Қазақстан халқымен біргеміз. Елшіліктер қазақ халқына көңіл айтты

29 Қазан 2023, 13:15
933
Бөлісу:
Қазақстан халқымен біргеміз. Елшіліктер қазақ халқына көңіл айтты
Фото: архив

Қазақстандағы елшіліктер Қазақстан халқына көңіл айтып, аза тұту белгісі ретінде Мемлекеттік туларын түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Костенко атындағы шахтада болған төтенше жағдайға байланысты 29 қазан Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Бірқатар елшілік Костенко көмір шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтып, әлеуметтік желілер арқылы қазақстандықтардың қайғысына ортақ екенін жеткізді.

Бельгия Корольдігінің елшілігі Қарағанды облысындағы Костенко көмір шахтасында болған апатта қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Қазақстан халқымен біргеміз. Елшіліктер қазақ халқына көңіл айтты

Сонымен қатар Қазақстандағы Еуропалық Одақ та Қарағанды ​​облысындағы Костенко көмір шахтасында болған апатта қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Онымен қоса бүгін Қазақстандағы Қытай елшілігінің Мемлекеттік Туы Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар үшін аза тұту белгісі ретінде түсірілді.

Қазақстан халқымен біргеміз. Елшіліктер қазақ халқына көңіл айтты

Литва Республикасының елшілігі де Қазақстан халқының қайғысына ортақтасты.

Қазақстандағы АҚШ елшілігі көңіл айтып, желіде былай деп жазды.

Костенко шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан кеншілер отбасына көңіл айтамыз. Осындай қайғылы сәтте біз Қазақстан халқымен біргеміз, - делінген елшіліктің жазбасында.

Швецияның Қазақстандағы елшілігі де қазақстандықтарға көңіл айтты.

Жапония елшілігі де қазақстандықтарға көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы апатқа байланысты көңіл айту

Қазақстандағы Жапония Елшілігі 28 қазанда Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған апат салдарынан көптеген адамдардың қаза болғанын күйзеле қабылдап, қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтады және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді, - деп жазды Жапония елшілігі.

Қазақстан халқымен біргеміз. Елшіліктер қазақ халқына көңіл айтты

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшiлiгi де әлеуметтік желіде көңіл айтты.

Швейцарияның Қазақстандағы елшілігі Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтып, қазақ халқымен бірге қайғыратындарын жазды.

Сонымен бірге Қазақстандағы Эстонияның елшілігі Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.

Кеншілердің қаза болуына байланысты Иран Ислам Республикасы елшілігінің көңіл айтты.

Иран Ислам Республикасының Елшілігі Қарағанды облысындағы шахтаның опырылуы салдарынан бірқатар қазақстандықтың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халқына және олардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтады және құдіретті Алладан осы қайғылы оқиғада зардап шеккендерге шипа беруін сұрайды, - делінген елшіліктің көңіл айту жеделхатында.

Елшілік Қазақстан халқымен қайғыға ортақтасып, туын жартылай түсірді.

Өзгелердің жаңалығы