Бозымбаев су тасқынының салдарын жоюға қатысты тапсырма берді

19 Сәуір 2024, 21:35
418
Бөлісу:
Бозымбаев су тасқынының салдарын жоюға қатысты тапсырма берді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бейінді министрліктерге екі күн мерзімде су тасқыны салдарынан жоғалған немесе бүлінген бірінші қажеттіліктегі мүлік үшін залалды өтеу алгоритмін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай мүліктің тізіміне: тамақ сақтауға және дайындауға арналған заттар, тамақ ішуге және ұйықтауға арналған жиһаз заттары, азаматтарды ақпараттандыру құралдарының заттары, сумен жабдықтау және жылыту құралдары кіреді.

Бұл өтемақыны жергілікті атқарушы органдар бюджет және бюджеттен тыс қаражаттан қарастыратын болады.

Бұған дейін Үкімет су тасқынынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттен қандай көмек күте алады деген Жадынама жариялаған болатын.

Бұдан басқа, Қанат Бозымбаевтың тапсырмасы бойынша екі күн ішінде үлкен судан зардап шеккен егістік жер иелері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылық көмек көрсету алгоритмі әзірленетін болады.

Өзгелердің жаңалығы