Су тасқыны басталғалы 118 180 адам эвакуацияланды

19 Сәуір 2024, 10:15
231
Бөлісу:
Су тасқыны басталғалы 118 180 адам эвакуацияланды
Фото: ТЖМ

Су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында 19 715 адам өз үйлеріне оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ТЖМ ресми өкілі Динара Нұрғалиева мәлімдеді.

Су тасқыны басталғалы бері барлығы 118 180 адам, оның ішінде 44 254 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 113 852 ауыл шаруашылық жануары қауіпсіз жерге айдалды. 8821 адам, оның ішінде 3 885 бала эвакуациялау пункттеріне орналастырылды. 4370 тұрғын үй мен 2737 аула аумағынан судың бағыты бұрылды, - деді Динара Нұрғалиева.

Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтиіжесінде 10,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылып, 3,4 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселген.

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 989 жеке тұрғын үй, 1 091 аула аумағы су астында қалуда. ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының психологтары су тасқыны қаупі бар өңірлердің тұрғындарына шұғыл психологиялық және ақпараттық көмек көрсету мақсатында тәулік бойы кезекшілікті атқаруда. Жедел желі телефонына 1971 қоңырау түсті, - деді ресми өкіл.

Өзгелердің жаңалығы