Қазақстан мен Қырғызстан Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті

19 Сәуір 2024, 01:25
316
Бөлісу:
Қазақстан мен Қырғызстан Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті
Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевтың төрағалығымен Қазақстан және Қырғызстан Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара барысында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың 2024 жылғы 18-19 сәуір аралығында Қазақстанға ресми сапары шеңберінде мемлекет басшыларының төрағалығымен өтетін Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесінің 6-шы отырысын өткізуге дайындық мәселелері қаралды.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті аспектілерін талқылады. Достық, бауырластық, құрмет пен тату көршілік негізінде одақтастық қатынастарды одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге өзара бейілділігін растады.

Министрлер сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарын теңестірді», көпжақты құрылымдар шеңберіндегі сындарлы ынтымақтастықты және екі мемлекеттің халықаралық бастамаларын өзара қолдауын атап өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша сыртқы саяси ведомстволар басшылары Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесінің 6-шы отырысы шешімінің жобасына қол қойды.

Өзгелердің жаңалығы