Су тасқыны. СҚО-ға гуманитарлық көмек паром өткелі арқылы жеткізілді

19 Сәуір 2024, 16:22
272
Бөлісу:
Су тасқыны. СҚО-ға гуманитарлық көмек паром өткелі арқылы жеткізілді
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Әскери инженерлер СҚО паром өткелімен гуманитарлық көмекті жеткізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қонаев гарнизонындағы Қарулы күштердің инженерлік-саперлік бригаданың әскери қызметшілері су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердің тұрғындарына көмек көрсету жөнінде кешенді міндеттерді орындауға кірісті.

Су тасқыны салдарынан жол қатынасынсыз қалған Қызылжар ауданының Прибрежное ауылына паром өткелімен гуманитарлық көмек жеткізілді.

Су тасқыны. СҚО-ға гуманитарлық көмек паром өткелі арқылы жеткізілді

Қазір елді мекенге төрт түлік малға 25 тоннадан аса жем, төрт тонна гуманитарлық жүк және ТЖМ екі техникасы тасымалданды.

Понтон-көпір жиынтықтарының көмегімен елді мекендерді электрмен және сумен жабдықтауды қалпына келтіруге байланысты мәселелер де шешілетін болады.

Прибрежное ауылына гуманитарлық жүк жеткізілді. Қажет болған жағдайда жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарын эвакуациялаймыз, жануарларды, автомобильдерді тасымалдаймыз. Халықты жарықпен және ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған күш-құралдарымыз «Қызылжар су» сумен жабдықтау компаниясының және «Севказэнерго» АҚ мамандарына да кәдеге жарауда, – деді 58012 әскери бөлімінің командирі подполковник Төлеген Назаров.

Су тасқыны. СҚО-ға гуманитарлық көмек паром өткелі арқылы жеткізілді

Понтон-көпір паркінің элементтерін және суда жүзетін транспортерді инженерлік-саперлік бригаданың 12 әскери қызметшісі басқарады.

Халықты эвакуациялау, гуманитарлық көмекті жеткізу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін арттыру мақсатында Қонаев қаласынан Солтүстік Қазақстан облысына понтон-көпір паркінің қосымша күш-құралдары келе жатыр.

Өзгелердің жаңалығы