Все новости за 29 қазан 2023
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Алматыда стенд атудан Азия кубогы өтеді
Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында нысана көздеуден XV Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Руслан Степанов – Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарының қола жүлдегері
Сауд Арабиясының астанасы Ар-Риядта өтіп жатқан Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында кикбоксингтен жарыс аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шығыс Қазақстандағы тасжолда көлік қозғалысы шектелді
Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тарихта тұңғыш рет қазақ спортшысы каратэден әлем чемпионы атанды
Отандық каратэ шебері Мөлдір Жаңбырбай (50 келі) Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 30 қазанда республиканың 13 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шахтадағы апат: 45 кенші табылды, бір кеншіні іздеу жалғасып жатыр
ТЖМ баспасөз қызметі 45 кеншінің денесі табылғанын, енді 1 кеншіні іздеу жалғасып жатқанын хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«АрселорМиттал Теміртау» басшысы күніне 1 млн теңге жалақы алған
Компания өзінің менеджері Палаватху Кришнан Наир Биджуға 2021 жылға 375,9 миллион теңге немесе айына 31,3 миллион теңге немесе күніне 1,01 миллион теңге төлеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ҚР Президентіне бірқатар шет мемлекеттердің басшылары көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған қоңырау шалып, Қарағанды облысындағы көмір шахтасында болған апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық сарбаздар енді жақын аудандарда борышын өтей алады
Енді әскерге шақырылушылар қай жерде қызмет ету керектігін таңдау құқығына ие болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шахтадағы апат: 43 адамның денесі табылды
Соңғы мәліметтер бойынша, 3 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұр. 43 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбеде көктайғақ салдарынан 12 көлік көпір үстінде соғылды
Ақтөбе қаласында көктайғақ кезінде 12 көлік соғылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.
-
Астанада сегіз жолақты жаңа көпір пайдалануға берілді
Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпірдегі қозғалыс бір күн бұрын ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шахтадағы апат: Қарағанды облысының әкімі қаза тапқан кеншілердің үйлеріне барды
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірдегі Костенко атындағы шахтадағы жарылыс кезінде көз жұмған кеншілердің үйіне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Отандық автоөндіріске үлесімді қоссам деймін – солтүстікке қоныс аударған студент
Шымкент қаласынан Қостанайға қоныс аударған 17 жастағы студент Бағдәулет Ермекбайдан оңтүстіктен солтүстікке көшуіне кім себеп болғаны, Қостанайдағы білім беру деңгейі және жергілікті халықпен тіл табысуы туралы сұрадық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда және еліміздің 10 өңірінде мәслихат депутаттарын сайлау басталды
Алматыда және Қазақстанның он өңірінде шығып қалған халық өкілдерінің орнын басатын мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада Ақмола облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр
Астанада осы демалыс күндері Ақмола облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Ескертулерді дұрыс орындаған жоқ. Құспан шахтадағы апатқа қатысты пікір айтты
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы жағдайға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Республикалық жедел штабтың басшысы жарылыс болған шахтаға түсті
Аварияны жою жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы шахтаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ
-
«Шахтер» мен «Астана» ойыны көрерменсіз өтеді
Қазақстан чемпионатының соңғы турында «Шахтер» мен «Астана» арасындағы ойын көрерменсіз өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
-
Шахтадағы апат: 38 адамның денесі табылды
ТЖМ 29 қазан сағат 14:00-дегі жағдай бойынша ақпаратты жарияланды.
-
Халықтың жағдайын жасайтын жаңа инвестор келеді деп үміттенейік – Мұхтар Алтынбаев
«ҚР Қарулы күштері ардагерлері» РҚБ төрағасы, армия генералы, Халық Қаһарманы Мұхтар Алтынбаев Костенко атындағы шахтадағы қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«АрселорМиттал Теміртау» иесінің ауысуы қызметкерлер алдындағы міндеттемелерге әсер етпейді - Басин
«АрселорМиттал Теміртау» меншік иесінің ауысуы қызметкерлер алдындағы міндеттемелерді орындауға ешқандай әсер етпейді. Бұл туралы кәсіпорынның жаңа басшысы Вадим Басин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
«АрселорМиттал Теміртау» акционерлері мен басшылығы қатаң түрде жазасын алуы керек - депутат
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Костенко шахтасындағы болған жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан халқымен біргеміз. Елшіліктер қазақ халқына көңіл айтты
Қазақстандағы елшіліктер Қазақстан халқына көңіл айтып, аза тұту белгісі ретінде Мемлекеттік туларын түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шахтадағы апат: ТЖМ іздеу жұмыстары туралы айтты
Костенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Тоқаевтың әлеуметтік желісінде кеншілерге арналған ролик жарияланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желісінде қаза тапқан кеншілерге арналған ролик жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауруханаға түскен кеншілердің қандай ем алып жатқаны айтылды
Зардап шеккен кеншілер барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Димаш Құдайберген шахтада қаза тапқан батырлардың жақындарына көңіл айтты
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Костенко атындағы шахтадағы қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шахтадағы апат: Ауруханадағы кеншілердің жағдайы қалай
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға 28 адам жеткізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шахтадағы апат. ТЖМ құтқару жұмысында қандай қиындықтар бар екенін айтты
Костенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Шахтадағы апат: Шет мемлекеттердің басшылары көңіл айту жеделхаттарын жолдады
Қазақстан Президентінің атына Қарағанды облысындағы кен орнында болған апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шахтадағы апат: ДДСҰ басшысы қазақстандықтарға көңіл айтты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Қарағанды облысындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шахтадағы апат: 36-шы кеншінің денесі табылды
Сағат 10:00-дегі ақпарат бойынша, Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан 36 кеншінің мерт болғаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Кеншілердің қазасы халқымыздың қабырғасын қайыстырып кетті – Әшімбаев
Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық спортшы грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
Албания астанасы Тиранада грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Сұлтан Әсетұлы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан тарихындағы қаралы күндер
Бүгін елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні. Бұл Қазақстан тарихындағв ең қайғылы күндердің бірі. BAQ.KZ редакциясы ел тарихындағы қаралы күндерге шолу жасады.
-
Шахтадағы апат: 35 адамның денесі табылды
29 қазан, сағат 09:00-дегі мәлімет бойынша Костенко шахтасындағы апаттан 35 адамның денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ пен Түркияда Қазақстан елшілігі туды төмен түсірді
Қазақстанның шетелдегі елшіліктері жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты ғимараттың төбесіндегі мемлекеттік туды төмен түсірді.
-
Оралға әуе рейстері тоқтатылды
Орал қаласында күн райының нашарлауына және көктайғаққа қарсы машинаның бұзылуына байланысты Оралға ұшатын/ұшып шығатын тікелей рейстер тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
29 қазан, жексенбі күні Қазақстанның барлық аумағында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлттық компанияда газ және жанар-жағармай жеткізу бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін арнайы штаб құрылды – ҚТЖ
Мұнай өңдеу зауыттарынан жүк тасымалдау бойынша барлық сұраныс 100% қамтамасыз етіліп жатыр, тиеу станцияларына жақын аумақтардағы цистерналарда үш тәулікке жететін қор бар, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Ұлан ауданының тұрғынынан заңсыз қару тәркіленді – ШҚО
Ұлан ауданының полицейлері профилактикалық шараның барысында қаруды заңсыз сақтап келген тұрғынды анықтаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада пешпен жылитын үйлерге улы газды анықтағыш қондырғылар орнатылды
Астанада пешпен жылытылатын үйлерге улы газды анықтайтын дабыл қондырғылары орнатыла бастады. Қазір 200-ден астам үйде пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні
Бүгін, 29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Маңғыстау тұрғыны ірі көлемдегі бекіре балығымен ұсталды
Маңғыстау тұрғынынан шамамен 50 келі бекіре балығы табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қызылорда облысында күріш орағы аяқталды
Қызылордалық диқандар қамбаға 500 мың тоннадан астам астық құйды. Жалпы 193 мың гектар алқапқа дән сепкен егіншілер орта есеппен әр гектардан 66 центнерден өнім жинап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбе көшелерін су басты
Ақтөбеде кеше алғашқы қар жауып, арты жаңбырға ұласты. Ақтөбеде толассыз жауған қар мен жаңбырдан кейін көлік қозғалысы қиындады, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Наверх