Астанада сегіз жолақты жаңа көпір пайдалануға берілді

29 Қазан 2023, 17:36
525
Бөлісу:
Астанада сегіз жолақты жаңа көпір пайдалануға берілді
Фото: gov.kz

Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпірдегі қозғалыс бір күн бұрын ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордадағы көпір сегіз жолақты, яғни төртеуі бір жағында, қалған төртеуі қарсы қозғалысқа арналмақ. Көпір үстінде сынақ 25 қазан күні басталды. Көпірдің жай-күйін бақылап, жағдайды назарда ұстау үшін тиісті көрсеткішті беретін сенсорлар орнатылды. Ондағы абаттандыру жұмысы көктемге дейін жалғасады.

Бұл көпір өзге көшелерге түсетін күшті едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді: сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және басқа да қосымша байланысты қамтамасыз етеді.

Бұдан бұрын жаңа көпір 30 қазан күні ашылатыны хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы