"Астана мектептерінде теракт болады". Полицейлер не дейді?

19 Сәуір 2024, 09:42
409
Бөлісу:
"Астана мектептерінде теракт болады". Полицейлер не дейді?
Фото: pixabay.com

Бүгін астаналық мектептерде "теракт болады" деген дүрбелең туындатқан хабарлама тарады. Дегенмен қалалық полиция бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

"Ужас Астана" телеграм арнасында жантүршігерлік хабарлама тарады. Онда 60, 83, 62, 15, 53, 72, 1, 17, 58, 3, 41, 64, 35, 11, 32, 79, 22, 30, 84, 72, 78, 47, 89, 36, 83, 93, 21, 14, 20, 2, 6, 90, 29, 52, 68, 77, 25, 27 мектептерінде теракт болатыны айтылған. Тіпті, теракт ұйымдастырушылардың саны 20 адам екені де жазылған.

"Астана мектептерінде теракт болады". Полицейлер не дейді?

Елордалық ата-аналар балаларына алаңдап, сыныптың чаттарында осы хабарламаны таратып, мұғалімнен ақпаратты нақтылап жатыр.

"Астана мектептерінде теракт болады". Полицейлер не дейді?

Құқық қорғау органдары аталмыш мектептерге тексеріс жүргізілгенін атап өтіп, тұрғындардан тыныштықты сақтауды сұрады.

Полиция департаменті мессенджерлерде, соның ішінде Telegram-да қала мектептерінде терроризм қаупі туралы кең таралған жарияланым шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Білім беру ұйымдары тиісті қызметтермен тексерілді. Тұрғындардан тыныштықты сақтауды және тек ресми ақпаратты ұстануды сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы