойып, БАҚ өкілдеріне бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Таза Қазақстан. Астанада экологиялық науқаны аясында «Тоқта, вандал!» акциясы өтті
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында Астанада вандализмге қарсы бағытталған «Тоқта, вандал!» акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Тоқаев пен Жапаров Жоғары мемлекетаралық кеңес отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Мүгедектігі мен асыраушысынан айырылғандарға шамамен 172,8 млрд теңге төленді
Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 152,7 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері тарихи құжатқа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ақордада тарихи құжатқа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сенаторлар Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы жұмысына қатысты
Парламенті Сенатының депутаттары Ольга Перепечина мен Жанна Асанова Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының көктемгі сессиясына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Садыр Жапаров: Қазақстан - бауырлас мемлекет әрі негізгі сауда серіктестеріміздің бірі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесті. Келіссөз барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарға да назар аударылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қырғыз президенті: Қазақстанға қолдан келген көмекті беруге дайынбыз
Бұл туралы Ақордада Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев гуманитарлық көмек көрсеткені үшін қырғыз халқына алғыс айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміздің барлық әуежайында жолаушылар биометриясын енгізу жоспарланып отыр
Қазақстанда жүк авиатасымалдары саласындағы бизнес-процестерді оңтайландыру мақсатында E-freight ақпараттық жүйесі сәттіенгізіліп, жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Садыр Жапаров: Қазақстан мен Қырғызстан арасында ешқандай саяси қарама-қайшылық жоқ
Бұл туралы Ақордада Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Терроризм актісі туралы жалған хабар үшін жауапкершілік бар – ІІМ
ІІМ терроризм актісі туралы жалған хабар үшін жауапкершілік барын еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Жаз айларында өрт қаупі жоғары болады – Қазгидромет
Қазақстанда жаз айларында өрт қаупі жоғары болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ұзақмерзімді ауа болжамы басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Екі ел арасында шешімін таппаған мәселе болмауы керек". Тоқаев Жапаровтың пікірімен келісетінін айтты
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесуінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Париж-2024: Күрестен лицензиялық турнирдегі қарсыластарымыз белгілі болды
19-21 күндері Бішкекте күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирі өтіп, Париж олимпиадасының 36 жолдамасы үлестіріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев: Бүгін тарихи келісімге қол қоямыз
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесуінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Германия, Дубай және Ресей. Су тасқыны әлем бойынша болып жатыр
БҰҰ 2030 жылға қарай әлемде жылына 560-қа жуық табиғи апат болады деп болжам жасады. Бұл апаттардың шамамен 75 пайызы климаттың өзгеруіне байланысты болмақ. Осы орайда жыл басынан бері елімізде және дүниежүзі бойынша болған су тасқындары еске келеді. BAQ.KZ тілшісі әлемде болған апаттарға шолу жасап көрді.
-
Ауыл тұрғындары әскерилер мен волонтерларға бауырсақ пісіріп алып келген
Индерде ауыл тұрғындары әскерилер мен волонтерларды ыстық бауырсақпен тамақтандырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШҚО-да аэровизуалдық мониторинг жүргізіліп жатыр
Шығыс Қазақстан облысында аэровизуалдық мониторинг жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Білім басқармасы: Астана мектептері қалыпты режимде оқып жатыр
Әлеуметтік желілерде елорда мектептерінде теракт болатыны жайлы ақпарат тарады. Қаланың Полиция департаменті мен Білім басқармасы хабарламаның жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Досаев 2000 орынды мектеп құрылысының барысымен танысты
Алматы әкімі Ерболат Досаев 2000 орынды мектеп құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су тасқыны. Ақмола облысында залалды өтеуге 35 өтініш келіп түсті
Ақмола облысында су тасқынынан кейін мүлікті бағалау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
1866 жылыойлық отбасы 100 АЕК көлемінде материалдық көмек алды
1866 жылыойлық отбасы 100 АЕК көлемінде материалдық көмек алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бектенов: Шикізатты газ түрінде сатудың орнына біз полиэтилен өндіреміз
Премьер-министр Олжас Бектенов әлемдегі ірі мұнай-химия компанияларының басшылары – Қытай мұнай-химия корпорациясының (SINOPEC) президенті Джао Донгпен және «СИБУР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы Михаил Карисаловпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент Ақордада Садыр Жапаровты қарсы алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Көлік министрлігі елдегі су тасқынына орай көлік саласында қандай шаралар қолға алынғанын айтты
Еліміздің көлік саласының мамандары табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету және су тасқынының салдарларымен күресу мақсатында жедел шараларды қолға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда 19 мың адам вирустық инфекция жұқтырған
Мегаполисте А/H3N2 типті (Гонконг) тұмауымен ауырған 232 адам тіркелді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
«Жас сарбаздар» экологиялық акцияға қатысты
Елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жыл басынан бері 926 млрд теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді
Жыл басынан бастап республикалық бюджеттен 926,5 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 291,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 635,1 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырауда су деңгейі көтеріліп келеді
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақ спортшыларының Олимпиадада киетін киімі таныстырылды
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Туризм және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов Мәжіліс депутаттарына Қазақстан спортшыларының Париж олимпиадасына киіп баратын киім үлгілерін таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су тасқыны басталғалы 118 180 адам эвакуацияланды
Су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында 19 715 адам өз үйлеріне оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Апта соңында елімізде доллар арзандап кетті
Ұлттық банк 19 сәуірге арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бөгеттегі құм толы қапшықтарды ұрлап кеткендер ұсталды
Жағалаудағы бөгеттен құм толы қапшықтарды жымқырғандар ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қонаев қаласынан БҚО-ға арнайы техникалар жеткізілді
Алматы облысынан көмекке 8 техника жетті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
"Астана мектептерінде теракт болады". Полицейлер не дейді?
Бүгін астаналық мектептерде "теракт болады" деген дүрбелең туындатқан хабарлама тарады. Дегенмен қалалық полиция бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада Ұлы Дала даңғылын су басып қалды
Астанада Ұлы Дала даңғылын су басып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы ұсталды
«Алматы Су» бас директорының орынбасары және Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зардап шеккен өңірлерде 2787 отбасы шамамен 2,4 млрд теңге алды
Мемлекет су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су саласы мамандарын даярлау желісін кеңейту жоспарланып отыр
Бүгінгі таңда бұл бағытта еліміздің төрт макроөңірі таңдалды. Онда экономика салалары бойынша, оның ішінде су саласының болашақ мамандарын даярлайтын тірек колледждер құрылатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
-
19 сәуірге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» ел аймақтарында 19 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір лицензия түсті
Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан каноэ мен байдаркада ескек есуден Азия чемпионатында Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұптық сында Олимпиада жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Бүгін 7 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Құлсары қаласында Орталық аудандық аурухана жұмысын жандандырды
Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласы су тасқынынан қатты зардап шекті. Қазіргі кезде қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Солтүстікте жағдай тұрақты. Дегенмен екінші толқын қаупі бар
Су тасқыны басталғаннан бері облыста 3419 үйді су басты, 173 үйден су кетті. Қазіргі уақытта облыс бойынша 3223 үй және 1115 үй маңындағы аула суда тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Өрт сөндірушілер екі дүкендегі өртті сөндірді
Түнде Алматы қаласы мен Түркістан облысындағы екі дүкеннен өрт шықты. Оқыс оқиғаның шығу себебі анықталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Константин Малиновский нысана көздеуден әлем чемпионатының финалына шықты
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында нысана көздеуден лицензиялық Әлем Кубогының шешуші кезеңі өтіп жатыр. Константин Малиновский нысана көздеуден Қазақстан рекордын жаңартып, Әлем кубогының финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Париж Олимпиадасы: барлық спорт түріне жаппай билет сатылымы жарияланды
2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті спорттық іс-шараларға билеттердің жаппай сатылымы басталғанын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Енді күндіз көліктің жарығын жақпаған жүргізушілер жазаланбайды
Енді күндіз көлігінің жарық шамын қоспаған жүргізушілерге айыппұл салынбайды. Бұл талапты сақтау міндетті емес. Дыбыс сигналын пайдалану қағидаларын бұзғандар да жауапқа тартылмайды. Тек ескертумен шектеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Информбюроға сілтеме жасап.
-
Су басқан аймақтарда ТЖМ құтқарушылары сорғы станцияларын қолдануда
ТЖМ құтқарушылары пайдаланып жатқан сорғы станциялары мемлекеттік материалдық резервтегі броньнан шығарылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлемде алғаш рет иттер әуежайы ашылды
АҚШ-та иттерге қызмет көрсететін әуекомпаниясы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Қырғызстан Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевтың төрағалығымен Қазақстан және Қырғызстан Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зардап шеккен өңірлерге 4 529-дан астам тонна гуманитарлық көмек жеткізілді
Қазіргі су тасқыны жағдайы туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Динара Нұрғалиева Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх