Алматыда 19 мың адам вирустық инфекция жұқтырған

19 Сәуір 2024, 10:42
4003
Бөлісу:
Алматыда 19 мың адам вирустық инфекция жұқтырған
Фото: BAQ.KZ - архив

Мегаполисте А/H3N2 типті (Гонконг) тұмауымен ауырған 232 адам тіркелді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді.

Алматы қаласында өткен 15 аптада ЖРВИ-ның 19 240жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 862,94 құрады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 12,8%-ға жоғары. Эпидемиологиялық маусымда А/H3N2 типті тұмаудың 232 расталған жағдайы тіркелді. Барлық пациенттерге емдеу тағайындалды, - дейді Қасымхан Алпысбайұлы.

Өзгелердің жаңалығы