Шығыс Қазақстандағы тасжолда көлік қозғалысы шектелді

29 Қазан 2023, 22:09
432
Бөлісу:
Шығыс Қазақстандағы тасжолда көлік қозғалысы шектелді
Фото: baq.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, өңірде орын алған дауылға байланысты облыстық маңызы бар «Өскемен – Тарғын – Самар» тасжолының учаскесінде көлік қолғалысына шектеу қойылды.

Аталған тасжолдың 63-145 шақырымында жүк көліктерінің, тіркемелері және жартылай тіркемелері бар тракторлардың қозғалысына тыйым салынды. Жүргізушілерден қауіпсіздік шараларын сақтауды, барынша абай болуды сұраймыз, - деп жазылған мәліметте.

Осы ретте, ТЖД қызметкерлері азаматтардан көліктерін қысқы кезеңге дайындауға шақырды. Жолда ауа райының «тұтқыны» болып қалмас үшін дөңгелек резеңкесін қысқыға ауыстырыңыз. Автокөлікте күрек, жылы киім, қосымша жанармай мен телефон қуаттағыш болуы керек. Қиын жағдайға тап болсаңыз бірден «112» нөміріне хабарласыңыз.

Өзгелердің жаңалығы