Димаш Құдайберген шахтада қаза тапқан батырлардың жақындарына көңіл айтты

29 Қазан 2023, 12:03
1134
Бөлісу:
Димаш Құдайберген шахтада қаза тапқан батырлардың жақындарына көңіл айтты
Фото: BAQ.KZ

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Костенко атындағы шахтадағы қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарағанды облысында болған жағдайға байланысты барша тыңдармандарым мен ұжымның атынан шахтада өрт салдарынан қаза тапқан батырлардың жақындары мен барша қазақ жұртына қайғыра көңіл айтамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Көк туымыз енді төменге түспесін, - деді танымал әнші.

Айта кетейік, Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, лавада газ метан жарылған.

Тоқаев Үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Сондай-ақ Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады.

Костенко шахтасындағы апаттың себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылып, "АрселорМиттал" АҚ мемлекет меншігіне өтетіні белгілі болды.  

Денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлер тобы зардап шеккен кеншілерге медициналық көмек көрсету үшін Қарағандыға жіберілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев та апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орын алған жерге барды.

Бүгін елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы