Бөгеттегі құм толы қапшықтарды ұрлап кеткендер ұсталды

19 Сәуір 2024, 09:57
496
Бөлісу:
Бөгеттегі құм толы қапшықтарды ұрлап кеткендер ұсталды
Фото: Арман Мухатов Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Жағалаудағы бөгеттен құм толы қапшықтарды жымқырғандар ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

18 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Атырау қаласындағы Жайық жағалуында тасқын судың алдын алу мақсатында дайындалған бөгеттерден құм толтырылған қапшықтарды ашық түрде жымқырғандар анықталып ұсталды.

42, 32, 37, 38 жастағы ер адамдар мен 34 жастағы әйел адам алдын ала ақылдасып құм толы қапшықтарды өз тұрғын үйлерінің қоршауына көлікке тиеп тасыған. Оларға қатысты ұсақ-түйек жымқыру дерегімен қылмыстық іс қозғалды, - делінген Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы таратқанхабарламада.

Өзгелердің жаңалығы