Ұлан ауданының тұрғынынан заңсыз қару тәркіленді – ШҚО

29 Қазан 2023, 05:40
675
Бөлісу:
Ұлан ауданының тұрғынынан заңсыз қару тәркіленді – ШҚО
Фото: архив

Ұлан ауданының полицейлері профилактикалық шараның барысында қаруды заңсыз сақтап келген тұрғынды анықтаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тәртіп сақшылары 49 жастағы тұрғыннан бірнеше қару тәркіледі. Дәлірек айтқанда, 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық, “ТОЗ-8” маркалы 5,6 мм калибрлі мылтық және 40-тан астам түрлі патрон тәркіленген.

ШҚО ПД дерегіне сүйенсек, ер адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (атыс қаруын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаруды сақтау жағдайы анықталып жатыр, тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақтаған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік және қылмыстық жауаптан босатылатынын ескертеді, – деп жазылған ПД хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы