Алматыда және еліміздің 10 өңірінде мәслихат депутаттарын сайлау басталды

29 Қазан 2023, 16:37
499
Бөлісу:
Алматыда және еліміздің 10 өңірінде мәслихат депутаттарын сайлау басталды
Фото: Арман Мухатов

Алматыда және Қазақстанның он өңірінде шығып қалған халық өкілдерінің орнын басатын мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дауыс беру Алматыда, Абай, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында өтеді.

Дауыс берушілер 21 округ бойынша депутаттарды сайлайды. Бұл - екі облыстық, жеті қалалық және 12 аудандық депутаттар.

 

Өзгелердің жаңалығы